» » » Шығарма: Соғыс және балалар

Шығарма: Соғыс және балалар

Шығарма: Соғыс және балалар казакша Шығарма: Соғыс және балалар на казахском языке
Қуандықова Аружан
7 сынып, № 273 орта мектеп
Байқоңыр қаласы
Жетекшісі: Бакиева З.

Бала және балалық шақ. Балалық шақ та әртүрлі болады: кейбіреудің балалық шағы бұлтсыз бейбіт аспан астында алаңсыз өтсе, бір ұрпақтың балалық шағы қатал да қиын тағдырлы. Ұлы Отан Соғысы. Қанша тағдырдың тамырына балта шапқан, балалықтың бал күнін «соғыс» деген суық сөздің ызғарымен қарыған 19411945-ші жылдар. Мен осы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміз қатарлы балалар жайында оқып білгенді ұнатамын. Сондықтан да он бес одақтас республика бір үлкен Отан болып есептелген Советтік Отанды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге атсалысқан жас батырлар туралы жазып отырмын.
Соғысқа дейін олар жәй ғана қарапайым балалар болатын. Мектепте оқып, үлкендерге қолғабыс беріп, доп қуып жүрген ойын балалары еді. Оларды тек туыстары мен бірге оқыған достары ғана танитын. Кенет соғыстың сын сағаты жетіп, кешегі балалар өздерінің Отанды қандай үлкен жүрекпен сүйетінін дәлелдеді. Иә, соғыстың ауыртпалығы сол кездері балаларға да түсті. Бірақ ол ауыртпалықты жас балалар көтере білді, шыбықтай жас қабырғалар одан қайыспады да. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ Брест қамалын қорғауда музыка взводының тәрбиеленушісі он төрт жасар Петя Клыпа ержүректілігімен ерекшеленіп, І дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен марапатталды. Көптеген пионерлер партизан отрядтарында барлаушылық қызметін атқарды, кейбіреулері астыртын жұмыстарға қатысып, диверсант та бола білді. Пионер Зина Портнова Витебск облысында «Кек алушылар» отрядында жауға қарсы күресті, осы астыртын ұйымда жүріп ол комсомол қатарына қабылданды. Сатқынның ұстап беруімен қолға түскен Зина жауап алу кезінде үстелден пистолетті алып үлгереді, сөйтіп, тергеуші мен екі қарауылын атып қашуға әрекеттенеді. Ауыр азаптан кейін оны неміс-фашист басқыншылары 1944 жылы атып тастайды. Партизан Леня Голиков неміс машинасына граната лақтырып, күлін көкке ұшырады. Машинадан қашып шыққан екі немістің де көзін жояды, ол немістің бірі Рихард Витц деген генерал болып шығады.
Батыр пионер Валя Котик байланысшы болды. Ол немістердің санын біліп, қанша қару жарағы бар екенін партизандарға дәлме-дәл жеткізіп тұрды. Бір күні ол неміс офицерінің көзін жойды. Жау апанында жанын шүберекке түйіп жүріп, «тыңшы» болған Вася Коробконың да ерлігі ерекше. Жаудың пешін жағып, отынын жарып жүріп, ол партизандарға қажетті мәліметтерді жинады. Партизандарды құртуды ойлаған неміс әскерлерін Вася орманда адастырып, полицайлар құрған торға алдап түсіреді. Полицайларды партизандар днп ойлаған немістер оларды баскөз жоқ жайратып салады, өздері де біраз шығынға ұшырайды. Жас батырын Отан Ленин орденімен және Қызыл жұлдыз орденімен марапаттайды.
Осындай үлестерімен кішкентай батырлар Ұлы Жеңісті жақындатты. Әрине бұл соғыста ерлік көрсеткен жасөспірімдердің тек санаулысы ғана. Мұнымен жас батырлар саны да, олардың ерлігі де шектеліп қалмайды, бұл аз ғана мәлімет. Ұрыс болған жерлерде балалар минаға түсіп қалу қаупіне қарамастан, қар астында қалған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді жинастырып партизандарға беріп тұрды. Көптеген қайсар пионерлер бөлімшесінен алыстап қалған солдаттарға дәрі-дәрмек, байлайтын дәкелерін жеткізіп беріп тұрды. Кішкентай ержүрек батырлар қызыләскерлерге тұтқыннан қашуға да көмектесті. Немістер оккупациялаған аудандарда пионерлер жылы киімдер жинап, партизандарға жеткізуде де асқан ептілік көрсете білді. Қорғаныс шебінде жасаған балалардың еңбектегі ерліктері де орасан болды. Қолдан жарылғыш заттар дайындауда да, қару-жарақ жасау да да балалар еңбегі қажет болды..
Балалардың қолымен мектепте үйірмелерде қас қарайғанша солдаттарға киімдер тігіліп, жылы қолғаптар мен шұлықтар тоқылды. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ жауға тойтарыс беруді үшін күресте оққа ұшқан көптеген балалар мен жасөспірімдердің аты белгісіз боп қалды. Бірақ біз олардың басынан өткен жайларды сезінеміз де, ұмытуға қақымыз жоқ екенін түсінеміз. Жас патриоттардың қысқа да болса өнегелі өмірі де ерлікке толы өмірі бізге үлгі.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 33 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Фотодағы бейтаныс адам
Шығармалар жинағы
Шығарма: Фотодағы бейтаныс адам
Шығарма: Оққа төселген от кеуде!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Оққа төселген от кеуде!
Реферат: Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы
Шығарма: Отаным
Шығармалар жинағы
Шығарма: Отаным
Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі
Шығарма: Қазақстан-Ұлы Отан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақстан-Ұлы Отан
Шығарма: Туған жер
Шығармалар жинағы
Шығарма: Туған жер
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Қазақша балалар өлеңі: Балалық шақ
Өлеңдер жинағы
Қазақша балалар өлеңі: Балалық шақ
Қазақша балалар өлеңі: Бақытты балалық шақ
Өлеңдер жинағы
Қазақша балалар өлеңі: Бақытты балалық шақ
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Қазақша фильм: Барлаушы батырлар (2015)
Қазақша Фильмдер & Сериалдар жинағы
Қазақша фильм: Барлаушы батырлар (2015)
Қазақша өлең: Балалық шақ
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Балалық шақ
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Балалық шағы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Балалық шағы)
Қазақша Фильм: Балалық шағымның аспаны [Нұрсұлтан Назарбаев] (2011)
Қазақша Фильмдер & Сериалдар жинағы
Қазақша Фильм: Балалық шағымның аспаны [Нұрсұлтан Назарбаев] (2011)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Соғыс және балалар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Согыс және балалар на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Соғыс және балалар, шығарма Соғыс және балалар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Согыс және балалар на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен Соғыс ж, Шығарма: Соғыс және балалар шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы