Рефераттар


География | Жер қойнауы туралы түсінік

Жердің сыртқы қыртысы "литесфера" деп аталады. Еның радиусы 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады.
Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы дәл, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.
Жер қоймауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек,
• рудалы пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері;
• бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосферит, т,б.), етқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б. ....
Рефераттар
Толық

География | ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕЖИМДЕРІ

Әсер етуші факторларға байлапысты жер асты суларының табиғи режимдері климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. ....
Рефераттар
Толық

География | Жер асты суларының пайда болуы

Жер асты суларының пайда болуын бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары- Платон мен Аристотель. Платон жер асты сулары теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауынша тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель жер асты суларының тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюлануы нәтижесінде пайда болады деп санады.

Римдік Марк Витрувий Полий жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғандығы жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э. Зюсс жер суларының магмалық жолмен жаралғаны жөніндегі теорияны ұсынды.....
Рефераттар
Толық

Физика | Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері

Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. ....
Рефераттар
Толық

Физика | Жер тобының планеталары

Жер тобындағы планеталары-Меркурий, Шолпан,Жер және Марстың алып планеталардан айырмашылығы-олардың өлшемі кіші, массасы азырақ, тығыздығы үлкендірек, осінен айналысы баяулау, атмосферасы едәуір сиректеу, серіктері аз не мүлде жоқ.
Қазіргі кезде осы топқа жататын планеталарды (және Айды да)
зерттеу жан-жақты жүргізіледі, оған тек астрономдар ғана емес, басқа саланың мамандары да:геологтар,геофизиктер,топографтар, радиоинженерлер және т.б. назар аударуда, олар планеталарды зерттеуде жер жағдайында жақсы сыннан, өткен және планеталардың бетінің құрылысы мен атмосферасы жайлы сенімді мәліметтер бере алатын методтарды қолданады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жер салығының экономикалық мәні

Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөнінде заңдарын, Жер Кодексінде бейнеледі.
Қазақстанньң Жер Кодексінде жер республиканьң айрықша меншігі деп танылды.Жерді иелену және пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер салығы ретінде қарастырылады.
Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді -сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмас еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Жер құқығы

Жер құқығы – жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінле пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз.
« Жер туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы – Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқығының өрісіне қарай заңды көрініс. Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында былай делінеді: «... Идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді ». ....
Рефераттар
Толық

География | Жер қойнауы және оның байлықтары

Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек.
Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келді.
Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған.
Сөйтіп жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында ете тығыз орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км. шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия крем-ний, темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептеледі. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Желілік операциялық жүйе

Желілік операциялық жүйе-бағыттауға қажетті топтық ағыммен станциялық жүйелерде маңызы орасан зор.Ол осы жүйелерде барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді,мысалға алғанда станцияларда,бөлшектік желілік дискіде немесе принтерлерде,көбінесе желілік жүйе станциялық жүйеде қосылмаған.
Көбінесе компьютрлік желілерде белгіленген автономдық комьютерлер бар, ол тек ғана файлдық серверлерде қолданылады.Осындай жүйені ЛВС файлдық серверлер деп аталады.Кейбір ЛВС жүйелерінде,жұмыс уақытындағы станцияларда барлық уақытта функциялдық файлдық серверлермен жұмыс істеуге болады.Бұл бірлікрангілік ЛВС.
Компоненттік желілік операциялық жүйеде жүмыстағы станцияларда жэне файлдық серверлерде өзара бірлесіп бір-бірінің көмегімен орындалатын тіл,хаттама деп аталады.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Электронды ақпарат нарығы

Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктері нәтижесінде пайда болған және ақпаратты алмасудағы қажеттіліктермен түсіндірелетін территориялық компьютерлік желілер мемлекет аралық бағдарламаларын құрудың айнымас бөлігіне айналды.Қазіргі уақытта ғылыми және білім беру мақсатында қолданылатын,бизнесте,финанстқ—эканомикалық қызметерде,бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін және т.б мақсаттарда қолданылатын көптеген компьютерлікжелілер жұмыс істейді.Алдын ала көптеген басқа желілерді біріктіретін және әлем жиынына енуге мүмкіндік беретін глобальді желі INTERNET-ті ерекшелген жөн.Internet қолданушыларғамүлдем шексіз ақпараттық ресурстарды ұсынады.
Кез келген дамыған елде желілік құрылым сипаттамасының дамуы ГСЖ жалпы әлемдік тенденциялардың дамуында көрніс табады.Олардың бірі әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан компьютермен қолданушыларға байланыс мүмкіндігін ұсынатын түрлі желілікқұрылымдар формаларының бірігу тенденциясы. ....
Рефераттар
Толық