Қазақша реферат: Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919) » ZHARAR © 2017 | құлманов бақтыгерей туралы қазақша реферат, бактыгерей кулманов туралы казакша реферат, бактыгерей кулманов туралы казакша омирбаяны, құлманов бақтыгерей туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке бактыгерей кулманов




  • »

Қазақша реферат: Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919)

Қазақша реферат: Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919) казакша Қазақша реферат: Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919) на казахском языке

Құлманов Бақтыгерей Ахметұлы (1859 — 1919) — бірінші шығыстанушы-қазақ, шығыс ғылымының кандидаты, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. Құлмановтың арғы аталары Әбілқайыр ханның ұрпағынан тарайды.

Қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген.

Қазақша реферат: Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919)Б. Құлманов Орынбор гимназиясын күміс медальмен, шығыс тілдері мамандығы бойынша Санкт-Петербор университетін үздік дипломмен бітірген.

1890–1903 жылдары Ішкі Орданың Қамыс-Самар бөлігін басқарды. 1906–1907 жылдары Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларына қатарынан екі рет Ішкі Орда қазақтарының атынан депутат болып сайланып, онда Мұсылмандар фракциясының белсенді мүшесі болған.

Ол қазақ даласынан сайланған Ш. Қосшығұлов, Б. Қаратаев, С. Жантөрин, М. Тынышбаев, Т. Алдабергенов, Ә. Бөкейханов, А. Қалменов, А. Бірімжанов сияқты ұлт зиялыларымен бірге мемлекеттік шовинизм мен империялық саясат үстемдік етіп тұрған сол кездің өзінде ел намысы мен талан-таражға түскен қазақ жерін қорғау ісіне барынша үлес қосты.

Б. Құлманов көптеген қазақ зиялылары сияқты Ақпан төңкерісіне үлкен үміт артты. Патшаның тақтан құлауын, Ресейдегі монархияның күйреуін демократиялық өзгерістерге кең өріс ашар зор құбылыс ретінде қабылдайды. Сөйтіп жаңа өмірдің саяси қозғалыстарына белсене араласа бастайды. Өз елінде үлкен бедел иесі саналатын ол халық арасында Ақпан төңкерісінің мақсат-мұраттарын түсіндіріп, оның азаматтық идеяларын уағыздайды.

1917 жылы сәуірде Бөкей Ордасындағы елді мекендерде тұратын қазақтардың арнайы съезі болды. Съезге қазақ даласына есімдері белгілі Ғ. Мұсағалиев, И. Меңдіханов, С. Меңдешев, Б. Ниязов, М. Шомбалов, Ш. Бекмұхамбетов сияқты зиялылар қатысқан. Бұл съезд негізінде Ішкі Ордадағы басқару жүйесін жетілдіруге арналған еді. Съезд өз мәжілісінде басқару ісін жүргізудің орталық комитетін сайлады. Сонымен қатар съезд Бақтыгерей Құлмановқа «Қазақ халқының Астрахань өлкесіндегі комиссары» ретінде билік жүргізуге құқық берді. Халық алдында беделі бар Б. Құлманов ел басқару ісіне белсене кірісіп, егемендікке жетудің ірге тасын қалауға араласты. Б. Құлманов ұлтжанды қазақ зиялыларымен бірге Алаш партиясы мен оның үкіметін құруға белсенді түрде ат салысты.

Б. Құлманов 1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезіне арнайы шақырумен қатысып, съезд төрағасы болып сайланды. Съезд Алаш Орда үкіметінің билік жүргізуші органы — Халық Кеңесінің төрағасын сайлау мәселесін алға қойған кезде Б. Құлмановтың есімі Ә. Бөкейханов және А. Тұрлыбаевтармен бірге демократиялық негізде дауысқа түсті. Төрағалыққа өтпегенмен де, Б. Құлманов жаңа құрылған Алашорда үкіметінің құрамына мүше болып сайланды. Халық мүддесін жоғары қойған ол Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов сынды ұлт зиялыларымен тізе қосып, халық мұраты жолында Алаш партиясының құрамына қосылды. Алаш қайраткерлері жалпы адамзаттық гуманизм қағидаларын да ұмытпай, бүкіл қазақ халқының мұң-мүддесіне қызмет етті және бүкіл ғұмырын осы мақсатқа жетуге арнады.

Бақтыгерей Құлманов ауыр науқасқа шалдығып, 60 жасында қайтыс болған.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 24
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, құлманов бақтыгерей туралы қазақша реферат, бактыгерей кулманов туралы казакша реферат, бактыгерей кулманов туралы казакша омирбаяны, құлманов бақтыгерей туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке бактыгерей кулманов, биография на казахском языке бактыгерей кулманов, биография на казахском языке, бактыгерей кулманов, реферат на казахском языке, құлманов бақтыгерей туралы, қазақша реферат, құлманов бақтыгерей, құлманов бақтыгерей туралы қазақша реферат, бактыгерей кулманов туралы казакша реферат, бактыгерей кулманов туралы казакша омирбаяны, құлманов бақтыгерей туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке бактыгерей кулманов, Қазақша реферат: Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .