Төлеген Тәжібаев

 Төлеген Тәжібаев

Сман Аружан
8 сынып, Абай атындағы орта мектеп-интернаты
Арыс қаласы
Жетекшісі: Даутова Л.А.

Көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, нар тұлғалы азамат Төлеген Тәжібаевтың туғанына биыл 104 жыл толып отыр. Өзі жоқ болса да, оның шоғы әлі басылмаған жарық жұлдыз 1910 жылы қасиетті де, киелі Арыс топырағында дүниеге келді. «Жігітке – жеті өнерде аз» - дегендей Төлеген Тәжібаев сегіз қырлы – бір сырлы кісі болған. Оған дәлел қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, Қазақ КСР-і ғылым академиясының академигі болған. Осындай азаматы бар қазақ елі бақытты. Төлеген Тәжібаевтың балалық шағы қиын қыстау кезеңде өтті, соғыстың зұлмат жылдарында көзінің ағы мен қарасындай ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйіне тапсырылды. Балалар үйінен мейірімді орыс отбасы Кабановтар жас Төлегеннің тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Толеген Тажібаев қандай жоғары мәртебелі қызметте жүрсе де адами қадірін түсірмеген, абыройын асыра білген абзал жан, көреген басшы, сан буын жастарды ғылым жолына бағыттаған ұлағатты ұстаз бола білді. Иә , Төлеген Тәжібаев адам жанын жазбай танитын нағыз тәлімгер психолог еді.
Парсатты ғалым-ұстаз ірі қоғам қайраткері, ұлы даланың ұлы перзенті Т.Т.Тажібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оның ғылыми мұралары мен тәлім-тәрбиелік еңбектерін бірнеше томдық жинақ етіп жариялап отыр. Болашақта да өскелең ұрпақ үшін Толеген Тәжібайұлының өмірі мен қызметінің ғибратын, тарихи мәнін танытатын еңбектерді жарыққа шығару, оның жарқын бейнесі мен есімін университет тарихында қалдыруға бағытталған барлық шаралар – біздің осы біртуар азамат алдындағы парызымыз.
Т. Тәжібаев Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясында оқыды. Онда озат оқып қана қоймай, өзінің ұйымдастырушылық қабілетін жан-жақты танытып, Академия комсомол ұйымының хатшысы болды. Осымен оның оқуы аяқталып, ғылыми-зерттеу кезеңі басталады. Аспиратураны да сонда бітіріп шықты. Психология бойынша «К. Д. Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін қалаушы» деген тақырыпта белгілі кеңес ғалымы А. В. Веденовскийдің жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын тамаша қорғап шықты. Психология ғылымдарының кандидаты атанды. Ғылыми орта оның еңбегіне жоғары баға берді.
Психология саласындағы зерттеулері қазақ топырағында осы ілімнің дамуына, оның дұрыс қалыптасуына ізгі ықпалын тигізді. Тұлдыр жетім қалған баладан үлкен академик-ғалым, мемлекеттік, дипломатиялық тіпті халықаралық саяси қайраткер дәрежесіне дейін көтерілген халқымыздың даңқты перзенті, ұлтымыздың ұстыны болар ұлы тұлғасы өсіп шықты.
Аспирантураны психология мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚазПИ педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі және доценті болып қызмет етті. Білімдарлығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1940 жылы Қазақ КСР оқу-ағарту Халық комиссарының бірінші орынбасары, артынша оқу-ағарту Халық комиссары болып тағайындалды. 1941 жылы 31 жастағы жас ғалым Қазақ КСР Халық комиссарла кеңесі төрағасының орынбасарлығына жоғарылатылады. 1944 жылға дейін осы қызметте мәдениет мәселелеріне жетекшілік жасады. Мәдениет жанашырлары мен майталмандары туралы айтқанда, жалпы мәдениет мәселесінде билік басындағылардың ішінде Т. Тәжібаев, І. Омаров сияқты ұлтжанды кісілердің бола бермегені рас. Оқу, білім саласы бойынша да осыны айтар едік.
Төлеген Тәжібаевтың дипломатиялық, халықаралық, саяси қызметі мен қабілетіне белгілі кеңес, мемлекет қайраткері А. Молотов жоғары баға берген болатын. Т. Тәжібаев Конституция бойынша егеменді мемлекет болып есеп-телетін Кеңестік Қазакстанның сыртқы саясатының іс жүзінде негізін қалап, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының биік мінберінен көптеген көкейтесті мәселелерді көтере білді. Бұл туралы таяуда Сыртқы істер министрі қызметінде болған Қасым-Жомарт Тоқаев өз еңбектерінде атап өтіп, жоғары баға берді. Т. Тәжібаевтың бұл қызметінің жемісті болуына оның ағылшын тілінде жақсы сөйлей білгендігі де әсер етсе керекті.
Толеген Тажибаевтың жарқын бейнесі туралы айтқанда, оның тамаша ұстаздық , тәлімгерлік, дәріскерлік қасиеттерін ерекше атап көрсеткен дұрыс. Белгілі ғалым-профессор Мәулен Балақаевтың естелігінде көрсетілгендей, Толеген Тәжібайұлының психология саласында оқыған дәрістерінің мазмұны аса терең, ғылымы өрісі кең, тыңдаушыға тартымды да, әсерлі болған. Ғалым-ұстаз лекцияның жинақы, логикасы көкейге қонымды, мазмұнды, ғылыми құндылығы жоғары болуына баса назар аударады екен. Аудиторияны бірден баурап алатын, мейлінше байсалды да байыпты, биязы, майда қоңыр дауыс ырғағы да оның ұстаздық тұлғасын даралай түскен. Бұл туралы профессор М.Балақаев былай деп жазады: «Үлкен дипломат әрі ғалым, академик Толеген Тажибаевтың жүзі қандай жарқын болса, ойы да сондай айқын, сөзі де сондай сыпайы, әрі салмақты болатын, біреумен сөйлесе келгенде оның сөзінен білімді, мадениетті адам екені бірден сезілетін. Бірқатар кісінің әдептілігі бойына біткен қасиет болмай, жасанды, бірде олай, бірде бұлай болатыны да бар, ал Т.Т.Тажібаевтың ізеттілігі оның әбден қанына сінген қасиет болатын»
Төлеген Тәжібаев тақырыбын тереңірек қаужап келе жатқан ғалым,Төлегеннің шәкірті Құртқа Тәуіп атындағы академияның вице-президенті, Қазақ ұлттық университетінің психология кафедрасының профессоры, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Жолмұқан Түрікпенұлымен журналистер тілдескен еді.
«Ұстаздардың ұстазы атанған турашыл тұлға Төлеген Тәжібаевпен ең алғашқы таныстығым – мектепті бітіріп, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті атанған кезімнен бастау алды. Өзім физик -математик болуды қаладым. Оқуға түссем де, жатақханаға жайғаса алмай әбден қиналдым. Ол кезде Т.Тәжібаев осы оқу орнының ректоры әрі педагогика-психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады екен. Ол кезде шыны керек халықтың әлеуметтік жағдайы нашар болатын. Менің оқуға жағдайым болмай, кетуге мәжбүр болдым. Өзіміздің курстас балалармен бірге барып, ара-арасында жатақхана жатып тұратынмын. Менің хал-жағдайыммен етене таныс достарым маған ректордан көмек сұрауға кеңес берді. «Ректор ағай сондай қарапайым кісі. Алдына барған студенттерді бір-бірлеп қабылдап, оларға қолынан келген көмегін аямайды», – деді балалардың бірі. Басқалары да маған ректорға түрлі жағдайлармен барып, көмек алғандығын жарыса айтып жатты.Содан не керек, ректордың алдына баруға тура келді. Ол кезде шыны керек, ауылдан енді ғана келген жасқаншақ бозбаланың бірі болатынбыз. Ауылда профессор, ректор дегенді көрмегендіктен болар, білдей бір оқу орнының басшысының алдына кіруге қатты жүрексіндім......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?