Туған жер – тұғырың

 Туған жер – тұғырың

Нурджанова П.
8 сынып

Елді сүю, туған жерді сүю – батырға да, ақынға да, қарапайым халыққа да тән қасиет. Кез-келген адам өз ата-анасын, туған жерін, туған тілін, дінін, салт-дәстүрін сүйіп өседі . Бұл қасиет- бізге ананың сүтінен, атаның қанынан өткен қазаққа тән қасиет.
Мен Маңғыстау өңірінде, Жаңаөзен қаласында өмірге келіппін. Кез-келген балаға тән қасиет, әр балаға өз туған жері “керемет”, “ғажап” болып көрінеді. Мағжан ата өз туған жері Сарыарқаны жырға қосып, сүйіспеншілігін білдірсе, мен де өз туған жерім Маңғыстауды шексіз сүйемін.
Өз туған жеріңнен артық жер, оның табиғатынан артық табиғат көзіңе көрінбейді. Бұл сезім - кез-келген ұрпақ жүрегіне тәңір ием сыйлаған ұлы қасиет.
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң,
Анау жерде – құрбылармен алысқан,
Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан,
Таулар әне ұйықтап кеткен данышпан,-деген ақын жырларынан өзім туған мекен Маңғыстауды көргендей боламын. Ару қала – Ақтауды көз алдыңа елестетсең ертегі сияқты. Ақ бұйра толқыны көкке шапшыған асау теңіз, қанатынан саумал жел сусылдаған ақ шағалалар, көкке таласқан үйлер, шілдеде жайнап тұрған қызғалдақтар мен сарғалдақтар ! Неше түрлі елге пайдалы емдеу орындары мен оқу орындары. Сол үшін де мен өз туған жерім Маңғыстауыммен мақтана аламын. Себебі , Маңғыстау құт мекен! Ақтау қаласының жаңарған әсем келбетін көріп тұрып, қалай жырламасқа?!
Жасарып кетті, жаңарып кетті жан-жағың, Көрді де мына көрікті жердің аймағын Көтеріп тұрған ырысты мекен тауларын, Жаңара берші “туған жер” атты байтағым! Қарттарын сыйлап , жастарын баулып түлеткен, Қаласын сүйген, даласын сүйген жүрекпен . Айналдым сенен, аяулы мекен, дарқан ел, Туған елінің тасына дағы гүл еккен!-
дегендей Маңғыстаудай шөлейтті аймақтың тасты жеріне де қызғалдақ пен сарғалдақтарды жайнатып қойған ел азаматтарына алғысымыз шексіз!
Мен туған жер -қазыналы өлке. Ел ырысы қара алтын ел көркеюіне еңбек етуде. Бұл менің кіндік қаным тамған жер- Маңғыстау аймағы жайлы жүрек жылуынан тараған игі ойларым.
Менің Отаным – Қазақ елі. Қазақта “тұғыр” деген сөз бар. Ол “қонысың, мекенің”-деген ұғымға келеді. Мен Қазақ елі – деген сөзді естігенде бүкіл әлем елдерінің құлақ түре қарайтынына сенемін . Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еселі еңбегінің арқасында, елдің өркениеті үшін жасаған қамқорлығының аясында , еліміз бұрын көрген жандар сенбестей тамаша көрікке енді!
Туған жер – бабалар аманаты. Туған жерді көркейту - жастардың алдына қойған басты парызы. Елбасымыздың: “Халыққа Жолдауы”, “100 мектеп , 100 аурухана”бағдарламасы, “Жол картасы” бағдарламасы бірінен кейін бірі өмірге келіп, жүйелі орындалуда. Жаңа мектептер салынып, оларда шәкірттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалуда. Заманауи компьютерлемен жасақталған “Қашықтықтан оқыту”, “Ғаламтормен байланыс” жақсы жолға қойылған. “Барлық сәби бала-бақшаларда тәрбиеленсін!” – делінген Елбасы қолдауы да іске асырылып жатқанының куәсіміз.
Мен қазыналы Маңғыстау перзентімін! Маң даламның ырыс қонған өлке екендігі баршаға аян. Жер асты байлықтары бүкіл қазақ елін әлемге әйгілі етуде:
Даламды сүйдім, анамды сүйген жүрекпен , Мәңгілік болғай “теңдігің” деген тілекпен Егемендігің – елімді әлемге паш етсін Өркениетті елдің қатарын елім көбейтсін!-деп балалық жүрегімнен шыққан балдырған жырларымды жолдаймын.
“Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көп
конфессиялы қоғамымыз табысының негізі ”,- деп Елбасы Жолдауынан алынғандай үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында барлығымыз ел тарихындағы айтулы оқиғаның куәсі болдық.Елін- алға, ұлтын-мұратқа жетелеген Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ” атты Қазақстан халқына Жолдауында осы стратегияның басты мақсаты болып табылатын Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудегі негізгі міндеттері мен жоспарын жария етуі маған қатты әсер етті.
“Қазақстан 2050” Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы , ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Еліміз Мәңгілік,- деп шығармамды аяқтағым келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?