Ұмытуға болмайтын оқиғалар

 Ұмытуға болмайтын оқиғалар

Тәуелсіздікті нығайту жолындағы ғасырға бергісіз өміріміз жылжып өтуде. Талай-талай мазмұнды оқиғалар тізбегі көз алдымызда. «Қазақстан»- деген ел атын естісе, таңдана қайран қалатын әлем жұртшылығы, бүгінгі таңда біздің еліміздің әрбір аяқ алысына, аршынды қадамына қуана қол соғатын болды.
Ата бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, әрқашанда халық өмірімен тарихын, ұлттық болмысымызбен рухани жанымызды танытатын халықтың тарихи мұрасы болғаны да және болатыны да анық.
Халқымыздың елдікке, егемендікке, ерлікке, жарқын болашаққа, адамгершілікпен парасаттылыққа шақырып, жетелейтін әдеби, мәдени мұралары, сонау ежелгі дәуірден бері келе жатқан шежіреміз бұдан әрі жалғасуда.
Біздің бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлтымыздың рухын асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
Бірақ, осы елтаңбамыздың авторы туралы мәліметтер өте аз. Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің осы уақытқа дейін қандай идеялары болғаны туралы деректердің жоқтың қасы.
Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің көптеген ерен еңбектерін зерттей келе, тек қана сәулетші емес, қазір қандай тұлға???.
Міне осы ағамыздың көптеген еңбектері, өмір баяны, әзілдері туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргіздім.

1. Негізгі бөлім.
Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азат күн.
Елім, жерім, қазағым деп күңіренем,
Өйткені мен тәуелсізбін, азатпын.
Құлтай Жадыра.

Ата бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, әрқашанда халық өмірімен тарихын, ұлттық болмысымызбен рухани жанымызды танытатын халықтың тарихи мұрасы болғаны да және болатыны да анық.
Осы елтаңбамен тығыз байланысты. Елтаңбаның бейнесінде тереңде жатқан бір сыр бар. Тереңде жатқан тарихымызды, асыл қазынамызды ұштастыра білген Жандарбек Мәлібеков ағамыз болатын.
Жандарбек Мәлімбеков 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келді. 1964 жылы Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Кейін 1964 жылы Өзбекстан Республикасы ғылыми-инженерлік қала құрлысын жобалау институтында, бас сәулетші болды. 1993 жылы Астанаға қоныс аударды. Қазір Астана қаласындағы Л. Н. Гумилева атындағы Евразия Ұлттық университетінде профессор-оқытушы болып қызмет атқарып жүр. Жұбайы Ақшәйі екеуі де, Қызылордалық. Серік, Нұрлан, Досжан үш ұлынан 6 немересі бар. Серік пен Досжан әкелерінің жолын қуып келе жатыр. Нұрлан отбасымен Ташкентте тұрады. Кенже баласы Досжан осы жылы үйленді.
-2-
2. Өзбекстан Республикасына үлес қосқан шығармашылығы және жетістігі.
Негізгі шығармашылық жұмыстары:
Әндіжан қаласындағы әуежай,
Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі,
Ферғанадағы облыстық пошта,
Драма театры мен
Орталық кітапхана ғимараттары.
Қырық жылға жуық Өзбекстан Республикасы ғылыми-инженерлік қала құрылысын жобалау институтында сәулетші, бас сәулетші болып еңбек еткен. Қазақстан және Өзбекстан сәулетшілер одағының мүшесі, Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі. 1982 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласының орталығын абаттандыруға байланысты Кеңес одағы бойынша өткізілген байқауда бірінші орын алған. 1985-1990 жылдары Кеңес одағы бойынша өткізілген бірнеше архитектуралық байқаулардың жеңімпазы. «Құрмет» орденінің, «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдың иегері.

3. Қазақстан Республикасына үлес қосқан ерен еңбегі.
1992 жылдың басы болатын, Самархандағы Афрасиаб қалашығының батысында Чашма өзенінің бойындағы атақты Әмір Темір салдырған көне қорғанға барған екен. Осыны қалпына келтіруге Еуропадағы араб шейхы Аға Хан қоры конкурс жариялайды. Байқауға қатысып, мұрнына су жетпей, әбігерге түсіп жүрген кезі еді. Бірге қызмет істейтін Пердехан Гулямхайдаров дейтін қазақ азаматы Қазақстанда шығаратын «Жас Алаш» газетін әкеліп көрсеткен екен. Онда Қазақстанның Елтаңбасына, Туына байқау жарияланыпты. Қорытынды алдағы наурыз айының аяғында шығарылады депті. Уақыт тым тапшы болған. Өз жұмысым басымнан асып жатыр деп газетті айналдырып оқыды да қойды. Рәміздер байқауы ойынан кетпей қойған соң, жасап жатқан жұмысын ысырып қойды да, елтаңбаның нұсқасын сызуға кірісті.
Сақ дәуірінен кейін киіз үйдің тарихының өзі 3000 жылға кетеді, Елтаңба бүкіл әлем мойындаған мемлекеттің ерекше маңызды нышаны.
-3-
Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі сақ тайпасының өздерін ерекше айрықшаландыратын «Тамға» атанған тотем белгісінің болғандығын тарихта дәлелдейді. Аталған термин Түрік қағанаты кезінде қолданыла бастаған. Махмұд Қашқаридың атақты «Түрік тілінің сөздігі» еңбегінде бұл термин әміршіні ерекшелендіретін белгі ретінде түсіндіріледі.
ХIII-XIV ғасырларда Орта Азия данышпаны Рашид ад Динның атақты қолжазбаларында түрік елдерінің басшысы Оғыз ханның Ираннан Алтайға дейінгі жерлерді ұлдарына бөліп бергендігі туралы жазылған. Және ол хандық тамғаны дербес билік нышаны ретінде тапсырған. Әртүрлі геометриялық пішіндерден тұратын тамғалар елтаңба, мөр, таңба ретінде қолданылған. Олардың кескіндемесінде суреттер, ежелгі жазу мен бейнелеу ескерткіштері жиі, кездесіп отырады. Тамға тайпаның, рудың, отбасының және тағы басқа да меншікті білдіретін белгінің қызметін атқарған. Онымен жануарларды да таңбалаған. Бұл дәстүр ауылдық жерлерде тұратын қазақтарда әлі күнге дейін сақталған. Сонымен бірге, Қазақ елі, міне тәуелсіздік алды, қайта отау тікті деген мәселені көтеру керек болды. Шаңырақ, кереге, босағаны бөліп қарауға болмайды. Қазақта «босағаң берік, керегең кең» және «шаңырағың биік болсын» деген немесе мыңдаған жылдардан бері өлмей келе жатқан бата тілек бар. Елтаңба қазақтың тарихы, біртұтастығын қамтыған. Тіпті онда «жеті атасын білмеген жетесіз» деген ұғымды өнер тілімен жеткізген. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі, отбасының бейнесі. Шаңырақ күн шеңбері.
Тұлпар дала дүлділі, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі тәрізді. Қос тұлпардың бейнесі ертеде, жаугершілік заманда қиян-кескі шайқастардың өзінде қазақтың хандарының ғана емес, қос батырлары үшін екінші тұлпары сақадай сай тұр деген екен.
Елтаңбаны жасау үшін еліміздің дәстүріне мән берген жөн. Елтаңбаны дайындауға бір айдай уақыт кетіпті.
-4-
Жасаған жұмысын алдымен Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының өкілдеріне алып барып көрсетті. Мұндағы қазақтардың батасын алғаннан кейін Алматыға келді. Ол кезде ақпан айы болатын. Мұхтар Шахановқа келеді. Мұхаңның дүркіреп тұрған кезі еді. Ол кісі ризашылығын білдірді. Жұмысын өткізу үшін екі адамға түсініктеме жазу керек екен. Оны жазушы Дүкенбай Досжанов пен әуесқой зерттеуші Әбілхан Әбіласанов жазып берді. Сөйтіп 173-ші болып жұмысын өткізді. Жоба сессияның қарауына ұсынылған 245 жұмыстан озып шықты.
Депутаттар сол кезде жұлдызға және қошқар мүйізге қарсы шыққан болатын. Бұл « Жұлдыз Кеңес Одағының белгісі» деген пікірлерін алға тартты. Шынында онда жұлдыз таңбасы емес, бес құрлықтың таңбасы бейнеленген. Оның астарында «бес құрлықта табанының ізі қалған қайсар қазақтың бүгінгі ұрпағымыз» деген асқақ үн жатыр. Одан бөлек Елбасы депутаттарға « Жұлдыз-КСРО-ның белгісі емес, оның дінге де қатысы жоқ. Әр адамның, әр елдің өзінің жұлдызы болады. Біз жас мемлекетпіз. Біздің де жұлдызымыз жарқырап жүрсін» деп депутаттарды елтаңбаны қабылдауға шақырды. Қазақтың біртуар азаматы Салық Зимановтың «Елтаңбадан саяси астар іздемеңіздер, ол қазақтың тарихын алақандарыңызға әкеліп тосқан қасиетті таңба» деген екен. Жұлдыз өмірге жетекшілік ететін, көтеріңкілікке, талпыну мен мәңгілік биліктің нышаны ретінде бейнеленген.
- Түркі академиясы орталығының жобасын дайындаған. Содан кейін Астананың кіре берісіне Бас қаланың өз қақпасы болса деп босаға жобасын дайындаған.
«Мәңгілік ел» қақпасы қазір қала сыртында тұрғанмен, болашақта бұл маң орталыққа айналады. Төңірегінде әсем ғимараттар бой көтеріп, гүлзар жасалады. Талайлар келіп сейіл құрар, сәулетіне тамсанып, таң қалар. Бастысы мәңгілік ел болуға ұмтылған жасампаз ұлттың жанын ұғар. Салтанат қақпасының ені 20 метр, биіктігі де сол шамалас. Бұл тәуелсіздіктің жиырма жылдығын меңзеп тұр. 1000 шаршы метр аумақты алып жатыр, бұл да мың жасайтын ұлттың белгісі. Басынан аяғына дейін ұлттық нақышта безендірілген. Қақпаның қос қапталында ақ сақалды қария мен ақ жаулықты ананың бедерлі мүсіні, сонымен қатар «Тай қазан», дулығалы батыр мен бүгінгінің сарбазы да керемет шеберлікпен суреттеліпті. Қақпаның маңдайшасында «Мәңгілік ел» деген жазу жазылған.
-5-
Қорытынды.
Болашақ ұрпаққа сара жол салып, мәдениетімізбен елдігімізді әрі қарай дамытуға жол ашқан ғалымдарымыздың еңбектері ел есінде қалалары анық.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Таңдау қателеспепті. Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күретамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды.
Кейінгі кезде шығарып жатқан Елтаңбалардың түпнұсқадан ауытқып, кейбір бөліктері түсіп қалып жатқан жайлары болды, уықтардың саны әртүрлі болып, түсі де өзгеріп кеткені рас.
Елтаңба мазмұнын өзгертпей, келер болашаққа аманат. Әр бір оқушы жадында сақтап жүрсе?!....
Алайда, Жандарбек Мәлібековтың көптеген ерен еңбектерінің арқасында, елтаңба бейнесі қазақ халқының нық айнасы ретінде әлемге паш етіліп отыр.
1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының елтаңбасы қабылданып, оның авторы: Жандарбек Мәлібеков болуын тағдыр маңдайына жазған екен.
Тәуелсіз Қазақстанымыз осылайша жайнап өркендей берсін, Қазақстанның болашағы жарқын болсын!
-6-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. « Аңыз адам» журналы.
2. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері.» Алматы 2005ж
Е. Ш. Шаймерденов.
3. «Егемен Қазақстан» газеті №6-7. 2011ж
4. «Ақиқат»журналы №1, 2, 3, 4, 5, 7, 8. 2011ж
5. «Ана тілі» газеті №41, 46, 48, 49, 51. 2010ж
6. «Бала би» журналы №12. 2010ж
7. «Ұлан» газеті №45, 49, 50. 2010ж
8. Яндекс сайты.
-7-
«Ұмытуға болмайтын оқиғалар.»
Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков.
Съезд Дана Маңғыстау облысы. Қарақия ауданы. Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің 10 «б»сыныбы. Жетекшісі: Джанбаева. Маржан Нұрымқызы.
Зерттеудің мақсаты: Біздің бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлтымыздың рухын асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Бірақ, осы елтаңбамыздың авторы туралы мәліметтер өте аз. Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің осы уақытқа дейін қандай идеялары болғаны туралы деректердің жоқтың қасы. Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің көптеген ерен еңбектерін зерттей келе, тек қана сәулетші емес, қазір қандай тұлға???
Міне осы ағамыздың көптеген еңбектері, өмір баяны, әзілдері туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу.
Қорытынды: Болашақ ұрпаққа сара жол салып, мәдениетімізбен елдігімізді әрі қарай дамытуға жол ашқан ғалымдарымыздың еңбектері ел есінде қалалары анық.
Елтаңба мазмұнын өзгертпей, келер болашаққа аманат. Әр бір оқушы жадында сақтап жүрсе?!...
Алайда, Жандарбек Мәлібековтың көптеген ерен еңбектерінің арқасында, елтаңба бейнесі қазақ халқының нық айнасы ретінде әлемге паш етіліп отыр.
1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының елтаңбасы қабылданып, оның авторы: Жандарбек Мәлібеков болуын тағдыр маңдайына жазған екен.
Тәуелсіз Қазақстанымыз осылайша жайнап өркендей берсін, Қазақстанның болашағы жарқын болсын!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.« Бала би» журналы.
2.«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері.» Алматы 2005ж Е. Ш. Шаймерденов. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!