Қазақша ашық сабақ: Өзін-өзі тану | Салауатты өмір салты

Қазақша ашық сабақ: Өзін-өзі тану | Салауатты  өмір салты казакша Қазақша ашық сабақ: Өзін-өзі тану | Салауатты  өмір салты на казахском языке

Д. Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі.
Мұғалiм: Капуова Лида.
Сынып: 10
Сабақ: №11

Тақырып: Салауатты өмір салты
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: шыдамдылық,әдептілік,парасаттылық,адалдық
Мақсаты: Оқушыларды адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру ,«дұрыс әрекет » құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды салауатты өмір салтының мәнін түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың зиянды заттардың қолданудың алдын-алу
Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстану үшін шыдамды болуға,адал болуға тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. ( 5«Т»сақтау)
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».
Осындай Нұр,Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Ескерту

2.Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтағы 38-бетіндегі Д.Алленнің мәтінін талқылау.
Сұрақтар:

Сократ сақинаасы әдісі бойынша талқылау.





1.Мақсатқа жету үшін не істеу керек екен?
2.Жетістікке қол жеткізу қандай табыстарға жетелейді?
3.Өмірдегі қиыншылықты қалай түсінесіңдер?
4. «Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді,ой-санасы әдемі адам өмірдің лаззатын көреді»,-деген оймен қаншалықты келісесіңдер?
5.Сен «Алынбайтын асу жоқ» дегенді қалай түсінесің?

Ой қозғау ?
Қажетін таңда әдісі






Неге таңдадыңыз?
Жаңа сабақты тақырыбы : Салауатты өмір салты.
2. Дәйексөз.
«Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде»
Мақал
Дәйексөзді топқа бөлу арқылы оқиды, дәптерлеріне жазады.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Оқушылардың жауабын таңдай отырып, қорытынды жасау.
3. Мұғалім сыйы. Ресурспен жұмыс.
Сен мұғалімсің.......
1 тарау-1-6
2 тарау-1-4 тарау
Тарауды қара сөзбен түсіндіру.

1.Адамдардың зиянды әрекеттерге баруына қандай себептер бар деп ойлайсыз?
2.Осындай жағдайлар қазіргі кезде кездесе ме?
3.Көрсетілген видеода зиянды заттың салдары неге әкеліп соқты?
4.Егер сен салауатты өмір салтын ұстансан мұндай жағдай орын алар ма еді?
4. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушыларды жүрекшелер арқылы топқа бөлемін. Әр топқа тапсырма беремін.
Денсаулық ,салауат,болашақ топтары.
І топ: Адам өміріне зиянды заттар мен әдеттерге нелерді жатқызар едіңдер? Неліктен?
ІІ топ: Адамдар неліктен темекі шегеді деп ойлайсыңдар?
ІІІ топ: Ішімдіктің адам өміріне қандай зияны бар сол туралы ой қозғау.

1.Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)
1- топ:
................................................баламыз,
.................................................аламыз.
.....................................................
.................................................санамыз.
2-топ:
................................................күлеміз,
.................................................жүреміз,
.......................................................
...................................................сүреміз.
2 тапсырма . Жарнама ойыны.
Саалаутты өмір салтын сақтау үшін жарнамалау.
3. жағдаяттарды талдау.
I топ - Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
II топ - Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?
5. Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 42-бетіндегі В.Ягодинскийдің мәтінін оқып келу.
6.Топпен ән айту. Армансыз күнім болмайды
Сөзі:Т.Толқынқызы
Әні: Ш.Ахметованыкі
Бақытты жанмын сонда да бірақ
Көңілім кейде толмайды
Алаңсыз күліп жүрген кезде де
Армансыз күнім болмайды

Аспанда күнде айналар түнге
Арманым өлсе сол қайғы
Бақытқа сенемін
Армандай беремін
Армансыз күнім болмайды
Армандап ғұмыр кешемін күнде
Бір үміт қалсын ішімде
Арманмен бірге өсемін менде
Адам болып қалу үшін де
Аспанда күнде айналар түнге
Арманым өлсе сол қайғы
Бақытқа сенемін
Армандай беремін
Армансыз күнім болмайды
Бағалау. Жүрекшелер арқылы.
7.Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет! Сау болыңыздар!



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Ашық сабақтар жинағы, 10 сынып, салауатты омир салты ашык тарбие сагаты, салауатты өмір салты ашық тәрбие сағаты, салауатты омир салты ашык сабак, салауатты омир салты ашык сабак 10 класс, салауатты өмір салты ашық сабақ 10 сынып, ашық сабақ 10 сынып, салауатты өмір салты, ашык сабак 10 класс, салауатты омир салты, ашык сабак, 10 класс, ашық сабақ, өзін өзі тану ашық сабақ, өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар 10 сынып, озин ози тану ашык сабак 10 сынып, салауатты омир салты ашык тарбие сагаты, салауатты өмір салты ашық тәрбие сағаты, салауатты омир салты ашык сабак, салауатты омир салты ашык сабак 10 класс, салауатты өмір салты ашық сабақ 10 сынып, Қазақша ашық сабақ: Өзін-өзі тану | Салауатты өмір салты, Қазақша ашық сабақ: Өзін-өзі тану | Салауатты өмір салты сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

  • Анализ сайта www.zharar.com