Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес

 Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес

Асқарова Рита
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы
№5 орта мектебінің 10 класс оқушысы
Жетекшісі: Жанғылыш Айжан Зейнуллақызы

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Соғыс. Бұл сөзді айтудың өзі жүрекке ауыр тиетіні хақ. Бұл - адамзатты құлдырататын күш! Дәл осылай! Соғыс – қорқынышты кинолардағы аузынан жалын атқан аждаһа дерсің. Соғыс - барыңды жалмап кететін, жеріңді оттай шоқ ететін, әлемдегі тіршіліктің көзін жоятын тажал. Сол қанды кезеңді газет-журнал материалдарынан, кинолардан көріп, көркем шығармалардан оқи отырып-ақ жаның түршігеді. Көз алдымызға елестетудің өз қиын. Ал сол соғыста жанын пида еткен ата-әжелеріміздің ерлік істерін ұмыту – бар тарихымызды өшіріп тастаумен тең. Жетпіс жылдан астам уақыт өткенмен де, осы күнге дейін еш нәрсе де ұмытылған жоқ.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?! - деп Сырбай Мәуленов атамыз жырлағандай, бұл соғыс талай отбасына қиыншылық әкеліп әкесінен, бауырынан айырды. Ұлын күткен ананың, әкесін күткен боздақ баланың жолға қараумен екі көзі төрт болып, жақындарын асыға күтті. Оларға деген сағынышы хат болып майдандағы жауынгерлерге барып жатты.
Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» атты публицистикалық мақаласында болашақ үшін күресетінін былайша жазып кеткен болатын: «Менің досымның баласы бар, біздің артымызда өсіп келе жатқан жас буындар бар» деп, кейінгі ұрпақты бел етіп мен талай қуанбадым ба! Сенің кішкентай бөбегің маған күш-қуат бола алды ғой, Шығыс ұлы!». Ал, «Өмір мен өлім туралы» публицистикалық мақаласында «Адам бір-ақ рет туады, бір-ақ рет өледі... Ал естігенің де құрметтеп, бас иетін өлім бар! Ол – майданда ерлерше өлу» деген жолдардан өзі осы майданда қаза болса да, Біздің бейбітшілікте өмір сүруіміз үшін жанын қиятынын анық түсіне аламыз.
Мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев та он жасынан өлең шығара бастағанын жақсы білеміз. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген болатын. Әкесі Сүлеймен тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанып, Калинград майданында ерлікпен қаза тапты. Сәби жүрек соғысқа кеткен әкесін сағынып, ең алғашқы жыр шумақтары әкеге деген сағыныштан туған еді.
Жамбыл ақын атамыз да «Ленинградтық өренім» өлеңі арқылы соғыс жылдарындағы жауынгерге рух берді. Бұл өлең бірден орыс тіліне аударылып, майдан мен тылдағы жауынгерлерге кеңінен тарады. Соғыс кезіндегі Кеңес халқының көбінің жаттаған өлеңі еді бұл.
... Төккенім жоқ терімді,
Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат,
Болуға жаудың ермегі.
Жауда қалып Ленинград
Жаралған жоқ көнгелі, - дей келіп, туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін өз жырларында шебер жеткізе білді. Сол сұрапыл соғыс жүріп жатқанда Жамбылдың суреті басылып, «Ленинградтық өренім» өлеңінің орыс тіліндегі аудармасы үлкен әріптермен плакат болып қала көшелеріне, тақталарға жапсырылып, радиодан оқылып, майдан жауынгерлеріне жеткізілді. Ақынның бұл өлеңі Ленинградты қорғауға, жауды жеңуге бүкіл кеңес халқы сияқты Қазақстан да аянбай аттанғанын суреттеген.
Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» деп аталатын роман-диалогі Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналғаныны бәріміз жақсы білеміз. Бұл роман-диалогте автор Бауыржан Момышұлының сонау балауса жастық шағынан бері совет армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезеңін, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап өмірінің соңына дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында баяндаған.
Бұл кітапта Баукеңнің өмір жолы «ақиқат» деп аталатын өте жіңішке жіп сияқты, ал ерлігі мен басынан өткен оқиғалары халық аузында сақталып ұзақ айтылатын «аңыз» болатын. Сондықтан да шығарманың «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі осында жатыр. Бауыржан Момышұлы - өзінің ерлігімен, азаматтық қайсар тұлғасымен бірнеше ұрпақтың құрметіне бөленіп үлгерген-бақытты жан.
Б.Момышұлы - Ұлы Отан соғысы кезінде жеке басының қаһармандығымен және ұрыс жүргізудегі шеберлігімен ерекше көзге түскен, батырлық атақ-даңқы алысқа тараған адам. 1983 жылы қайтыс болды. «Кеңес Одағының Батыры» атағы «ештен кеш жақсы» дегендей 1986 жылы берілді.
Абай атамыз айтқан: «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ұл» деген қазақтан туған нағыз ұлдың өзі деп Б.Момышұлы атамызды айтар едік.
Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған,
Ар мен Намыс сөз болғанда, өзіңнен кім аса алған?!
Бір ғажабы қан майданда көзсіз батыр атанып,
Куәлігін жарты ғасыр кеш алған.
Сондай қайсар перзент туу, әр әйелге бас арман! -деп М.Шаханов жырлағандай туған халқының үлкенге ізетін, кішіге құрметін ұмытпай, қастарлеп өткен аяулы тұлға Б.Момышұлы болатын.
Әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қаһарманына айналған тұлға туралы 1943 жылы желтоқсанда Қасым Аманжолов......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!