Туристтік фирманың бухгалтерлік есебін жүргізу

Туристтік фирманың бухгалтерлік есебін жүргізу

Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні

Қазіргі жағдайда туризмнің дамуы қарқын дамып келеді. Ол туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті жолға қойды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік нарық мына бағыттарда бөлінеді:
• келу туризмі – Қазақстанға келген шетелдіктерге қызмет көрсетуге бағытталған;
• кету туризмі – Қазақстан Республикасы азаматтарының алыс-жақын шетелдерге сапарын ұйымдастыру;
• шоп-туризмі – «желаяқтылармен» («челноктармен») қызмет ету;
• ішкі туризм – ел ішіндегі туристермен жұмыс;
• әлеуметтік – мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарына бөлінетін қаражатынан демеу көрсетілетін саяхат;
• өздігінше (самодеятельный) – туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын, жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.
Бұған қоса, туристік бизнестің өзінің ерекше терминологиясы бар:
• турист – уақытша 24 сағаттан 6 айға дейін қатар келетін немесе бір түнеп қана қайтатын, денсаулығын түзеуге, ел көріп, жер тануға, кәсіби іссапармен, спорттық, діни немес ешқандай мақсатсыз, бірақ ақысы төленетіндіктен елге келетін азамат;
• туристік ресурстар – табиғат, тарихи орындар, туристерге көрсетуге арналған әлеуметтік-мәдени объектілер, мондай-ақ туристердің рухани қажетін өтейтін, олардың күш-жігерін молайтуға ықпал ететін басқа объектілер;
• туристік индустрия – қонақүйлер мен басқа да орналастыру құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық құралдары мен объектілерінің, танымдық, іскер, емдеу, спорт және басқа тағайындаудағы объектілердің және туроператорлық мен турагенттікқызметті жүзеге асыратын субъектілердің, сондай-ақ экскурсиялық қызмет көрсету мен жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсету субъектілердің жиынтығы;
• тур – туристердің орналастыру, жүктерін тасу, тамақтандыру бойынша қызмет көрсетудің, экскурсиялық қызмет көрсетудің, сондай-ақ жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсету мен сапардың мақсатына қарай болатын басқа да қызмет көрсетудің кешені;
• туристік азық-түлік – туристерге өткізуге арналған турға құқық;
• туристік азық-түліктің жылжуы – туристік азық-түлікті өткізуге бағытталған шаралар кешені (жарнама, мамандандырылған көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысутуристік жобаларды сату, каталог, буклет шығару және т.б. бойынша туристік ақпарат орталығын ұйымдастыру);
• туроператорлық қызмет – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің (туроператордың) лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті қалыптастыру, жылжыту және өткізу қызметі;
• турагенттік қызмет – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің (турагенттің) лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті жылжыту және өткізу қызметі;
• туристік жолдама – туристік азық-түлікті тапсыру фактісін растайтын құжат;
• туристік кепілхат (ваучер) – тур құрамына кіретін қызмет көрсетуге туристің құқын белгілейтін және оны көрсету фактісін растайтын құжат;
• туристік кәсіпорын – туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша бір немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұлға, ерекшеленген шаруашылық бірлігі.


Турбизнес кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заң бойынша (15 бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001 ж. №1213 «туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысында сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар және турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізілімге енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 09.01.2002 ж. №06-2-2/3 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттарының формалары бекітілген.
Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық-құқық сақтандыру келесімшатрын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.
Туристік бизнестегі суюъектілредің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыру керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақтылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақтылы алу.
Туризм – Қазақстан Республикасы азаматының уақытшакетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен-жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдқ, кәсіби-іскерлік және т.б. сапарлары.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік епестің жүргізу тәртібі ҚР Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13-ші маусымындағы №211-II (22.02.02 ж. №296- II өзгертулермен) «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттемеленген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралық стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:
• негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);
• ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы)
Бұған қоса олар БЕС 30 «Қаржылық есеп берулерді табыс ету» реттемеленіп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңда белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъектілер әзірлеп, пайдаланатын кәсіпорындарындағы «Есептік саясатқа» қабылданды.
Есептік саясатта мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олрадың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операцияларын ресімдеуге материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері, құжат айнылымы тәртібі, есептік ақпараттарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Есептік саясатты субъект басшысы бекітеді. Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7-бабына сәйкес субъект басшысы есептік жүйені жасауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісімшартпен мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығын Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрлігі аудитта жүзеге асырылады.


Шығын құрамы және туристік азық-түліктердің өзіндік құндарын калькуляциялау

Туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылатын шығын құрамы БЕС N=7 «тауарлыматериалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсыныспен реттемеленеді. Осы құжаттарға сәйкес туристік азық-түліктердің өзіндік құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі құрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді.
Туристік азық-түліктердің өндірістік өзіндік құнына тікелей жәнежанамаға бөлінген шығындар қосылады.
Тікелей шығындар – бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына тікелей қосылуы мүмкін шығындар (туристік азық-түліктерді өндіру және өткізумен байланысты қызметкерлердің еңбекақысы, аударым (21%әлеуметтік салық) және әдеттегінше шығын элементтердің қимасында (в разрезе) ескеріледі).
Жарнама шығындар – бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық телефонмен сөйлесу шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет көрсету төлемі, жарнамалық (каталогтар) және сувенирлік өнімдерді дайындау, жалдық ақы). Өндірістегі процестегі қызметтік рөлі бойынша айрықшаланатын олар кешенді баптары (бірнеше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.
Туристік азық-түліктерді өндіру шығындарын топтастыру экономикалық мазмұнына және БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» мен оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады:
А) экономикалық элементтермен:
• материалдық шығындар;
• еңбекақы шығындары;
• аударым;
• құралдардың тозуы;
• басқадай шығындар,
ә) шығын баптары бойынша:
• материалдар;
• еңбекақы;
• аударым;
• үстеме шығындар.
Туристік аызқ-түліктерді өндірудің шығын есебіне 900 «Негізгі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» калькуляциялық шоттар, 930 «Үстеме шығындар» жинау-бөлу шоты және «Алдағы кезең шығындары» 34 бөлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойынша бұл шоттармен бір элементі шоттарға алдын ала жиналған шығындар ескеріледі, ал кредит бойынша есептен шығарылады. 900, 920, 930 шоттарының сальдосы жоқ және айдың бітуі бойынша бұл шоттарда дебет бойынша жиналған шығындар «Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» 801 шот деьетінде есептен шығарылады.
БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес туристік азық-түліктердің өзіндік құнына мыналар қосылады:
1) туристік субъектілерді туристік азық-түлікті қалыптастыратын жұмысшы кшімен (қызметкермен) қамтамасыз ету шығындары;
2) аударым (әлеуметтік салық);
3) көлік шығындары: тасымалдап қызмет көрсетулер (әуә, темір жолдары, су жолы);
4) туристік фирмалардың асырау, қызмет ету және басқару шығындары;
5) жаңа туристік азық-түлікті әзірлеу және игеру шығындары;
6) турды жүзеге асыру бойынша қызмет көрсеткені үшін басқа жақтағы субъектілерге (тұлғаларға) төлемақылар;
7) контрагенттерге коммисиялық сыйақы;
8) басқадай шығындар мен төлемдер.
Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі. Еңбекақы шығыны нормаланбайды және туристік кәсіпорындарды қабылданған есептік саясаттың тәртібіне сәйкес әрекет ететін туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылады.
Туристік субъектілер еңбекақының формасын, жүйесін және мөлшерін ҚР3 № 493-1 (20.12.1999 ж.) «Қазақстан Республикасында еңбек туралы» ҚР Заңына, еңбекақының формасы (мерзімдік және кесімді) мен жүйесі (жай мерзімді, мерзімдік-сыйлықақылы, тікелей кесімдіақы, кесімді-сыйлыақылы, ілгері-кесімдіақы, жанамалы кесімдіақы, акордтық) белгіленген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 12.05.2000 ж. №111-п. Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2000 ж. №1942 «Қызметкерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі туралы нұсқау» және «ҚР еңбек мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар» қаулысына сәйкес дербес белгілейді.
Туристік субъектілерді жұмысшы күшімен (қызметкермен) қамтамасыз ету шығыны мына жазу бойынша бухгалтерлік есепте көрініс табады:
902 «Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы» шот дебеті
681 «еңбекақы бойыншақызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті 60000.
• Аударым (әлеуметтік салық) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдік азаматтарының және Қазақстанда тұрақты тіршілік ететін азаматтығы жоқ тұлғадардың еңбекақы қорынан Қазақстан Республикасы «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбекақы қорынан аудару (әлеуметтік салық) сомасына бухгалтерлік есепте мына жазулар жазылады:
903, 923, 933 «Еңбекақыдан аудару» шоттар дебеті
635 «Әлеуметтік салық» шот кредті
Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасын төлеу 20.06.97 ж №136-1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Зңмен, ҚР Үкіметінің 16.09.97 ж. №1342 «Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықта Қазақстан Республикасы азаматтарына Әлеуметтік жеке код иемдену тәртібін бекіту туралы» қаулысымен, ҚР Үкіметінің 15.03.99 ж. №245 «Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және аудару Ережесін бекіту туралы» (29.12.99 ж. №2010 өзгертулермен және толықтырулармен) қаулысымен және қызметкерлердің еңбекақысының басқа да нормативті құжаттарымен реттеледі.
Мұнда мына жазулар жазылады:
681 «Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу» шот дебеті
686 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырыс» шот кредиті 6000.
Негізгі құралдар амортизациясына байланысты шығындар туристік фирмалардағы есептік саясатқа қабылданған әдістермен анықталып, көрініс табады:
821 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 811 «Өнімді өткізу шығындары», 935 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шоттар дебеті
131-134 «Негізгі құралдардың тозуы» шот кредиті 1820
Жалпы шаруашылықтың шығындарына келсек, туристік азық-түліктердің өзіндік құнына субъектілерге қосылмай, қорытынды табысты кеміту есебінен орны толтырылатын кезең шығындары (есептік кезеңге көшірілетін шығындар) ретінде танылады. Олар өндіріс көлеміне тәуелді емес және нақты туристік өнім түрлерімен байланысы жоқ тұрақты шығындар ретінде анықталады.
• Көлік шығындары: тасымалдаушының (көшірушінің) қызмет көрсетулері (әуә, темір жолдары, су, ауа жолдары және т.б. төленген комиссиялық сыйақыны қосқандағы турға қосылатын жол құжаттары) мұнда мынадай жазу жүзеге асырылады:
а) алынған жол құжаттарының сомасына(комиссиялық сыйақыны қосқанда):
938 «Басқадай» үстеме шығындар шот дебеті
671 «Төленуге тиісті шоттар», 987 «Басқадай кредиторлық берешек» шоттар кредиті
ә) жол құжаттарының төлемақысы:
671 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті
441 «Ағымдық шоттағы ақша», 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 422 «Чек кітапшасындағы ақша», 333 «Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шоттар кредиті 459000.
• Туристік фирманың асырау, қызмет ету және басқару шығындары.
1. Материалдық шығындар:
821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті
201-206, 208 «Материалдар» шоттар кредиті.
2. Басқарушы қыметкерге еңбекақы есептеледі:
821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті
681 «Еңбекақы бойынша қыметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті.
3. басқарушы қызметтердің еңбекақы қорына аудару сомасына (әлеуметтік салық):
821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті
635 «Әлеуметтік салық» шот кредиті.
4. Жарнама және туристік азық-түліктерді нарықта жылжыту шығындары:
811 «Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу шығындары шот деьеті
671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті.
• Турды жүзеге асыруға қызмет көрсеткені үшін басқа жақтың субъектісіне (тұлғасына) төлемақылар.
Туристерді орналастыруға қызмет көрсетулер – қонақ үйлермен, пансионаттармен, санаторийлермен, демалыс үйлермен және т.б. қызмет көрсету, оның шығынын туристік фирмалар серіктестік туралы келесімшартқа сілтеме жасай отырып, тариф бойынша орнын толтырады:
а) тұрғаны үшін:
905 «Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті
671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті
ә) орналастыру және тұрғызу бойынша көрсеткен қызметі үшін берешектерді төлеу:
671 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті
441 «Ағымдағы шоттағы ақша», 541 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 422 «Чек кітапшасындаңы ақша», 333 «Есеп беретін адаммен есеп айырысу» шоттар кредиті 3060000.
• Жаңа туристік азық-түліктерді дайындау және игеру шығындарына менеджерлерге таныстыру турының шығындары, қызметкерлерге тіл үйрету курсының шығындары, басшылардың келеісшатрқа қол қоюына қызметтік іссапар шығындары және т.б. шығындар жатады.
а) жүзеге асырылған шығындар сомасы:
343 «Басқадай» алдағы кезең шығындары шот дебеті
671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті
ә) есептеу принциптеріне сәйкес алдағы кезеңдерге жолдаманы өткізу шығындары жолдама сол уақытта сатылғандықтан есептік кезең шығындары деп танылады:
905 «Басқадай» алдағы кезең шығындары шот дебеті
343 «Басқадай» алдағы кезең шығындары шот кредиті.
• Мыналарды жүзеге асырған контрагенттерге комиссиялық сыйақы:
а) туристік азық-түліктерді сату:
905 «Басқадай» алдағы кезең шығындары шот дебеті
687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті
ә) комиссия келесімшарты бойынша сыйақы төлеу:
687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті
441 «Ағымдық шоттағы ақша», 541 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 422 «Чек кітапшасындағы ақша», 333 «Есеп беретін адаммен есеп айырысу» шоттар кредиті
• Басқадай шығындар мен төлемдер.
Визалық (рұқсатнамалық) қызмет көрсету – туристік фирмалар әдетте туристік азық-түліктердің құнын қоспай, туристерден консульдық алымды өндіріп алады. Мұнда сына жазулар жүзеге асырылады:
а) туристерден консульдық алымды өндіріп алу сомасына:
451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
687 «басқадай кредитоорлық берешек» шот кредиті
ә) консульдық алымды төлеуге курьерге аванс беруде:
333 әесеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот дебеті
451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті
б) аванстық есеп берудің негізінде:
687 «басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті
333 «Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот кредиті.
• Ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетулер агенттері туристік агенттік блоып табылатын сақтандыру компаниялары туристерге қызмет көрсетеді. Агенттік келісім – жеке немесе заңды тұлғаның біреудің атынан орындағаны туралы және сенімхат бойынша принципал атынан операцияны жүзеге асыратын белгілі бір міндет түрлеріндегі приниципал мүддесіндегі келесімшарт түрі. Агенттік келесімге қол қоюда агентке сақтандыру полисының бланкілері беріледі. Туристік фирмаларда бланкілер 006 «қатаң есеп берудің бланкілері» балансталған шотына кірістеледі. Бланкінің жылжу есбеі қатаң есеп берумен арнайы журналда жүргізіледі. Агенттің берешегі мен комиссиондығын сақтандыру келесімшартын бекіту туралы хабарлайтын құжат – бордероны алудағы келесімге сәйкес сақтандыру компаниясы есептейді. Сақтандыру компаниясы қойған шоттардың негізінде келісімде белгіленген мерзімде тараптардың өзара есеп айырысуы болады. Мұнда мына жазулар жазылады:
 Туристерден өндіріп алған сақтандыру сыйлықақысомаысна:
451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті
 Туристерден өндіріп алған комиссиялық сыйақы сомасына:
451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
701 «Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті
 Сақтандыру компаниясы төлеген берешектер сомасына:
687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті
451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті.


Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар
есебі

22.02.02 ж. №296-II «қазақсатн Республикасында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей, туристік қызмет көрсету қолданыстағы заңға сәйкес жазбаша түрде бекітілген келесімшарт негізінде жүзеге асырылады.
Туристік азық-түліктің сатылу құнын дұрыс есептеу үшін мына есеп айырысуларды келтіруге болады:
Туристік азық-түліктер сатылу бағасының есеп айырысуы:
1. Туристік азық-түліктердің құны 2208000
2. Туристік компаниялардың шығына (811, 821) 180000
3. Жоспарлы рентабельділік – 10% 220800
4. Үстеме 400800
Үстемелер деңгейі – 18%
5. Туристік азық-түліктерді өткізу бойынша салық салынатын айналым 2608000
6. Салық салынатын айналымдағы ҚҚС 417408
7. Сату көлемі 3025408
Туристік жолдамаларды өткізуде мына бухгалтерлік жазулар жүзеге асырылады:
а) туристік азық-түліктердің өзіндік құны есептен шығарылады:
801 «Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шот дебеті
900 «негізгі өндіріс» шот кредиті 22088000
ә) сатып алушыға шотты ұсынғанда:
301 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті
701 «Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті 2608000
б) ҚҚС сомасына:
301 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті
633 «ҚҚС» шот кредиті 417408
в) сатып алушыдан төлемдер кеп түсті:
441 «Ағымдық шоттағы ақша», 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шоттар дебеті
301 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті 3025408
Қолма-қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды өткізуде:
а) сатудан түскен түсім сомасына:
451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
701 «Дайын өнімдері (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті 2608000
ә) ҚҚС сомасына:
451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
633 «ҚҚС» шот кредиті 417408
Есептік кезеңнің соңында:
а) қорытынды табысты кеміту шығындары есептен шығарылады:
571 «Жиынтық табыс» шот дебеті
801 «Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шот кредиті 2208000
ә) жиынтық табысты көбейтетін табыс есептен шығарылады:
701 «Дайын өнімдерді сатудан алынатын (тауарлар, жұмыс,қызмет) табыстар» шот дебет»
571 «Жиынтық табыс» шот кредиті 2608000
б) қорытынды табысты кемітудің кезеңдік шығындары есептен шығарылады:
571 «Жиынтық табыс» шот дебеті
821 «Жалпы және әкімшілік шығындары», 811 «тауарларды (жұмыс, қызмет) сату шығындары» шоттар кредиті 180000
в) корпоративтік табыс салығы бойынша есептелді – 30%:
851 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шот дебеті
631 «Төлеуге ағымдағы корпоративтік табыс салығы» шот кредиті 66000
г) жиынтық табысты кемітуге табыс салығы бойынша шығындар есептен шығарылды:
571 «Жиынтық табыс» шот дебеті
851 «Жиынтық табыс салығы бойынша шығындар» шот кредиті 66600
ғ) таза табыс анықталып, есептен шығарылды:
571 «Жиынтық табыс» шот дебеті
561 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» шот кредиті 15400 ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?