Ұлттық тәрбие- бүгіні мен болашақ негізі

 Ұлттық тәрбие- бүгіні мен болашақ негізі

Оразбай Сандуғаш
11 сынып, Жамбыл атындағы мектеп-лицейі
Отырар ауданы

Ұлт боламын десең бесігіңді түзе... Иә , расында бұл сөздің астында қаншама мән-мағына жатыр десеңші. Елім деп өткен қаншама ерлеріміз қазақ елі үшін жанын аямай, қасық қаны қалғанша елі үшін күресті. Мұндағы ерлігіне қарап тұрсаңыз, жүрегінде еліне деген, қазақ ұлтына деген патриоттық сезімнің шоқтығы биік екендігін аңғарасыз. Ал,и қазір жастардың сана сезімінің жоғары бола тұра әлсіреп бара жатқандығын байқаймын. Айналып келгенде бұл мәселе қазақ елінің ұлттық тәрбиесінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Неге біз әлсізбіз ? Неге ойлау қабілетіміз төмендеп бара жатыр? Ал, бұл сұраққа жауап іздеп көрейін. Мүмкін, Ыбырай атамыз айтқандай «Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызды»,-дегендей интернет желісі арқылы санамызды улап алдықпа, әлде бізге тәлім тәрбие беруде қазіргі заманның өзі әлсізбе деп ойланып қаламын. Әл Фараби бабамыз айтқандай : «Балаға ең алдымен тәрбие бер, білімді де тәрбие беру ушін бер»,-дейді.Қазіргі жастардың көбі нашақорлық және де алькагольді заттарға машықтанып алды. Кітапханаларды араламай, түнгі клувтар мен интернет желілеріне де құмартып алды. Ал, мұндай азаматтар елдің тұтқасын қалай ұстамақ деген ой келеді. Елбасының көрегенді саясаттарының арқасында бұл мәселе де өз жауабын табар деген тұжырымға келдім.
Сырлы-әлем... Сырлы- заман... Сырлы –ғұмыр... Сырлы-жаратылыс... Қарап тұрсаң бұл өмірде сырлы. Ең Ұлы сыр – адамзат. Адамзат баласында рухани күш жатыр. Ал, мұны көбісі байқамайды. Өзіндегі тылсым күшті көрсете алмайды.
Егер менің қолымда билік болса, адам өзгермейді дегеннің тілін кесер едім! Адам өзгереді, ол өзін- өзінің білімділігімен өзге де елдерді тамсандыра алады. Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген адам әлдеқайда артық. Біз Қазақстан жастары «Жаңғырамыз » деген позицияны ұстанған халықпыз. Әрқайсымыз өз алдымызға мақсат қоя білуіміз керек. Сонда ғана біз өз еліміздің ұлттылығын ұстап қала аламыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!