Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Құқыктық қатынастың түсінігі мен мазмұны

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық катынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдык экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас –қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары – саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы – өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдык, қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар моральдық, әдет-ғүрып, діни, құқықтық нор-малармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе-саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай катынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
2. Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері

Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.
1. Құқықтық қатынастың субъектісі – жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (КРАК, 12 б.). Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-қатынас жасауға т.б. құқықтары бар (кодекстің 14-бабы).
Әрекеттілік (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды.
Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:
- кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың, үйленуге (жанұя кұруға), қылмыстық жауапкершілікке тартылуына, жұмысқа орналасуына, әскер қатарына шақырылуына шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):
- адамдардың денсаулығының нашар болуы;
- туысқандық-қандас болу;
- егерде азамат сотталған болса;
- діни нормаларға шектеу.
Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.
Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат-мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көрсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. «Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады». (АК -33 б.).
Құқықтық қатынастың объектісі – қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілердің іс-әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері – құқық қатынастарының объектілері.
Құқық қатынастың объектісі – тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдде-мақсатын реттеп, басқарып отыратын қарым-қатынастарды қамтиды. Осы мүдде-мақсаттарды орындаудағы субъектілердің іс-әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады.

Құқықтық қатынастың объектілер
Субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.
Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші – қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші – көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші – көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші – егерде дұрыс орындалмаса, сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу әдіс-тәсілдері: 1) құқықтың алдында қойылатын өз мүдде-мақсатын анықтау; 2) Құқықтық норманы дұрыс пайдалану; 3) Құқықтық тәртіпті қатаң орындау.
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады.
Құқықтық қатынастың заңды міндеттерінің орындалуының екі түрі болады: бірінші – қатынастағы бір субъект басқа субъектілердің мүдде-мақсаты үшін міндетті түрде іс-әрекет немесе бір белгілі жұмыс жасауға тиіс; екінші – оның іс-әрекетіне шектеу қою. Сонда ғана қатынас дұрыс орындалып, нәтижелі болады.
Заңды себептер. Қоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды себептері мен негіздері бар. Бұл объективтік процесс. Заңды себептер құқықтық қатынастардың, пайда болуы өзгеруі, ескіруі және жаңаруының негізі болады. Заңды себептердің екі түрі болады: оқиғалар және іс-әрекеттер.
Оқиғалы себептер – табиғаттың объективтік даму процесінен пайда болатын жағдайлар (өрт, жер сілкінуі, су тасқыны т.б.).
Оқиға құқықта – азаматтық құқықтар мен міндетгің пайда болу негіздерінің бір түрі. Оқиға деп – адамның тууын, өлуін, стихиялық апатты, уақыттың өтуін т.б. табиғи құбылыстар аталады. Азаматтық құқық пен міндеттемелерге оқиға заңда көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Мысалы, қауіпсіздендіруші ұйым (госстрах) қауіпсізденушіге тиісті ақшаны оның мүлкі заңда көрсетілген оқиғадан (жер сілкіну, өрт) апатқа ұшыраса ғана төлеуге міндетті. Азаматтың немесе заңды ұйымның кінәсінсіз пайда болатын кейбір оқиғаларға арнаулы мән беріледі. Мысалы, жұмыс әрекеттері төңірегіндегілерге қатерлі қауіп туғызатын ұйымдар мен заттар (транспорт ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, автомобиль иелері т.б.) егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің қасақана іс-әрекеттен болғаны дәлелденсе, зиянды өтеуге міндетті. Азаматтық құқықта мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырауы немесе бұліну тәуекелін (риск) тиісті мерзімді өткізген жақ көтереді. Адамдардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеттері арқылы қалыптасатын себептер – адамның өзінің жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын жағдайлар. Бұл себептер заңды және заңсыз іс-әрекеттер болып екіге бөлінеді. Заңсыз іс-әрекеттер тоқтатылуға немесе жауапкершілігі анықталуға тиіс. Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?