Қазақша шығарма: Мұхтар асуы » ZHARAR © 2016 | тарихи тұлға туралы шығарма, мухтар ауэзов казакша шыгарма, мухтар ауезов казакша шыгарма, мухтар ауэзов казакша шыгармалар, мухтар ауэзов туралы шыгарма , мухтар




  • »

Қазақша шығарма: Мұхтар асуы

Қазақша шығарма: Мұхтар асуы казакша Қазақша шығарма: Мұхтар асуы на казахском языке

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры үстіміздегі ғасырда қазақ елінде қандай күрделі өзгерістер болғанын түсінуімізге көмектеседі. Оның өмір жолына зер салғандабіз жалпы өткен кезге көз жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жәйттерді тереңірек көруге мүмкіндік аламыз. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды. Ғасырдан ғасырға, заманнан заманға ұласып келе жатқан «Абай жолы» романы – қазақтың мәдениеті мен дәстүрін ашық айқын көрсететін әдеби мұраларымыздың бірі. М. Әуезов мағынасы терең шығармаларымен өшпес із қалдырды, оның өміршең туындылары ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жетіп, өнегелі сөзбен үн қатқандай. Жазушының қазақ әдебиетіне жаңа сарын, жаңа мазмұн әкелген шоқтығы биік туындысының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Осы дүлдүл қаламгердің тұңғиығының бізге есігін ашқанына, міне, 150 жыл толып отыр. М. Әуезов – қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа, қазақ әдебиетінің шыңына айналған, қазақ халқының ғасыр перзенті.
«Мұхтар Әуезов – сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын,өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс,» - деп Рымғали Нұрғалиев айтқан. Сондықтан да, уақыт өткен сайын қаламгердің ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсейік.
Халқымыз таланты, болмысы бөлек дарындыларға қашан да кенде емес. Әр заманда да ел көшін алға сүйреген әр тұлғалы азаматтар болған. Сондай ерен тұлғаның бірі – есімін ерекше ілтипатпен айтуға болатын белгілі жазушы – М.Әуезов. Бір сөзбен айтқанда, оның шығармашылық қызметінің барлық қырлары туралы егжей-тегжейлі айту қиын. М. Әуезов – қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. М. Әуезовтың қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін дамытудағы орны ерекше. Жазушының шығармашылығы – қазақ өнерінің кемелденуінің айғағы. Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі – Әуезов. Ол – әлемдік құбылыс. Әуезов – ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі.

Автор: Шайхыслям Ақтолқын



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 51 044
Рейтинг:
(голосов: 48)

KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы, скачать сочинение на казахском языке мухтар ауэзов, тарихи тұлға туралы шығарма, мухтар ауэзов казакша шыгарма, мухтар ауезов казакша шыгарма, мухтар ауэзов казакша шыгармалар, мухтар ауэзов туралы шыгарма, мухтар ауэзов туралы шыгарма казакша, сочинение на казахском языке про мухтара ауэзова, сочинение на казахском языке мухтар ауэзов, тарихи тұлға туралы шығарма, мухтар ауэзов казакша шыгарма, мухтар ауезов казакша шыгарма, мухтар ауэзов казакша шыгармалар, мухтар ауэзов туралы шыгарма, мухтар ауэзов туралы шыгарма казакша, сочинение на казахском языке про мухтара ауэзова, сочинение на, Қазақша шығарма: Мұхтар асуы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

.

. .