Бүгінгінің тойындағы дарақылық...

  Бүгінгінің тойындағы дарақылық...

Малика Такежанова,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік уневерситеті,
журналистика мамандығының
3 курс студенті

Той – халықтың қазынасы. 30 күн ойын, 40 күн тойын тойлаған, жиған тергенін дүбірлі тойда ғана шашатын қазақпыз. Ұлттық тәрбие бесігі бола білген қазақтың тойында әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сақталып, мазмұны мен маңызы ерекше болған. Ал қазір ше? Қазіргі тойлар – есепсіз ысырап пен мақтан үшін жасалып жүр десем артық болмас. Той иесінің құрметпен күтетіні 700-800 етіп шақырған қонақтары. Иә, оның ішінде алыс деп жүрген жақын туыстарымызбен жалпақтап жүрген байларымыз да бар. Ал ақ дастарханға отыру белгіленген уақытынан 2-3 сағатқа кешігуі қазіргі таңда қанымызға сіңіп кетті. Өзіміздің алтын уақытымызды бағалай алмайтын хәлге жеттік. Тойдың көңілді әрі қызықты өтуіне кедергі қонақтардың шұбатылып кешігіп келуі. Тойдың өту тәртібі той иелерінің мақылдауымен, сөзге шешен деп шақырылған асабаның басқаруымен болады. Басынан бастап айтар болсам, мейрамханаға көлікпен кіруді шығардық. О заманда бұ заман, өздерінен үлкен қонақтар шықырылған тойдың төріне беті жабық келінді лимузиннен түсіріп жүрміз.
Шақырған жерден қалмай тойға барсаң құдды бір жиналысқа келгендейміз. Көп сөз сөйлейді деп жүрген үлкендерімізден қалыспай, жастар жағы да микрофон ұстап алып, сөйлей беруге көшіпті.
Алайда, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің заман өзгерісіне сай озығын үлгілеп, тозығын толықтырып, өзімізге тиімді етіп өзгертіп, құрастырып алдық. Қарапайым «беташар» дәстүрін түннің ішінде аштырып, бизнеске айналдырып жібергендер қаншама. Қазіргі күні сөздің парқын түсінбей сөйлей беретін небір-небір асабалар көбейіп кетті. Оның үстіне менталитетімізге сай емес қылықтар көрсетілетін ойын-сауықтар басым болуда.
Одан қала берсе 5 қабаттан кем болмайтын тәтті тортты миллиондаған ақшаға жасатып жүргенін де интернет желісінен көп көріп кеттік. Тым ысырапшылдыққа жол беріп, жын-ойнаққа салынып билеп, сайтан суға тойғанша ішіп алып, соңында бір-бірімен жұдырықтасып жүрген қонақтар қаншама. Сыйқы осындай қазіргінің «қазыналы» деп жүрген тойы...
«Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста»,- демеуші ме еді?! Қорыта айтсам, жоғарыда қозғалған жайттармен сіз де келіссеңіз өз тойымызда рәсуаға жол бермей, ақылмен ойлап, парасаттылықпен іске көшіп, салт-дәстүрімізден сауаттырақ болып, дұрыс әдеппен өткізуден бастайық!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?