Телефонға деген тәуелділіктен құтылу үшін...

Телефонға деген тәуелділіктен құтылу үшін...

Малика Такежанова,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік уневерситеті,
журналистика мамандығының
3 курс студенті


  Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал және оның тарихы 1973 жылдан басталғанын көпшілігіміз білеміз. Қазіргі таңда ұялы телефонды қолдану аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кеткені соншалық өмірдің барлық салаларында қолданудамыз. Бәріміз мойындайық, смартфондар адамның жанынан ажырамас бөлігіне әрі көмекшісіне айналды.
Белгілі сатирик Тұрсынбек Қабатов айтқандай, қазіргі қоғамның адамдары маймылға айналып бара жатқандай. Бұрынырақ үлкендеріміз айтатын: «жастар тосы бір төрт бұрышты дүниеге үңіліп алған, не қарайтындарын білмеймін, әйтеуір күнұзаққа қолдарынан бірелі ажыратпайды»,-деп, қазір сол аға буын да сол дертке ұшыраған. Қолымыз қалт етсе болды, селфиге түсіп, оны әлеуметтік желіге жүктеп әлек болып жатамыз, қала берсе ойындар ойнап, жақындарымызбен ауызекі тілде сөйлесудің орнына мессенджерлерге әбден төселіп алғанбыз. Осындай керек емес дүниелермен айналысып, алдымен өз денсаулығымызды құртып, одан қала берсе алтындай уақытымызды жоғалтудамыз. Әрине, қоғамда өзін-өзі тежей алатын, өз орнымен дұрыс пайдалана алатын жандар баршылық. Солардың қатарынан табылғыңыз келсе, мынадай кеңестерді орындап көріңіз. Алдымен, сіздің ішкі рухыңыз мықты болсын. Шынайы өміріңздегі арман-мақсаттарыңызды айқында әр күніңізді, әр сағатыңызды жоспарлап қойыңыз. Артық бос уақыттарыңыз шығып жатырса, хоббиіңізбен немесе әдеби кітаптар оқуға ұмтылыңыз. Әлеуметтік желіні де өз орнымен қолдану бар. Мысалы өзіңіз тіркелген парақшаларды қарап шығыңыз, ішінен тек өзіңізге пайдалы болатындарын ғана қалдырыңыз. Әрбір істеген ісіңізді немесе жеген тамағыңызды жүктей беруді доғарғаныңыз жөн. Жаңалықтардан құр қаламын деп ойласаңыз, кешкі жаңалықтарды көру үшін бір сағатқа теледидар алдына жайғассаңыз болады. Сонымен қатар ұйықтар алдында да телефоныңызға жарты сағат бір көз жүгіртіп өтсеңіз де жеткілікті.
Шынайы қарым-қатынастың, айналамыздағы табиғи көріністің куәсі болып, рухани байығыңыз келсе, жоғарыдағы айтылған кеңестерге жүгініңіз. Бұл арқылы смартфоннан түбегейлі бас тартпасаңыз да белгілі бір дәрежеде өзіңізді шектей алуды, орынымен пайдалана білуді үйренесіз.  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу