Бәрі де махаббаттан басталады
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
10 сынып
Тақырып: «Бәрі де махаббаттан басталады...»
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: мейірімділік, адалдық, татулық, түсіністік.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсініктерін тереңдету және құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: өмірдің бар жақсылығының негізі «махаббат» екенін түсіндіру.
2. Дамытушылық: махаббаттың өмірлік мәнді күшіне сенімін, махаббат жолында ізгі әрекет жасау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілік: өз Отанын, туған жерін, табиғатын, ұстазын, ата - анасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, (саяхат сабақ).
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, слайдтармен жұмыс, әңгімелеу, бейнеролик, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: видео үзінді, қанатты сөздер, сызба, жүрекше қиындылары, желім, қайшы, кесте, (слайд негізінде).
Техникалық құралдар: аудио диск, компьютер, теледидар.
Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.
Тақтада: «Бәрі де махаббаттан басталады....» сөзі
Пәнаралық байланыс: педагогика, психология, «өзін - өзі тану», өмірмен байланыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
2. Балалардың зейінін жинақтау.
Саламатсыздар ма? Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Қош келдіңіздер құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, махаббатқа толы болмақ. Біз адам өміріндегі Сүйіспеншіліктің, махаббаттың рөлі туралы ой бөлісеміз.
Барлығымыз осы жақсы көңіл - күймен «ОРМАНҒА САЯХАТАЙЫҚ».
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Көптеген гүлдердің жайқалып өсіп тұрғанын көреміз, жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Міне, біз орманға да жеттік, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Түбіне барып отырығыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның тыныштығына көңіл бөліңіз. Осы ағашпен сырласыңыз. (Осы жерде 1 - 2 минут үзіліс жасау)
Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді қадірлейтінімізді, бірде, бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, дәлізден өтіп, сыныпқа келіп өз орныңызға жайғасып, отырыңыз. Осы тыныштық, қанағат, мейірім, махаббат сезімдерін жүректеріңде сақтаңыз.
Жайлап көзімізді ашып, күлімсіреңіз!
Орманға қалай барып келдіңіздер?
Мұғалім сөзі: сабағымызды жалғастыра, отырып сіздерге сөзжұмбақ жасырмақпын. Сіздер осы сөзжұмбақтың шешуші сөзін сұрақтарға жауап беру арқылы табыңыздар.
Сұрақтарға назар аударыңыздар.
1. «Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам, болмайын, сол аман ба?»- осы ғашықтық өлең сөздерінің авторы кім? (Мұқағали Мақатаев)
2. «Көзімнің қарасы» атты әннің авторы кім? (Абай)
3. Айта алмаған сезіміңді немен жеткізуге болады? (хатпен)
4. Ғашықтық сезімнің тірегі не? (адалдық)
5. Ғашықтық сезімін жеткізу үшін адамға қандай қасиет керек? (батылдық)
6. Махаббаттың жоғарғы шыңы не? (бақыт, бақытты болу)
7. Жер бетіндегі аяулы жан кім? (ана)
8. Ғашықтық символына айналған Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазары қай елді мекенде орналасқан? (Таңсық)
Сөзжұмбақтың шешуші сөзі: «МАХАББАТ»
Оқытушы: Адамзаты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам махаббаттан жаралған.
Өмір - өзен сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.
Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,
Адамзаттың талмай айтар әні ме?
Өзіңді де, өзгені де сыйласаң
Жете аларсың махаббаттың мәніне»,- дей отырып, «Бәрі де махаббаттан басталады...» атты сабағымызды бастайық! (45 мин)
Махаббат - достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай «Махаббатсыз дүние - бос» деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты.
Әлемдегі барлық жақсылық махаббат арқылы келеді. Ендеше бүгінгі сабағымыздан анаға, әкеге, Отанға, табиғатқа, досқа, бір - біріңе деген махаббат сезімдері туралы сыр шертеміз.
Осы жерде сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр.
«Махаббат» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Адамға махаббат қаншалықты қажет?
Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
Сабағымыздың белгісі ретінде мына салынған сурет нені білдіреді? Алақан, жүрек және ана мен баланы салдыңыздар.
Махаббат - өзгелерді сыйлауға негіз болады.
Махаббат - ата - анаға сүйіспеншілікті білдіреді.
Махаббат - Отанды, елді құрметтеуге үйретеді.
Махаббат - табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.
Жомарт: «Махаббат» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Ең алдымен «Махаббат деген не?» деген сауалға жауап бергім келеді. Шынымен де, махаббат деген не? Менің ойымша, махаббат - ол адам бойында туатын ең күшті, ыстық күндей, жарық айдай, асқақ та ұлы сезім. Ол - өмірдің күші, жүрегіңдегі жалынды жанға от және ішкі жанның сәні. Махаббат - түсінбестіктің, қастықтың, жамандықтың және жауыздықтың қабырғасын сындыратын құдіретті күш.
Ересен: Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
Махаббатсыз өмірдің қызығы не? Егер, дүниеде махаббат болмаса, онда барлық адамдар жауыз, қатыгез, тасжүрек болушы еді. Махаббат ерекше сезім ғой, жүрегіңді елжіретіп жіберетін. Оған адал болу қажет. Махаббат ол бір бақыт құсы сияқты, егер оған суық қабақ танытсаң немесе оған мән бермесең, ол ұшып кетеді Сол себептен шығар «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дейтін. Сондықтан, махаббатты қадірлейік, құрметтейік жас достар!
Анаға деген махаббат
Менің ойымша, махаббат ең алдымен отбасынан басталады. Махаббат - ол сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік әр нәрсеге бағытталуы мүмкін. Мәселен, ананың шыр етіп өмірге келген сәбиіне деген махаббат. Отқа түсіп жан беретін, өз Отанына деген махаббат. Өмірінің серігі болатын, ыстығына күйіп, суығына көнетін, арқа сүйер сүйгеніңе деген махаббат. Себебі адам туғанан бастап ата - анасының махаббатына, ілтипатына бөленіп, құрметі мен ізгілікті көріп,, шынайы сезімдерді жанұясында бойына сіңіреді. Кейін есейген соң, қоршаған ортадағы табиғатты, айналасындағы адамдарды, туған жерін, Отанын сүйе білген адам болашақта іздеген екінші жартысын да сүйе алады десем, қателеспеспін. Тек солай ғана адамдар арасында шынайы махаббат сезімдері пайда бола алады. Ең бастысы, махаббатты дұрыс бағалай біліңдер, достарым!
Дәйексөз: «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ». В. Белинский. Деген сауалды адам баласына қойса, сан түрлі жауап табылатыны шындық.
Ақерке: Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата - анаңның қуанышында шек болмайды. Ал сендер алған рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын, мейірленген махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді. Әрбір адам ата - анасының махаббатын сезінгеннен кейін, міндетті түрде Отанға туған жерге сүйіспеншілікпен қарайды.
Асхат: Адам дүниеге келген мезеттен ата - ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос - жаран, жора жолдастарының сүйіспеншілігін біледі. Ананың махаббатын жүрегімен сезінген баланың жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болып, мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.
Мектеп: Амандық орта мектебі
Мұғалім: Кажибаева Азин Тилековна
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?