Ірі қара тұқымдары

 Ірі қара тұқымдары

Ірі қара тұқымдары Негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі.

Біздің республикамызда сүтті бағытта қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, латвия буырыл сиыры, қара ала сиыр тұқымы, сүтті-етті бағытта алатау, симменталь тұқымдары; етті бағытта қалмақ сиыры, қазақтың ақбас сиыры, санта-гертруда, галлювей тұқымдары, өсіріледі. Енді соларға қысқаша болса да тоқталып өтейік.
Қырдың қызыл сиыры ТМД-да сан жағынан екінші, ал Қазақ-станда бірінші орын алады. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Көк-шетау, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі ке-лісті, конституциясы мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. Сүтті. Сақа сиырлары 420—500 кг, жаңа туылған бұзаулары —30—36 кг тартады. Дұрыс азықтардырып өсірген жағдайда олардың салмағы 6 айлығында 160—180 кг, 18 айлағында 320—350 килограмға жетеді.
Сүт өнімділігі —2000 килограмнан 4500 килограмға дейін, майлы 3,6—3,8%.
Қазақстан жерінің қуаң да ыстық ауа райына төзімді келеді. Басқа тұқымдармен осы жағдайда салыстырғанда ауруға төзімді, тіршілікке бейім.
Әулиеата тұқымы жергілікті Қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен будандастыру жолымен алынтан. Тұқымдық аудандастыру жоспары бойынша Қазақстанның оңтүстігіңдегі негізгі тұқым. Басқа тұқымдарға қарағанда ыстыққа, бірқатар ауруларға (приплазмоз, тейлериоз және т. б.) төзімді келеді.
Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, емшектері орташа, біркелкі дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары 440—470 кг, жаңа туылған бұзаулары 26—30 кг тартады. Алты айлықтарында 160—170 килограмға жетеді. Сүттілігі — 2500— 3000 кг, сүтінің майлылыгы —3,9—4,1%.
Латвияның бурыл сиыры республикамыздың Ақмола, Торғай облыстарында өсіріледі. Дене бітімі орташа, сүтті мал. Сақа сиыр-ларыңың салмағы 450—520 кг, жаңа туылған бұзауларының сал-мағы 29—37 кг, алты айлықтарында —160—180 кг, 12 айлығында —250 кг тартады. Конституциясы мықты.
Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішіндеҚазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Сақа сиырларының салмағы 450—600 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 35—40 кг. Сүттілігі — 3500—6000 кг. Бірақ сүтінің майлылығы небары 3,2—3,7%. Сүттілігімен қатар еттілігі де жақсы. .Бұл Қазақстанда сүтті бағыттағы тұқымдар арасында төртінші орынды алады.
Алатау сиыры жергілікті Қазақ және қырғыз ірі қарасын швиц, кастрома тұқымымен будандастыру жолымен шығарылған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүт және ет өнімділігі қатар ұштастырылран мол өнімді түқымдарға жатады. Басы үлкен, кеудесі терең, жауырыны, арқасы, белі кең. Тұяқтары қатты, сүйегі мықты. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Түсі негізінен бурыл. Желіні орташа дамыған, Сақа сиырларының салмағы 500— 550 кг тартады. Сүттілігі —2800—3500 кг, сүтінің майлылығы — 3,8—4,0%. Таулы жайылымдарда жақсы жайылып, қоңданады
Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53—60%. Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының негізгі жоспарлы тұқымы.
Симментал тұқымы саны жағынан Қазақстанда екінші орын алады. Негізінен Ертіс өңірінде (Павлодар, Шығыс Қазақстан, Семей облыстары), сонымен қатар Орал облысында, Қостанай және Қостанай облысының бірқатар аудандарында өсіріледі.
Дене бітімі әдемі, сүйегі мықты, бұлшық, еттері жақсы дамыған. Желіндері дөңгелек немесе тостаған тәріздес келген ірі мал. Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 35—45 кг, 6 айлық бұзаулары —190—220 кг, 18 айлық баспақтары 440— 450 кг, ал өзгешелері 500—600 кг тартады. Сүттілігі 2500—3500 кг, сүтінің майлылығы—3,8—4,0%, еті дәмді болады.
Қалмақ сиыры шөл және шөлейт жағдайда әбден бейімделген етті бағыттағы ірі қара өкілі. Конституциясы мықты, тұлғасы кең де терең, бұлшық, еттері жақсы жетілген, орта салмақты. Сақа сиырларының салмағы 520—550 кг, жаңа туылған бұзаулары 20— 25 кг, 8 айлық (етті тұқымдардың төлін енесінен айыратын мерзімі) бұзаулары 200—220 кг тартады. Сүттілігі 1100—1500 кг, сүтінің майлылығы 4,1—4,5%. Табиғи жайылымда жақсы жетіліп, сойыс шығымы 55—60 процентке жетеді.
Қазақтың ақ бас сиыры ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті Қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымымен шағылыстыру жолыменсұрыптап алынған. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Денесі созылыңқы да кең. Терісі қалың май жинауға бейім. Жазда ыстыкқа, қыста аязға өте төзімді. Сақа сиырларының салмағы 500—550 кг, жаңа туылғанн бұзауларының салмағы —27—30 кг тартады. 8 ай енесін еміп өскенде . 220—240 килограмға жетеді. Сүттілігі—1250— 1500 кг, сүтінің майлылығы 3,8—4,0%. Табиғи жайылымда өте тез жетіліп, бұлшық ет талшықтарының арасына май жинайды. Еті өте дәмді. Сойыс шығымы 55—65 процентке жетеді.
Санта-гертруда тұқымы Алматы, Қызылорда, Талдықорган, облысының шаруашылықтарында шоғырланған. Тез жетілгіш етті бағыттағы ірі қара. Еттілік белгілері жақсы дамыған, ірі. Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 29—30 кг, 8 ай-лығында 220—240 кг тартады. Сойыс шығымы 60—65 процентке жетеді.
Галловей малы 60—70 жылдар аралығында Англиядан сатьш алыньш, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарына шоғырландырылған. Қара түсті келеді. ¥зын жүні (20 см) тығыз, мұқыл (мүйізсіз) мал. Конституциясы өте мьқты, ұзақ тіршілік етеді. ¥зын жүні қатты аяздардан жақсы қорғайтындықтан жыл бойы биік таулы жайылымдарда баққан пайдалы. Сақа сиырлары 450—500 кг, жаңа туылған бұзаулары 24—27 кг, 8 айында 180—220 кг тартады. Сойыс шығымы 58—60%. Еті өте дәмді де құнарлы.
Қалмақ сиыры жыл бойы тек табиғи жайылымда жайылуға бейімделген, ыстық пен суыққа өте төзімді. Көшпелі жағдайдың сұрыптауынан өтіп, шыдамдылығы шыңдалған. Қысқа қарай түбіт жүні көбейіп, жазға қарай керісінше түлейді. Сөйтіп түбіт жүнінің орнына қылшық жүні шығады. Терісі қалың болғандықтан шыбын-шіркей, масадан зәбір көрмейді. Өйткені шыбын-шіркейдің тұмсығы теріні тескенмен қан тамырларына жетпейді. Осыдан барып қан арқылы тарайтын ауруларға шалдықпайды.
Сақа сиырларының салмағы 350—550 кг, бұқаларыныкі — 800—850 кг. Бұзаулары баяу өседі. 18 айлық өгізшелер 400— 450 кг, тайынша-қашарлары 340 кг тартады. Сойыс шығымы 60—65 процент. Республикамыздың батыс және оңтүстік облыстарында өсіруге болады.
Оқушы қауымды ірі қара тұқымдарымен таныстырып өттік. Негізгі оқырманымыз дербес шаруашылық, иесі болған соң ендігі мәселе…


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады