Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыс: Ұмытуға болмайтын оқиғалар » ZHARAR © 2017 | Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы, Қазақша Ғылыми жұмыс жинағы, Қазақша Ғылыми жоба жинағы, Казакша гылыми жумыс жоба дайын




  • »

Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыс: Ұмытуға болмайтын оқиғалар

Пікір.
Қазақстан тәуелсіздігіне орай «Ұмытуға болмайтын оқиғалар -Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков» атты зерттеу жұмысын алып отырған Съезд Дананың дайындығы қуантарлық жағдайда. Дананың ой-өрісі, таланты жалындап тұрған от тәрізді, сыныпта инабаттылығымен тәрбиелі, мектеп мақтанышы деуге болады. Мектепішілік, аудандық сайыс, облыстық фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушы.
Патриоттық сезімі күшті, шапшаң жылдамдығымен, пысықтығымен көрініп жүр. Патриоттық ой – өрісін дамыту мақсатында «Ұмытуға болмайтын оқиғалар --- Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков» атты ғылыми жұмысына өзімнің бағыт-бағдар кеңесімді бере отырып, еңбегі зор, талабы «асқар таудай биік болсын»,- деп зор сенім артамын.


Мазмұны
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібековтың өмірбаяны.
2. Өзбекстан Республикасына үлес қосқан шығармашылығы және жетістігі.
3. Қазақстан Республикасына үлес қосқан ерен еңбегі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


Кіріспе.
Тәуелсіздікті нығайту жолындағы ғасырға бергісіз өміріміз жылжып өтуде. Талай-талай мазмұнды оқиғалар тізбегі көз алдымызда. «Қазақстан»- деген ел атын естісе, таңдана қайран қалатын әлем жұртшылығы, бүгінгі таңда біздің еліміздің әрбір аяқ алысына, аршынды қадамына қуана қол соғатын болды.
Ата бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, әрқашанда халық өмірімен тарихын, ұлттық болмысымызбен рухани жанымызды танытатын халықтың тарихи мұрасы болғаны да және болатыны да анық.
Халқымыздың елдікке, егемендікке, ерлікке, жарқын болашаққа, адамгершілікпен парасаттылыққа шақырып, жетелейтін әдеби, мәдени мұралары, сонау ежелгі дәуірден бері келе жатқан шежіреміз бұдан әрі жалғасуда.
Біздің бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлтымыздың рухын асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
Бірақ, осы елтаңбамыздың авторы туралы мәліметтер өте аз. Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің осы уақытқа дейін қандай идеялары болғаны туралы деректердің жоқтың қасы.
Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің көптеген ерен еңбектерін зерттей келе, тек қана сәулетші емес, қазір қандай тұлға???.
Міне осы ағамыздың көптеген еңбектері, өмір баяны, әзілдері туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргіздім.

1. Негізгі бөлім.
Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азат күн.
Елім, жерім, қазағым деп күңіренем,
Өйткені мен тәуелсізбін, азатпын.
Құлтай Жадыра.

Ата бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, әрқашанда халық өмірімен тарихын, ұлттық болмысымызбен рухани жанымызды танытатын халықтың тарихи мұрасы болғаны да және болатыны да анық.
Осы елтаңбамен тығыз байланысты. Елтаңбаның бейнесінде тереңде жатқан бір сыр бар. Тереңде жатқан тарихымызды, асыл қазынамызды ұштастыра білген Жандарбек Мәлібеков ағамыз болатын.
Жандарбек Мәлімбеков 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келді. 1964 жылы Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Кейін 1964 жылы Өзбекстан Республикасы ғылыми-инженерлік қала құрлысын жобалау институтында, бас сәулетші болды. 1993 жылы Астанаға қоныс аударды. Қазір Астана қаласындағы Л. Н. Гумилева атындағы Евразия Ұлттық университетінде профессор-оқытушы болып қызмет атқарып жүр. Жұбайы Ақшәйі екеуі де, Қызылордалық. Серік, Нұрлан, Досжан үш ұлынан 6 немересі бар. Серік пен Досжан әкелерінің жолын қуып келе жатыр. Нұрлан отбасымен Ташкентте тұрады. Кенже баласы Досжан осы жылы үйленді.


Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы | | 7 157
Рейтинг:
(голосов: 15)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .