Өшпес ерлік өлмес мұра
Қарасаева Аружан
8 сынып, АОМФММИ,
Ақтөбе қаласы
Жетекшісі: Өтеп Гүлден Әкімбайқызы
8 сынып, АОМФММИ,
Ақтөбе қаласы
Жетекшісі: Өтеп Гүлден Әкімбайқызы
Соғыс...Соғыс...Соғыс...
Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Кел,достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала,баласын ана, Жоқтамасын мәңгілік!
Иә, «соғыс» тәңірі-ауыр зеңбіректердің дауысы күндей күркіреген күндердің бірі. «Соғыс» деген сөзді естігенде, тұла бойың түршігіп, қорқыныш сезімі билейді. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды десеңізші?! Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды. Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Олар бейбіт өмір үшін қасық қандары қалғанша күресті. Қайғыны білмесін ана жаны, қазіргі адамда арман сол. Әлемнің бар сәби балалары оянсын ұйқысы қанған соң.Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, барлық Кеңес Одағындағы елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысқан. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын болатын. Соғысты бірінші басып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды деседі. Сойқан сұрапыл соғыста он сегіз жасқа енді толған өрімдей жас бозбала мен елуге жеткен егде ер азаматтар қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды емес пе? Бой түзеп қыз дәуренін қызықтайтын шақта жерлес бойжеткендеріміз Әлия мен Мәншүк белдеріне қару асынып, ер-азаматтар басын тіге бермейтін «батырлықты» көрсетті. Шығыстың қос шынарынан басқа да ерлік көрсеткені қаншама? Соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кино туындыларынан ғана білеміз.Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Соғыс сан миллион адамның өмірін қиды десеңізші. Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Сан мыңдаған зұлымдықтардың неше түрін, азап пен айуандықтың атасын көрді емес пе? Адамшылық пен аяушылық аяқ астына тапталды.Тағдырлар ойран болып, шаңырақтар құлады. Ауыл күлге айналып, бүтін қаланың қабырғасы күйреді. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен ұйқысыз түндерді бастан өткерді. «Отан үшін!» деп ұрандап, қидаласқан шайқасқа кірді. Жан алып жан беріскен ұрыстың қақ ортасында «Біздің ісіміз әділ, біз жеңеміз!» деген үміт- сеніммен майдандасты. Дұшпандарға оғын қарша боратты. Кеңестер Одағының халқы «Отанымыздың жүрегі» деп санаған Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтардың үлесі көп болды. Бір сүйем жерді де жауға берген жоқ. Дегенмен соғыс әкелген жетімдіктің көз жасын әлі тыя алмай жүрген бала, немере бар. Бірі жасы жетпістен асса да әкесін іздеп, бірі жасы қырыққа келсе де көрмеген атасын аңсап өксиді.Осы 1941-1945 жылдардағы соғыста миллиондап қырылған жауынгерлердің қанымен келген Жеңістің құны онсыз да қасіреттен көз ашпаған қазақтар үшін өте қымбат. Жыл сайын Жеңіс мейрамы жақындаған сайын «Менің атасыз, әкемнің әкесіз өскеніне кім кінәлі?» деген сауалдың санаңды мазалайтыны тағы бар. Оған сөз жоқ, соғыс себепкер. Ал, соғысты кімдер бастады, не үшін бастайды? Жеңіс таңын ұрыс даласында қарсы алған майдангерлердің соғыс салған жарақаттан мүгедек атанып, төсек тартып жатқандары да аз емес. Осы орайда, Ә.Сәрсенбаевтың мына өлең жолдары еске түседі:
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ.
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Иә, бұның бәрі де соғыс салған өрт еді, соғыстан жұққан дерт еді.. Қидаласқан қан майдан ұрыс өткен жерлердің әр талы мен бұтасы, орманы мен көлі, тау мен тасында әлі соғыстың азалы үні ызыңдап, соғысты көзбен көрген қариялар шерлі шежіресін шертеді.
Жеңіс, Жеңіс туы.
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл-71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Жеңіс күні- бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Біз үшін ұлы мереке.
Жеңіс туы,
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Асқақтасын жаңғырып!
Жеңіс таңы атты. Бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл.
Сол соғыста қыршынынан қиылған боздақтарымыздың алдында бүгінгі ұрпақ мәңгіге борыштармыз. Оқ пен оттан тірі шыққан, елге аман оралған асыл сүйекті ардагерлеріміздің қатары да күн өткен сайын азайып барады. Ол ардагерлерімізге өкіметіміз бен жергілікті басшылар тарапынан жасалып жатқан жақсылықтар да аз емес. Әр майдан және тыл ардагерлеріне қанша құрмет көрсетсек те көптік етпейді, Отан алдындағы борышын артығымен өтеген ақсақалдардың өмірі мен өнегесі жас ұрпаққа тағылым болары сөзсіз. Ерлік пен еңбектің өтеуі- елдік құрмет!
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешқайсымыз ешқашан ұмытпаймыз. Бұлар- біздің мақтанышымыз.Олардың орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін емес. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың рухына бас иіп, олардың ерлігіне тағзым ету-кейінгі буынның азаматтық парызы. Сол майданда біздің аталарымыз, әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті - деп бар әлемге бар дауысыммен жар сала аламын. «Ешкімді де, ештеңе де ұмытылмайды!» Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі, болашағы жақсы болса екен деп тілеймін. Әр қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз, мемлекетіміз өркендеп өсе берсін!Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін, ағайын!
9 мамыр-бүкіл халықтың батырлығы күні. Әр жас ұрпақтың жүрегі:
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын Анам!
Болайын мен де аман! - деп соғады, әндетеді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?