ТҰҚЫМ МЕН ЖЕМІСТІҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ

ТҰҚЫМ МЕН ЖЕМІСТІҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ

ТҰҚЫМ МЕН ЖЕМІСТІҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ
Барлық өсімдіктердің піскен жемістері сол ескен жеріне ғана түспей, жел, су, әр түрлі жан-жануарлар, адам арқылы өскен жерінен өте алысқа таралады.
Желмен таралатын жемістер мен тұқымдар. Жеміс пен тұқымды жер жүзіне тарататын факторлардың бірі — жел. Жемістері жел арқылы таралатын түрлерді ане -мохорлық өсімдіктер, ал таралу жолдарын анемохория дейді. Бұлардың тұқымы мен жемістерінің екі түрлі ерекшеліктері бар: а) бірсыпыра өсімдіктің тұқымы өте жеңіл, ұсақ және құрғақ болады; мысалы, сұңғыла мен кейбір орхидеялар әр-бір тұқымының салмағы миллиграмның мыңнан бір беліміндей ғана болады. Ондай тұқымдардың салмағы ауада ұшып жүрген шаң-тозаңдікінен артық емес, бұлар ауаның аздаған .толқынымен де жүздеген километрге ұшып бара алады: ә) бірсыпыра өсімдіктердің азды-көпті салмақты келетін тұқымдары мен жемістерінде желмен ұшып қалқып жүруге бейімделген қосалқылары болады: бірінде— көбелектікі сияқтанған шілтер қанат, екіншісінде—бақ-бақтікі, мақтанікі сияқты көптеген ұзынды-қысқалы түктер т. б. болады.
Сумен таралатын жемістер мен тұқымдар. Тұқымы мен жемісі су арқылы таралатын өсімдік түрлерін гидрохорлық өсімдіктер дейді де, ал олардың сумен тара¬лу жолын гидрорхория дейді. Сумен таралатын жемістер-дің денесінде түрліше өскіншелері болады, оның іші балық торсылдағынікі сияқты ауаға толы болады. Сонымен қатар, сумен таралатын кейбір өсімдік тұқымдары мен жемістерінің сыртында су жұқпайтын түктері немесе ішіне су кіргізбейтін тоз қабаты болады. Сондықтан ондай жемістер мен тұқымдар суда қанша жүзсе де батпайды және шірімейді, шығымдылығын да сақтап, көпке шыдайды. Бұл жолмен теңіздің, дарияның жағалауларында, сазбалшықты жерлерде және суда өсетін өсімдік жемістері мен тұқымдары таралады.
Жан-жануарлар арқылы таралатын жемістер мен тұқымдар. Жануарлар арқылы таралатын түрлерді зоохорлық өсімдіктер десе, ал олардың таралу жолдарын зоохория деп атайды. Систематикалық түрлеріне қарай, жан-жануарлармен жер бетіне таралатын өсімдіктердің де тұқымы мен жемістерінің өзінше икемделіп біткен ескіншелері болады. Мысалы, кейбір өсімдіктер жемісі мен тұқымының сыртында әр қилы келетін түктері, қылшықтары, ілмектері, қармақшалары болады. Солары арқылы жан жануарлардың жүніне, жылқының жал құйрыына, түйенің шудасына, қойдың жүніне және таы басқа жабысып алып, бір жерден екінші жерге, кейде өте алысқа тарайды. Мұндай жолмен таралатын өсімдіктер: ошаған, кәріқыз, щоңайна, иттікен және басқалар. Мысалы, түйеқарынның үш бұрышты болып келетін жемісінің бір шетінде мүйіз тәрізденген екі аша тікенегі бар, бұлардың әрқайсыларының ұшы қармақ сияқтанып, төмен қарай иіліп біткен. Солар арқылы түйеқарынның жемістері жануарлардың жүніне жабысып таралады. Қайсыбір өсімдіктердің жемісінде желмен ұшатын қанаты, сумен жүзетін трсылдағы және сол сияқты басқа икемділіктері жоқ болғанымен оның сыртында темір шегедей қатты және қысқа тікендері болады, олар жануарлардың аяына, жүрген машина доңалағына ілесіп жануарлардың немесе машинаның барған жерінде түсіп, қолайлы болса, сол жерде өніп-өсе береді (мысалы, теміртікен жемісі).
Кейбір өсімдіктердің піскен жемісі мен тұқымының сырты сілемейленіп тұрады. Егер осы кезде жан-жануар сүйкенетін бол¬са, сілемейімен жабысады да сол жануармен басқа жаққа кетеді, барып тускен жерінде өніп өседі, бұған зығырдың, дүңгіршектің, лапыздың, тұңғиықтың және басқа да өсімдіктердіқ тұқымы мен жемістерін мысалға алуға болады.
Жемістері мен туқымдары көбінесе құстар арқылы таралатын (орнитохорлық) өеімдіктер де бар. Таралудың бұл жолын орнит охория деп атайды. Етінің сыртқы қабаты (эктокарпиі) ашық реңді болып пісетін шырынды жемістерді кұстар бірден жұтады. Құстың ішек-қарынында жемісі қорытылып сүйекті тұқымы оның саңғырығымен бірге жерге түседі. Құс саңғырығы тұқымның өніп шығуына ең қолайлы тыңайтқыш болып табылады да келесі жылы көктемде тұқым сол түскен жерінде өніп шығады. (Мысалы, шие, алша жиде, өрік т. б.) Кейбір өсімдік тұқымы құмырсқа арқылы таралады (мирмекохория). Мұндай жолмен таралатын өсімдік тұқымдарының бір шетінде қарункула деп аталатын бүртіктері болады, оның құрамында май көп, онымен кұмырсқа қоректеніп жүрген кезде, өсімдік тұқымы бір жерден екінші жерге таралады. Бұған жататындар: казжуа, чистотел, қоғажай, айдарлы және т. б.
Біраз жемістің, немесе бүкіл өсімдіктер денесінің әр түрлі ерекшеліктері болады. Сол ерекшеліктер өсімдік тұқымының таралуына, өзінен-өзі себілуіне негізгі себеп болады. Бұған мысал үшін «құтырған қияр» дейтін өсімдікті алуға болады. Бұл Кавказ бен Орта Азия жерінде өседі. Бұның жемісі піскен кезде жануар немесе адам тиіп кетсе болғаны — жемісі түбінен үзіліп түседі. Сол кезде жемістің үзілген жерінен тургор қысымының күштілігінен сыртқа қарай сұйық зат шапшып шығады да әлгі жануар (адам) денесіне бүркіледі. Бұл сұйық заттың ішінде көптеген ұсақ және жабысқақ тұқымы болады. Сондықтан да жануар (адам) денесіне тұқым жабысып қалады да, одан басқа жаққа тарайды.
Кейбір өсімдік жемістерінің пісісімен жеміс қауашағы бірден шырт етіп жарылады да, оның ішіндегі тұқымдары сақпан сияқты сыртқа атылып, есімдік тұрған жерден аулаққа барып түседі. Бұған мысал үшін қоғажай, қазтабан, сары қараған, шытырлақ және т. б. өсімдіктерді келтіруге болады.
Далаларда және шөлейт жерлерде түптеніп өсетін кейбір қаңбактың жеке сабақтары өздерінің ішіне қарай иіледі де, ақырында шар тәрізді болып — домаланып қалады. Тұқымы піскенде қаңбақ түбінен үзіліп, желмен тұқымдарын жер бетіне «өзі сепкен» сияқты домалай жөнеледі. Бұл тұқымдар топырақтың ылғалы жеткілікті болса, өніп жаңа өсімдік өсіп шығады.
Мәдени дақылдар тұқымы мен жемістерін бір жерден екінші жерге адам өзі таратады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі