«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

 «Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

Игибаева Динара
11 сынып, Затобол мектеп- гимназиясы
Қостанай ауданы
Жетекшісі : Арсаева Ж.А

Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкін қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
Ыбырай Алтынсарин
Тіршілік . Табиғат заңдылығы. Дүниеге шыр етіп сәби келді. Өзін ғана емес, бойында қазақ қанын, қазақ тілін ала келді, себебі ұлты қазақ. Айналаға шолу жасап, іңгәлап жылып, тәп – тәтті күлкісімен тамсандырып, еңбектеп, артынша жүріп, ержетіп келеді. Қалыптасқан жағдай бойынша балабақшаға барып, мектеп табалдырығын аттайды. Сөйтіп, өмір есігін айқара ашпақшы болады. Мектеп демекші, ол екінші үйіміз, мұнда бізге қамқор болар ұстаз – аналарымыз бар. Тәлім – тәрбие береді. Мен мұның бәрін неліктен жазып отырмын?! Әңгімені әріден бастамақ ойым болды . Себебі тіл де, діл де, дін де бәрі – бәрі тал бесіктен басталады . Бүгінгі тұлға қалай қалыптасса, болашақ ұрпақ сол бағытта дамитынына дау жоқ. Демек, бізге ата – анамыз, туғандарымыз, қоғам қандай тәрбие берсе, сол тәрбиемен болашақта сусындап, келесі ұрпақты сусындатамыз. Бірінші кезекте тіл мәселесі. Бұл мәселе қоғамнан орнын алшақтатқан сұрақ. Күрмеуі қашан шешілетіні беймәлім. Не себептен беймәлім?! Бұл қадамды қоғам адымдап баспаса, ілгерілемейді. Қазақ қазақпен қазақша сөйлеспейді. Жаңа отырғызған көшетті мерзімді суарып, күтім жасамаса ол алып бәйтерек болып өспейді , өшеді. Қазақ тілі де сол көшетпен пара пар. Егемен ел болғанымызға жиырма жылдан асты. Оңалар емеспіз, қынжылтатын мәселе. Теория жүзінде бәрі талапқа сай болғанымен, тәжірибеде қолданылмауына не кедергі? Менің ойымша, әрбір қаны қазақ адам тіліне бей – жай қарамай, қазақпен қазақша(басқа ұлтты айтпағанда) сөйлессе, жүз отыздан астам ұлт өкілдері мекен еткен Қазақстан Республикасы азаматтары сабақ алар еді.
Қазынаға тұнған қайран қазақ тілі – ай. Мыңдаған дана бабамның мұрасы ұрпақ тіл білмеген соң қарайып бара жатыр. Жазылған жыр – тілек, айтылған өсиет санаға жетпей, шашылып қалып жүр. Қазақ әдебиеті сабағында ғана оқуымыз жеткіліксіз. Тілге деген сүйіспеншілік болса, оқусыз қалмас еді ғой. Құлықсыздықтың бетін қайтару жолы қиынға соғары анық. Нәтиже беріп, қорытынды шығарар амал қолдану керек. Бүгін жиырма, ертең қырық, елу жыл өткенде тіліміздің жойылып кетпеуіне кім кепіл?! Бүгін аяғына жеткізетін шаруаны неге болашаққа қалдырамыз? Біз не себепті тілді құрметтеуге шақырмаймыз, болмаса күштемейміз?! Бұл биліктің әлсіздігінде емес, ұлт санасыздығында. Елбасы жолдауында жыл сайын ойсыратып орын алатын мәселе. Елбасы тапсырған басымдылықтардың барлығы дерлік жауабын тауып, орындалуда, ал тіл мәселесі ұйқыда. Оятқан жөн.
Дана бабамыз оян қазақ деп ұйқыда жатқан қазақты білімпаздыққа шақырып, жол сілтеп еді. Қазақтан шыққан даналар, ғалымдар, танымал адамдар аз емес . Дегенмен, еңбектері орыс тілінде басылып шығып жатыр. Ақылға қонбаса да айтарым, армансыз адам – қанатсыз құспен тең демекші, Қазақстан Республикасындағы мектептер аралас емес, тек қана қазақ тілінде болса деп армандаймын, балабақшада, аялдамада, қоғамдық орындарда бәрі қазақша сөйлесе екен деп армандаймын. Сол кезде болашағымыздың төрт құбыласы тең, жарқын болар ма еді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі