Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер
Зерттеу тақырыбы: «Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал-мәтелдік қолданыстар
мен нақыл сөздер»
(1,2,3 слайды) Бәрі де «Шығанақтан» басталды... 9 сыныпта оқып жүрген кезде, біз қазақ әдебиетінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықта берілген «Шығанақтың» үзіндісін оқыдық. Шығарманы оқи отырып, автордың еңбек жолымен, шығармашылығымен жақынырақ таныссақ деген ой туды. Ғабиден Мұстафиннің шығармаларымен 11 сыныпта әлі де танысамыз, сол себепті шығармада кездесетін қазақ халқының халық ауыз әдебиетіне байланысты материал жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізсек деген ой туды. Жұмысты бастамас бұрын алдымызға мақсат қойдық: жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадағы суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін зерттеу, таразылау.
Жобамыздан күтілетін нәтиже: осы жобадағы материалд сөздік қорының алтын қазына екенін нақты дәлелдей отырып, мектеп мұғалімдері сабақ барысында қосымша материал ретінде пайдалануы.
Зерттеудің мақсаты: Жазушының шығармашылық шеберлігіне терең бойлау, шығарма шырайын келтірер суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін тану, таразылау.
Зерттеу барысы: Ғ. Мустафиннің өмір жолы иірімдеріне мейілінше, үңілу; шығармаларымен жақын танысу, оқу, талдау.
Зерттеу әдісі: Қаламгер туындылармен тұрмыс – тірішілігімізге сай дәстүрлі ұғымдарды, әдебіміз бен әдетімізге, салтымыз бен қарапайым болмысымызға сай қолданылған мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерді іздестіру, жинақтау және жүйелеу.
Зерттеудің жаңалығы: Жазушының халық ауыз әдебиеті қорына қосқан сүбелі үлесі,мақал – мәтелдерді зерделеу, оның мән – маңызын айқындау. Қолданыылу өрісін саралау.
Жұмыстың нәтижесі: Жазушы халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды, оны уақыт озған сайын құны артпаса алтын қазына екенін нақты дәлелдейді. Өйткені қазақтың мақал – мәтелдерінің айтары -өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік.
Қорытындылардың практикалық қолданылуы:
• Мақал – мәтелдер – тіліміздегі сөздің көркі;
• Күнделікті өмірде орынды қолдана білуі;
• Сол арқылы өз бойымызда патриоттық, азаматтық, еңбекқорлық қасиеттерің қалыптастыру
Ғабиден Мұстафин (1902-1985жж)
(5 слайд) Мұстафин Ғабиден (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1. Өмір жолы. Ғабиден Мұстафин 1902 жылы қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында ішер асқа зәрулігі жоқ күйлі отбасыңда туған.
1985 жылы 20 қаңтарда дүниеден кетті.
Уақыт аз болғандықтан өмірбаянына тоқталмай, біржолата зерттеу бөліміне көшейік.
2.Сондай себеппен 1916 жылы 14 жасар Ғабиден де Спасск зауытына барып, бір жыл орысша оқып, содан кейін орысша-қазақша мектептің 4-сыныбына түседі де, оны 1918 жылы бітіріп шығады.
3.Одан ары оқуға мүмкіндігі болмаған ол 1918—1925 жылдарда ауылдағы кеңес жұмысына қатысады.
4. Газеттерге хабар, очерк, фельетондар жаза жүре, біртіндеп көркем шығарма да жазып байқайды. 1925жылдың қаңтар айының 26-сы күні Ғабиден 16 жасар Зейнемен жеке отау құрды.
5. 1927 жылы «Жыл құсы» журналында алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» тырнақалды әңгімесі жарияланып, 1929 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» атпен жарық көреді. 1930 жылы Қарағандыға келіп, үш жыл шахтёр, слесарь, токарь болып істейді.
6. 1925-1933 жылдары білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеген.
7. 1938-1940 жылдары - «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл Ту» газетінің редакторы. Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы. "Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналына алғашында әдеби қызметкер больш орналасып, ақыры бас редакторлыққа жоғарылап, 1948 жылға дейін он жылға жуық қызмет атқарады. 1953—1957 және 1961—1964 жылдары Қазақстан Жазушылары одағын басқарды.
8. Ғабиден Мұстафин шығармашылық пен қатар қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, 6-шы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 4-5,8-10 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ол 1953—1957 және 1961—1964 жылдары Қазақстан Жазушылары одағын басқарды, Абай атындағы Мемлекеттік және Жамбыл атындағы сыйлықтардың иегері болды. Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ғ.Мұстафин көптеген ордендерімен және медальдармен марапатталған.
(6-7 слайд) Мектеп,мұражай, көше, марка
КСРО Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен Алматы қаласындағы бір көшеге, Қарағанды қаласындағы № 83 орта мектепке Ғабиден Мұстафин есімі берілген. Мектеп жанында мұражай бар. Бұл қуанышты оқиға 1989 жылы болды. (Мұражайға жазушының күнделікті пайдаланған заттары мен домбырасы, кітаптары, сонымен қатар күнделікті тұтынған заттары : шапаны, қол сағаты, үстел сағаты, таяғы, қаламы, көзілдірігі, радио қабылдағышы , ойнаған шахматы қойылған.)
2001 жылы Астана қалалық әкімшілігінің қаулысына сәйкес қалалық мәслихатының 25.12.2001жылғы №132/26-II шешімімен Астана қаласындағы жаңа көшелердің біріне Ғабиден Мұстафиннің есімі берілді.
Бұқар жырау ауданындағы «Березняки» ауылына белгілі жазушы Ғабиден Мұстафин есімі берілген. Сондай –ақ, 2002жылы Қарағанды облысында Нура өзенінің жағасындағы Токаревка кенті Ғабиден Мұстафин болып өзгертілді. Халық саны -4600 адам.Телефоннфң халықаралық коды 72138. Бұрынғы,ескіше атауы - Хансүйек. ( показать город на карте)
Мұражай көрінісі. Мұнда жазушының әке-шешесінің фотосы төрден орын алған. Мұражай қазір де өз жұмыстарын жалғастырып, жаңа материалдармен толықтырылуда.
(8 слайд)
Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай торқалы мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, жазушының ескерткіш-мүсіні орнатылды. Бюст шынайылық мәнерде орындалған, мүсіншілер жазушының ой үстіндегі сәтін бейнелеуге бар күштерін жұмсаған. Қызыл түсті гранит тақталармен қапталған. (Мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Т.Т. Ермеков, М.О. Сыдықов)
(марка) 2002 жылы Ғ. Мұстафиннің мерейтойына арналған пошталық марка шығарылған.
(теңге) Ғ. Мұстафиннің туғанына 100жыл мерейтойы қарсанында (нақтылап айтқанда, 2002 жылдың қазан айының 29) 50 теңгелік ескерткіш металл ақша айналымға енгізілді. Теңгенің диаметрі-31 см., қалыңдығы -2мм., салмағы -11,17.Таралымы - 50мың дана.
«Аверсі» жағында, яғни бет жағында ҚР-ның мемлекеттік елтаңбасы мен ақшаның номиналы 50теңге деген, оң жағында мен сол жағында ұлттық ою-өрнек және "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар.
(9слайд) Ғабиден Мустафин көптеген шағын туындылырды өмірге әкелді.
( 9-10 слайд) Әдебиет – ең алдымен сөз өнері. Тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма бола алмайды. Ел ішінде қаншама асыл сөз жатыр десеңізші. Таланттың үлкен бір қыры – халықтың тіл байлығын меңгерту. Халық тілі – түпсіз дария. Ал Ғабиденнің шығарманың тіліне үңілсек, ол аз сөзбен көп мағына беруге, сөйлемді дәл, жинақы, қысқа да нұсқа құруға шебер –ақ. Шығармадағы бірталай сөйлемдер ді мақал – мәтелге, қанатты сөздерге айналды. Ал мақал мен мәтел дегеніміз не?
Мақал - өмір құбылыс жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Ал мақал - мәтелдердің айырмашылығы мен ортақ белгілерін анықтап алайық.
Ал мақал - мәтелдердің айырмашылығы мен ортақ белгілерін анықтап алайық.
Айырмашылықтары:
Мақал: 1-Құрылысы 2 бөлімді болып келеді.
2. Ой ашық, тура айтылады.
3. Ақыл – кеңес, үлгі - өнеге түрінде айтылады.
4. Істің салдары мен себептері қатар айтылады.
Мәтел: 1. Көбіне бір бөлімді болып келеді.
2. Ой астарлап айтылады.
3. Көбінесе эмоциялық мағына басым болып келеді.
4. Істің салдары айтылып, себебі айтылмайды.
Олардың ортақ белгілері: 1.Екеуі де ауыз әдебиет үлгісі. 2. Сөз байлығын көрсетеді.
Біз роман оқып жатқан кезде көптеген осындай сөздерге көңіл бөліп, тақырып бойынша бөлуге тырыстық. Олар - Отан, еңбек, жақсылық пен жамандық, адамгершілік, тәрбие, бірлік, ынтымақ, достық және тағы басқа тақырыптар.
(11 слайд) Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды. Ғабиден Мұстафин шындықты ғана жазған жазушы, сондықтан да ол Шығанақтың ауылына барып, айлап жатып өмірін, еңбек жолымен танысқан. Сондай-ақ шәкірттерімен, келіні Анарханмен кездесу барысында Шығанақтың мінез-құлықтарымен танысып, жеке өмірі туралы да мәлімет жинақтаған. Жазушы жеке күнделікпен де танысқан болар деген ой туады. Шығанақтың диқаншылық еңбегі мен өнегесі туралы мәліметтер Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде сақтаулы. Бұл романы 1945 жылы жарияланған. Романның негізгі оқиғасы – Ұлы Отан Соғысы жылдары тарыдан мол өнім алып, дүние жүзілік рекорд жасаған еңбек озаты Шығанақ Берсиевтің өмірі мен еңбектегі ерлігі баяндалады. Шығанақ бейнесін жазушы халық бойындағы даналық қасиетін жаңа сападағы бір үлгісі, өнегелі адам етіп көрсетеді.
Романды жазу үшін материалды қалай жинастырған деген сұрақ қызықтырды. Зерттеу барысында біз осыған жауап таптық. Жазушы “Шығанақ” романына материал іздеп, Ойылға барып, (ол кезде Шығанақтың қырқын беріп жатқан еді), атақты тарышының шәкірттері Зәуре Баймолдина және Есбатыр Меңдібаевтан Шығанақтың ақ тарының жаңа тұқымын қалай қалыптастырғаны, тұқым жинау тәсілдері хақында айтуды сұрады. Ал Шығанақтың келіні Анарханмен әңгімелесу барысында жазушы одан атасының күнделікті тұрмыстағы, үй - ішіндегі дағдылары, талық ықылас- мейірінің көріністері, адамгершілік жайында айтуды өтінді. Романда суреттелген оқиғалардың басым көпшілігі Шығанақтың күнделігіне түскен мәліметтерімен үндесіп келіп отырады.Жазушы жеке күнделікпен де танысқан болар деген ой туады. Шығанақтың диқаншылық еңбегі мен өнегесі туралы мәліметтер Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде сақтаулы.
Сонымен, «Шығанақ» шығармасында кездесетін мақал – мәтелдерге көңіл бөлсек:
Бірлік, ынтымақ туралы: (4)
1. - Осы маңдағы елдің бәрі де колхоз болды ма?
- Колхозсыз жер бар дейсіз бе? Әлде, сіздің жақ болыңқырамай келе ме?
- Кім қалпында отыр дейсіз.
-Бәсе, ел-елдің бір-ақ осыған келді деседі ғой.
- Дегнемен, “Ортақ өгізден, оңаша бұзау” жақсы да.
-Әй, балам-ай,ол заман мен бұл заман бір ме? Заманына қарай амалы да
бар емес пе? (мәтел - 15 бет )
2.- “Құм жиылып тас болмайды, құл жиылып бас болмайды” дегендей, бірлікті айтқан ғой бұрынғылар. ( мақал - 82 бет)
3.- Тыныштық іздеп барамыз,-деді Олжабек.
- Ол қайда бар екен?-күліп жіберді Жамал.
- Дүние кең ғой, соның бір жерінде бар шығар әйтеуір... “Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас” деген қайда?
- Колхозға еріп солар-ақ қарық болсын, - деді Олжабек. (мақал - 17 бет)
4. - Айтатының бар ма?
Елді бірнеше бригадаға бөлсе деймін. Әрбір бригада жерді өлшеп, сыбаға берсе. Социалистік жарыс ұйымдастырса. Колхоз басқармасы көшпелі қызыл ту жасап, оны озық бригаданың қосына тігіп қойса. Бұл, Шықаң айтқан үгітке жатады. Ал енді қазақтың “мың сіз-бізден, бір шыж-мыж” дегені де бар ғой. Кішігірім екі қара бәйге жарияласа деймін. ( мәтел – 103 бет)
Еңбек туралы: 2
1. - “Қалауын тапса қар жанады. Бабын тапса құм да жанады.” Осы қазақ жердің бетін көріп, астын әлі көрмей жүр. (мәтел - 38бет)
2. “Жұмыскерді мініскер жұмсайды”. Мұның мініскерлік емес. “Опыр,істе” деу бәрінен оңай. Соның ебін,жолын табу қиын. (мақал - 107бет)
Уақыт туралы: 2
1. - “Бүркіт қартайса тышқаншы” деген еді , Шығанақ енді торғайға түскен бе, деп қалжындай келді Төкен. Ақтөбеден қайтқалы жалаң Төкен емес, Шәңгерей де Шығанақпен жылы сөйлесетін болған. Бүгінгі әңгіме бұрынғыдай керіске соқпай, сыпайы сөзбен, іштей арбасумен өтетін түрі бар. (мәтел – 99 бет)
Жақсылық пен жамандық туралы: 1
1. Жақсылық, тіпті, жақын көрінеді маған. “Ақыл ойдан артық емес”, көре келе осы отырғанның бәрі машиненің құлағында ойнайды.(мәтел – 38 бет)
Мырзалық туралы:
1. “Берген мырза емес, алған мырза” дейді қазақ. ( мақал -139бет )
2. Ала білген бере де біледі. “Жүйрік атқа қамшы ауыр” деген де осы қазақ емес пе?! (мақал -140 бет)
Адамгершілік туралы: 5
1. “Жоғары көңілге, қысқа қол жете алмай тұр” дедің ғой. Мен де соған жете алмай жүргеннің бірімін. Қайтсек жетеді?
-Сол шіркін жеткізбес, сірә.
- Жоқ, жеткізеді. Мынау жеткізеді! – деп Шығанақ майға илеген тары талқанды сұқ қолымен көрсетті. (мәтел - 56 бет)
2. Қали қасына келіп отырған соң, Шығанақ мәтелдей жөнелді.
- “Қаз орғанына семіреді. Қарақұс тойғанына семіреді”. Біз қарақұс емеспіз.
“Асқанда айтпа, сасқанды айт”. “Етті айтпа, ниетті айт” деген. Бәрі де болды. Енді орныңнан қозғалма. (мәтелдер 55-56 бет)
3. - Жеке меншікте малдарыңыз қанша?
- Отағасыда бір бие, бір сиыр бар. Менде сымпылбай да жоқ, -деді жігіт.
Екі көзі екі жаққа қарп тұр екен, “Көзіңе сөзің сай шықты” дегендей Жамал бір жымиды. (мәтел - 91 бет)
Достық туралы:2
1. Қали енді ғана:
- “Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл” деп еді. Атыңыз қалай, отағасы? – деді.
- Әкем аты Берсе. Өз атым Шығанақ. (мақал - 57бет)
2. - Қай жерде екен?
- Білсем әлдеқашан айтпайым ба? Кім біледі қайда екенін. “Сұрай – сұрай Мекке барады” деген, табармыз сұрастырып. ( мәтел - 18 бет)
Қонақжайлық туралы: 1
1.- “Қонақ таңдап қонады” , - деді, - бірақ қазақтың қай үйіне барсаң да тостағандай қарын тояды. Көлдей көңіл тола бермейді. Сенің бір сөзің ой қозғап, бірқатар жерге барып қайттым.
- Қай сөзім? – деді Қали. (мәтел - 56 бет)
Тәрбие туралы: 5
1. - “Ысылмаған ауыздан кедір – бұдыр сөз шығады. Кедір – бұдыр сұр тастан асыл қазына алтын шығады”. Олжабек сөзі өзі алтын. Шығанақ сөзі сапы алтын. Бірінің ойы да, бойы да ер жетіп қалған. Екіншісі, талпынған жас бала тәрізді.Жаңа дүниені қармайды, қарымына сыймайды. ( мақал - 74бет)
2. - Мен, дүниенің ең қызығы алу емес, беру деп білем. Берудің қызығын көрген – алудың да қызығын көреді.Алудың ғана қызығын көрген, берудің қызығын көре бермейді. “Қойнынан төгіліп, қонышқа құйылғанның” несі өкініш. (мәтел -115 бет)
3. Өтірік айтса күмәні қазір ашылады. Шынын айтса өзін - өзі ұстап береді. “Үндемеген үйдей пәледен құтылған” деп тұр Қабыш. (119 бет)
4. Жалпақ тілдің астынан терең философия туып бойлап барады. Сол тереңнің түбіне жеткенде “Кеңшілікте әркімнің мұршасы бар. Таршылықта тап”. “Бүгінгі күн ертең қайтып келмейді, тегіс қамты бергенін”, - деген сөзді тағы да оқыды. (???)
5. Олжабек бір қолымен тымағын, белбеуін шешіп, екінші қолымен мұртындағы мұздақты алып жатты.
-“Ауру қалса да әдет қалмайды” деген осы – ау, менсіз жерде қалай шешінесің? – деп Жамал күйеуін шешіндірді. ( мақал - 198 бет)
Шындық, өтірік туралы:2
1. “Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады”, - деді Шықа. Нағыз шындық қысылғанда ғана шығады, кеңшіліктегінің бәрі тақыстық деп біледі.(мақал - ???бет)
2. “Өтірікшінің құйрығы бір – ақ тұтам” (мәтел -144 бет)
Мінез – құлық туралы: 2
1. “Кеңшілікте әркімнің мұршасы бар”, - деді Василий Антонович,Шығанақтың сөзін өзіне қайталап. –Кішкентайды әркім жасырады,үлкенді жасыра білу керек. “Үлкейіп барып сыпайыны көргенше, кішірейіп барып шынайыны көргім келеді”. Шығанақ үлкен кісінің шын тұлғасын жаңа көргендей сүйсіне қарады. ( мақал – 144 бет)
2. - Жасыңыздан ұқыпты екенсіз, ата.
- “Жасыңда салақ болсаң, бара - бара былық боларсың”; “Жасыңда қылжың болсаң, қартайғанда мылжың боларсың” деген бар. Шырақ, сен осыныда бір ойлағансың, - деп отағасы қамытты жігіттің қолына ұстатты. (мақал - 92бет)
Арамдық, адалдық туралы: 1
1. “Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтыладының” кері келеді.Қойдым ендеше, - деді де Шығанақ бәсеңдей берді. (мәтел – 150 бет)
Мәтелге айналған афоризм. Туыстық қатынас туралы: (1)
Кіші жүзді білген ел, алдымен Адайды біледі. “Танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын” (мәтелге айналған афоризм - 51 бет)
Сонымен, Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» атты шығармасында барлығы 29 мақал – мәтел бар.
Романдағы мақал -мәтелдердің көркемдік ерекшеліктері
Мақал – мәтел – сөз мәйегі , асылы, саф алтыны. Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал – мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Прозалық, поэтиклық құрлымды болып келеді. Олардың қайсысында болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз, интонация – барлығы да бар. Мысалы: ”Асқанды айтпа, сасқанды айт”, “Құм жиылып тас болмайды, құл жиылып бас болмайды”, “Етті айтпа, ниетті айт”, “Көзің сөзің сай шықты” және т.б. Мақал- мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделген. Сондықтан олар музыкалық саздылығымен әсер етеді, негізгі ойға жетелейді.
Ал “Жасыңда қылжың болсаң, қартайғанда мылжың боларсың” , “Ауру қалса да әдет қалмайды”, “Қаз орғанына семіреді. Қарақұс тойғанына семіреді”, “Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас” сияқты мақалдар әдебиет үлгілерінде көп қолданылатын көркем тәсіл – синтаксистік параллелизмге құрылған.
Келесі мақал –мәтелдер “Қалауын тапса қар жанады, Бабын тапса құм да жанады”, “Ысылмаған ауыздан кедір - бұдыр сөз шығады. Кедір – бұдыр сұр тастан асыл қазына алтын шығады”, “Қойнынан төгіліп, қонышқа құйылады” , “Үндемеген үйдей пәледен құтылған” - эпитет сияқты бейнелі өрнектер қолданылған.
Жобамызды қорытындысы:
Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесі мол көрініс тапқан. Өз романында да Ғабиден Мұстафин осы халық даналығын кейіпкердің бойындағы қасиеттерді ашу үшін, олардың халық арасынан шыққан, өз тілін, салт – дәстүрін, шешендігін, ауыз әдебиеті үлгілерін терең меңгергендігін көрсету үшін пайдаланған. Романда кездесетін мақал – мәтелдер тақырыптары да алуан түрлі. Жазушы оларды халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани қоғамдық өмірін көрсету бағытында қолданған. Көркемдік бейнелі сөз айшықтарымен әсерлі. Оларды бірнеше салаларға бөліп қарастырылған. Олардың айтуға орамдылығы, ой өткірлігі, ұшқырлығы, терңдігі осы салалармен байланысты. Жалпы алғанда қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден және т.б. шығармаларында мақал – мәтел болып кеткен жолдар аз емес. Халық ауыз әдебиетінің осындай көркем үлгілерін қолдана отырып, Ғабиден Мұстафин тіліндегі басты ерекшелігі – афоризм, мақал – мәтел сөздердің көп қолданылуы, сондықтан ол өз шығармасын халықтық деңгейіне көтере білді. Оның көркемдік қасиет – сапасын танытты, қазақ халқының бай ауыз әдебиеті арқылы халықтық рухты бейнеледі. – (деп қорытындылаймыз).
- Алдағы уақытта осымен тоқталмай, Ғ.Мұстафиннің басқа да шығармалармен танысамыз, өткені бұл - жұмысымыздың бастамасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру