Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі

Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі

Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи – климаттық, тарихи, әлеуметтік – мәдени, сауықтыру нысандары, сондай –ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш – жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады [2].
Ескерткіш – бұл тарих. Бұл – мінәжат. Небір бұлағай дәуренді кешіп өткен халықтың кешегі жадысын ояту, рухын асқақтату. Бүгінгі көзін тырнап ашқан асфальт басқан, алуан ағыстар мен қайшыласқан ұғымдардың ортасында есеңгіреген ұрпақтың баяу қалғыған ойын, санасын ділін тірілту. Ендеше, еңселі ескерткіштер құр әсемдік үшін емес, бұл – тірілген тарихымыз, тіктелген еңсеміз [3].
Тарихи – археологиялық ескерткіштердің туристік – экскурсиялық сапаларындағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез келген нысандары туристік- экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық – тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай –ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 -3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген «Алтын адам», 2001 – 2002 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған «Сақ патшайымы» археологиялық туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады [4].
Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байлансты жоғарыда аталған тарихи көрнекі жерлер арқылы біз елемізді дүниежүзіне таныта аламыз.
Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі [5].
Шығыс Қазақстан десе алдымен ауызға түсетін Алтай көне түркіше Алтын Иыш, ғалымдардың топшылауынша, адамзат өркениетінің алтын бесігі. Адамзат Алтай өңірін тас ғасырдан бастап-ақ қоныстана бастағанын дәлелдейтін археологиялық ескерткіштер ежелгі дәуірде « Дайти », орта ғасырда « Гамаш » деп аталған Ертіс өзені жағасынан көптеп кездескен. Кезінде жиыны 55 мыңнан асатын әр түрлі тас құралдар мен қарулар Усть-Нарым селосының маңынан табылғаны белгілі, бірақ қазір ол жер Бұқтырма теңізінің астында жатыр.Қола дәуірінде Алтайда « Андронов мәдениеті » деп аталатын айшықты ескерткіш қалдырған тайпалар мекендеген. Алтын жалатылған қола әшекейлер, түрлі үлгідегі жүзіктер, түйреуіштер, алқалар облыстың және республиканың Орталық мұражайларында тұр. Күршім ауданының Қаратоғай ауылына таяу жердегі Қозыбай өндірістік учаскесінен тас дәуірінің ең ежелгі ескерткіштері шапқыш құрал, қара түсті кремний жынысынан жасалған сындырғыш тас құралдар табылған.
Шығыс Қазақстан, әсіресе Алтай өңірі туралы аңыз-деректер « тарих атасы » атанған Геродоттан басталады. Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықтың ортасына қарай ежелгі дүние ғұламаларына Шығысты мекендейтін жұмбақ тайпалар, « Алтын қорыған самрұқтар » туралы түрлі аңыз-әңгімелер жетеді. Біздің заманымыздың І мыңжылдығының басында Ертіс бойындағы түрлі оқиғалардан Қытай хроникасы сыр шертсе, б.з. І мыңжылдығының ортасына қарай ежелгі түрік руна жазулары мағлұмат береді.
Шығысқазақстандық белгілі қаламгер Әлібек Асқаров Мұзтау мен Көккөлге арнайы сапар шегіп, кейіннен интернет беттерінен « жер жаннаты » аталған Шамбала туралы деректер қарастырыпты. « Жер үстіндегі Шамбала – көкорай майсалы мамыражай мекен, үйрек ұшып, қаз қонған сулы да нулы жер, ол жер астындағы Шамбала – хош иісі гүлдермен көмкеріліп, қымбат тастармен әшекейленген, алтын зерлі жарқыраған қала. Бұл таңғажайып қалаға кірер екі есік бар. оның оңтүстіктегі есігі – Гималай тауларының гүлжазиралы бір аңғарында, Брахматура өзенінің бастауында. Солтүстіктегі есігі – Алтай тауларында, Мұзтаудың маңайында деседі», - деген сипаттамалар тапқан.
Тарихи деректерге сүйенсек, Шығыс Қазақстанның Алтай – Тарбағатай өңірінде ежелгі заманда, біздің жыл санауымызға дейінгі уақыттарда да сақ, ғұн бабаларымыздың ұрпақтары тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде түрлі атаулармен өмір сүргенін байқаймыз. Алтай мен Тарбағатайда б.з.д. VIII – IV ғ.ғ ерте темір дәуірінде сақ тайпаларының өмір сүргені, « биік мәдениетке жеткені археологиялық қазба деректермен, тарихи-мәдени ескерткіштермен және тастағы таңба жазулармен дәлелденді. Шіліктің « Патша обалары » мен Берелдің ғажайып ескерткіштері, олардан табылған керемет дүниелер өлкеміздің өткен тарихында бай да қуатты бабаларымыздың болғанын дәлелдесе, олардың қолөнерімен жоғары мәдениеті бүгінгі ұрпақтың таңдайын қақтырып, ерекше мақтаныш сезімге бөлейтіні шындық. Қорыта айтқанда Шығыс Қазақстан - көне дәуір шежіресі [6.3].
Аягөз деген – аядай бұлақ деседі
(Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді ?)
Мұқағали Мақатаев.
2002 жылдың тамыз айында Аягөз аймығында « Қозы Көрпеш – Баян Сұлу » жырына 1500 жыл толғаны тойланды. Ғибараты мол халықтық мереке болды. Қозы мен Баян туралы жырдың төл мәдениетіміздегі орны ерекше, бірақ, ғасырлар қойнауында жатқан құпия сыр да аз емес.
Ерке Ертіс бойындағы қалалардың ең көнесі Семей деп есептеледі. Қала іргесін 1718 жылы Бірінші Петрдің шолғыншылары қалаған деседі. Тарихи деректер Семей басында қала сыртындағы Ескі бекініс (старая Крепость) деген жерде салына бастағанын, сонсоң қазіргі тұрған орында қанатжайғанын айғақтайды.
1998 жылы қаланың 280 жылдығы ұлы Абайдың ең талантты шәкірті, ойшыл ақын Шәкәрім қажының 140 жылдығымен бірге кеңінен аталып өтілді. Міне, осы тұста баспасөз беттерінде Семейдің тарихы туралы тың деректер, тосын пікірлер айтылмай қалған жоқ. Жасыратын не бар егемен ел атанғанша бар тарихымызды жарқырата көрсетіп, қашан батыл айта алып едік. Міне, енді білеміз дейтін тарихшылар бұл қала шежіресін тым әріден қозғайды. Және ол бос сөз де емес. Иілтіп, иландырар қисын да бар. Айталық, осы өңірдегі бір тау неліктен Семейтау деп аталады. Осы орайды, бірінші кезекте мекен аты емес, жер аты пайда болатыны өз - өзінен түсінікті жайт емес пе? Сонсоң тіпті Семей деген сөздің Семь палат (Жеті шатыр) деген ұғымнан шықтыға қалай қиясың?
Семейді әдетте ұлылар елі, еліміздің солтүстік шығысындағы мәдени – рухани орталық дейміз. Ол рас сөз. Мұнда ұлы Абай, ойшыл Шәкірім, дана Мұхтар іздері сайрап жатыр. Семейде орыстың ұлы жазушысы Ф. М. Достоевский мен халқымыздың ғұлама ұалымы Шоқан Уәлиханов танысып, сыйластықпен өмір кешкен.
Алаштың ту көтерген жері де – Семей. Мұнда оны айғақтайтын тарихи орындар, мұражайлар жеткілікті. Соның бірі - өлкетану мұражайы – Абай заманында ашылған. Оның ірге көтеруіне ұлы ақынның өзі де үлес қосқан. Ал, Федор Михайловичке арналған мұражай асырып айтқандық емес, қазіргі ТМД елдерінде теңдесі жоқ рухани орталық десек артық айтқандық болмас. Айтулы қаламгер Семейде қазақ халқының Шоқан сынды талантты ұлымен табысып қана қоймай, осындай екі бірдей шығармасын жазған.
Ертіс жағасындағы көне қаланың жаңа мұражайы – Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері орталығын да көзі қарақты оқырман жақсы біледі. өйтекні, Семей «Третьяковкасы» атанған бұл өнер үйінде соңғы жылдары көшпелі көрмелер жиі ұйымдастырылып, ол дәстүрге айналып отыр.
Семей мұражайлары туралы әңгіме қозғалғанда осындағы Абайдың мемлекеттік қорық – мұражайы туралы айтылар сөз ерекше – ақ. Ұлы ақынның 150 жылдық дүбірлі тойында ол өз алдында бір қалашыққа айналды. Ал, Мұхаңның 100 жылдығында оның филиалы есебіндегі «Алаш арыстары» мұражайы жеке шаңырақ көтерді. Сол тойда көптеген игі шаралар атқарылды. Соның бір дәлелі Ленин атындағы орталық алаңды ақын есімі алмастырды. Ал «күн көсем» болса тарихи ескерткіштер аллеясына барып жалғасты. Тегінде большевиктер серкесінің ескерткіші Семейде, елімізде бірінші болып тұғырынан түскенін айта кету де жөн шығар. Дегенмен, босаған тұғырға ұлы ақын ескерткіші қойылады деген сөз орындалмай – ақ келеді. Бұл кім – кімді ойландыруға тиіс деп ойлаймыз.
Абайдың Жидебайдағы қорығы-Қарауыл өзенінің жайылмасындағы жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайдағы он сегізінші ғасырдың сексенінші жылдары мен он тоғызыншы ғасырдың елуінші жылдары шамасында тобықты руының Мамай, Жігітек аталары қоныс еткен. Ал он тоғызыншы ғасырдың ортасына таман Жидебай –Мамай батырдан тараған Еламанның бір ұрпағы –Борсықбай, Барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 жылы Құнанбай Жидебайдың солтүстігінде он бес шақырым жердегі күзеуден, Ескітам деген қоныстан жиырма балаға арналған медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абайсегіз жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан. 1880 жылы Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдыртқан. 1885-1892 жылы аралығында Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған кенже баласы Оспанның еншісіне тиген. 1892 жылы ескіше 1 мамырда інісі Оспан дүние салған соң абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен. Абайдың шешелері Ұлжан мен Айғыз да бір кездерде Жидебайда тұрған. Абайдың ұлы шешесі Зере әже осы Жидебайда дүниеден қайтқан. Жидебай- жиырмасыншы ғасырдың соңында тарихи-мемориалдық, экологиялық қорыққа айналды. 1990 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысымен Жидебай қорығының жалпы аумағы 64 шаршы шақырым болып белгіленді. Мемлекет қарауына алынған қорық құрамына енген тарихи елді мекендер, қыстаулар, зираттар, көл-сулар мен көгалды алқап, төбе-шоқылар республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемлекеттің қорғауына алынды. Қорық құрамына Абайдың мемориалдық мұражай-үйі, Абай-Оспан және Шәкәрім-Ахат ескерткіштер кешені, Зере, Ұлжан, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукенбай, Еркежан бейіті басындағы белгілер, Құнанбай құдығы, Оспан көлі, Мұсақұл төбесі, Махмұт қорасы, Зұлғарыш қорасы, Ырыздыбай қорасы, Тұрағұл қорасы. Осы аталған тарихи-мәдени ескерткіштердің барлығы да Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында 1996 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылды.








Еңлік-Кебек ескерткіші, Махаббат мұнарасы- билер сотының келісімі бойынша 1780 жылы құрбан болған қос ғашық-Еңлік пен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш мұнара. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей-Қарауыл тас жолынан 5 шақырым жерде. Ескерткіштің қазіргі тұрған жері бұрын «Шұбартөбе» деп аталған. Еңлік-Кебек ескерткішінің өз тарихы бар. Он сегізінші ғасырдың 80-жылдарында сүйіп қосылған екі ғашықты мейірімсіздікпен ат құйрығына сүйретіп өлтіруші топ олардың денесін өздерінің ақтық тілектері бойынша бірге көмеді. Келесі жылы Шұбартөбені қоныс еткен рулар Еңлік пен Кебектің қабірін таспен сандықшалап, қайтыс болған ағайындарын «ер-азамат жалғыз жатпасын »деп сол араға жерлейтін болған. Сөйтіп бара-бара Шұбартөбе үлкен қорымға айналған. 1875-80 жылдары Абай аулына қонақ болып, тобықты елін аралаған Біржан сал Еңлік-Кебек бейітін көреді. Келесі жылы Біржанның тапсыруымен қабірді сандықшалап, басына құйма кірпіштен шағын мұнара тұрғызады. Қабір сандықшасының тұрқы тұтас, құбыла жақ басы екі айыр болған. Бұл қабірдеғі адамның екеу екендігін білдірген ишара болса керек. Кейін мұнара құлап, оның ізі ғана қалады. 1960 жылы Абай ауданының тұрғындары Еңлік-Кебек бейітінің басына қазіргі жаңа ескерткішті түрғызды. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үстіне тегістелгіп,алаң айналасы жалпақ тақта-тастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аоаса сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биіктігі 6 метрлі мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында «Еңлік-Кебек»деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 9 шақырым жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды деп жазылған тағы бір ескерткіш бар. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!