Мен елімнің патриотымын

 Мен елімнің патриотымын

Жумажанова Сабина
8 сынып, КММ № 92 гимназия
Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Жаркеева Гулназ Бекетовна

XXI ғасыр білім мен ғылым, технология заманы екенін барлығы жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болар. Менің ойымша, бала тәрбиесі әр ата-ана үшін бірінші орында. Отбасы тәрбиесі- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" дегендей, отбасындағы тәрбие арқылы ғана бала елінің нағыз патриоты, елі мен жерін сүйер азаматы болып қалыптасады. Менің пікірім бойынша, баланың болашағына толғанар және ойланар отбасы көп болса, еліміздің болашағы зор болмақ. «Тәрбие басы - тал бесік» деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деп отбасы тәрбиесінің маңыздылығын ескерткен.

Ұрпақ кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі болып өссін десе, бар назар келешек ұрпақ тәрбиесіне аударылуы керек. Әсіресе, патриоттық тәрбиеге көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында маңызды орынды патриоттық тәрбиеге береді. Қазақстан Республикасы бүкіл әлемге тәуелсіз мемлекет екендігін дәлелдеді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсаты болғандықтан, біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухта тәрбиеленуі дұрыс деп ойлаймын. Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін қазақ халқының басынан өткен қилы замандарды ұрпаққа айтып, түсіндіру өте маңызды. Адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ата – бабаларының ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірбиесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Қай ел, қай халық болмасын, озық тәжірибиені жатсынбай қабылдайды. Өзге емес, өзіміздің ата-бабалырымыз, батырларымыз арғысы Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық, Өтеген, Баян батырлар, бергісі Бауыржан Момышұлы, Әлия, Мәншүк апаларымыз, Төлеген Тоқтаров, қанды желтоқсандағы Қайрат ағаларымыз және тағы да басқа қазақ қаһармандарының елі мен жерін қорғаудағы көрсеткен ерліктері жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне зор үлесін қосады. Қазақ жастарын патриоттық сезімде тәрбиелеу үшін, желтоқсан оқиғасының маңызын, біз, өсіп келе жатқан жас буын санамызға сіңдіруіміз керек, түсіне білуіміз керек. Қазақ халқының батыр екендігін, тәуелсіздікке ұмтылған ұрпақ екендігін көрсетуіміз керек. Сол арқылы біз мемлекеттің болашағын тәрбиелейміз деп ойлаймын.

Ұлттың тілі - ұлттық тәрбиенің басты құралы. Тіл мәселесі ешкімге де құпия емес. «Ұлттың тілінің кеми бастауы-оның құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр», - деп Мағжан атамыз қазақ тілінің қасиетін қастерлеп көрсетіпті. Шынымен де тілін, туған елін, жерін қадірлеген әр жеткіншек нағыз патриот болып өседі. Бауыржан атамыз айтқандай: «Жау қолында кеткен жеріңді қайтарып алуға болады, ал тіліңді ешқашан қайтара алмассың». Сондықтан да ұрпаққа берер тәрбие – ана тілге деген құрметтен басталуы заңдылық. Өркениеттің ұлы көшінен кеш қалмайық десек, ұрпағымызға қазақы тәрбие беру құралы болған ұлтымыздың тілін қастерлейік!

Қорыта айтсам, мен ынтымағы жарасқан Қазақстанда дүниеге келіп, өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Еліміздің болашағына зор үмітпен қараймын. Еліме, Отаныма адал қызмет етіп, «дүниенің бір кірпіші болып қаланып», үлесімді қосқым келеді. «Болашаққа жоспар құрсаң, баланы тәрбиеле» - деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты барынша жақсы тәрбиелесе, егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгі желбіремек.

Мен сияқты бүгінгі бүлдіршін ертеңгі еліміздің аптал азаматы болатынына сеніңіздер!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: мен патриотпын шығарма, мен өз отанымның патриотымын эссе, мен қазақ елінің патриотымын шығарма, патриот туралы шығарма, патриотизм туралы шыгарма, сочинение на казахском языке о патриотизме, патриоттық шығарма, патриоттык шыгармалар, патриот, шыгарма, шығарма, сочинение на казахском языке, о патриотизме, сочинение, на казахском языке, мен патриотпын, мен, патриотпын, елім деп соғар жүрегім шығарма, елім деп соғар жүрегім эссе жазу, елим деп согар журегим шыгарма, мен қазақстан патриотымын шығарма, мен қазақстанның патриотымын эссе, мен қазақстанның патриотымын реферат, мен казакстан патриотымын шыгарма, мен елімнің патриотымын шығарма, мен елимнин патриотымын шыгарма, мен патриотпын шығарма жоспар, мен өз отанымның патриотымын эссе жоспар, мен қазақ елінің патриотымын шығарма жоспар, патриот туралы шығарма жоспар, патриотизм туралы шыгарма жоспар, сочинение на казахском языке о патриотизме жоспар, патриоттық шығарма жоспар, патриоттык шыгармалар жоспар, патриот жоспар, шыгарма жоспар, шығарма жоспар, сочинение на казахском языке жоспар, о патриотизме жоспар, сочинение жоспар, на казахском языке жоспар, мен патриотпын жоспар, мен жоспар, патриотпын жоспар, елім деп соғар жүрегім шығарма жоспар, елім деп соғар жүрегім эссе жазу жоспар, елим деп согар журегим шыгарма жоспар, мен қазақстан патриотымын шығарма жоспар, мен қазақстанның патриотымын эссе жоспар, мен қазақстанның патриотымын реферат жоспар, men patriotpyn shyғarma, men өz otanymnyң patriotymyn esse, men қazaқ eliniң patriotymyn shyғarma, patriot turaly shyғarma, patriotizm turaly shygarma, sochinenie na kazahskom yazyke o patriotizme, patriottyқ shyғarma, patriottyk shygarmalar, patriot, shygarma, shyғarma, sochinenie na kazahskom yazyke, o patriotizme, sochinenie, na kazahskom yazyke, men patriotpyn, men, patriotpyn, elim dep soғar zhүregim shyғarma, elim dep soғar zhүregim esse zhazu, elim dep sogar zhuregim shygarma, men қazaқstan patriotymyn shyғarma, men қazaқstannyң patriotymyn esse, men қazaқstannyң patriotymyn referat, men kazakstan patriotymyn shygarma, men elimniң patriotymyn shyғarma, men elimnin patriotymyn shygarma, men patriotpyn shyғarma zhospar, men өz otanymnyң patriotymyn esse zhospar, men қazaқ eliniң patriotymyn shyғarma zhospar, patriot turaly shyғarma zhospar, patriotizm turaly shygarma zhospar, sochinenie na kazahskom yazyke o patriotizme zhospar, patriottyқ shyғarma zhospar, patriottyk shygarmalar zhospar, patriot zhospar, shygarma zhospar, shyғarma zhospar, sochinenie na kazahskom yazyke zhospar, o patriotizme zhospar, sochinenie zhospar, na kazahskom yazyke zhospar, men patriotpyn zhospar, men zhospar, patriotpyn zhospar, elim dep soғar zhүregim shyғarma zhospar, elim dep soғar zhүregim esse zhazu zhospar, elim dep sogar zhuregim shygarma zhospar, men қazaқstan patriotymyn shyғarma zhospar, men қazaқstannyң patriotymyn esse zhospar, men қazaқstannyң patriotymyn referat zhospar, өз, отанымның, патриотымын, эссе, қазақ, елінің, туралы, патриотизм, на, казахском, языке, о, патриотизме, патриоттық, патриоттык, шыгармалар, елім, деп, соғар, жүрегім, жазу, елим, согар, журегим, қазақстан, қазақстанның, реферат, казакстан, елімнің, елимнин, жоспар, өz, otanymnyң, patriotymyn, esse, қazaқ, eliniң, turaly, patriotizm, na, kazahskom, yazyke, o, patriotizme, patriottyқ, patriottyk, shygarmalar, elim, dep, soғar, zhүregim, zhazu, sogar, zhuregim, қazaқstan, қazaқstannyң, referat, kazakstan, elimniң, elimnin, zhospar, патриот туралы