Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық құқықтық қатынастар туралы түсінік

Азаматтық құқық дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Ресубликасы құқығының бір саласы. Азаматтық құқық негіздері, құқық жүйесі салаларының бір түрі. Азаматтық құқық – құқық саласы ретінде, елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикалық бірден – бір негізі, өйткені бұл құқық саласымен реттелетін қатынастардың шеңбері кең. Тауар ақша, қатысущылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады
Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарды бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: мәміле; меншік құқығы; міндеттемелі құқық; мұрагерлік құқық; зияткерлік меншік құқығы. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік сот және аралық сот құқықтарды мойындату құқық бұзушылыққа дейінгі болған жағдай, құқықтарды бұзатын немесе бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тиым салу және т.б. негіздерге сәйкес реттейді. Азаматтық құқықтың объектілеріне мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтар жатады. Ал азаматтық құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік – аумақтық бірліктер жатады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар

Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады.Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:

- олар азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен тікелей белгіленген;

- ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;

- бірлігі мен біріктік;

- арақатынасында.

Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда боладьі. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды. Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтың іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша жэне қызметтік-көмек көр-сетушілік.

Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.

Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары- іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57-баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 52, 53-баптары) туындайды.

Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.

Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіре. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс - әрекет жасасу кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас – құқық нормалары мен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі . Қоғамдық қатынасты азаматтық – құқық нормалары арқылы реттеу нәтижесінде заңды сипат алып , азаматтық – құқықтық қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық – құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдық қатынас.
Азаматтық – құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынаста болса , онда тараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге тепе – тең ие. Азаматтық – құқықтық қатынастар азаматтар өз еркін білдірмесе де пайда болады . ( Мысалы , зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші мен зиян шегуші мұндай құқықтық қатынастың пайда болуын қаламаса да құқықтық қатынас пайда болады . Мұндай жағдайды тараптар , құқық пен міндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге асырады )....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржылық құқықтық қатынастар түсінігі, белгілері, құрылымы және түрлері

К І Р І С П Е
Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.
Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге көшіру, түрлендіруге байланысты өсіп отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы құқықтық нормалар

Еліміз үшінші мыңжылдыққа аяқ басты. Тәуелсіздік алғанымызға онын үшінші жыл. Осындай тарихтың айтылуы кезеңдерінде өткенді қорытындылап, болашаққа болжам жасау қай елдің болмасын үрдісі.
«Қаржы» пәні арқылы қоғамның өндірістік қатынастарының бір бөөлігі ретінде қаржы қатынастарының ерекшеліктерін, олардың шаруашылық және шаруашылықтан тыс өмірдегі көріністері мен пайдаланылу механизмін оқып үйретеді. Қаржы туралы ғылымның зерттейтіні қоғамдық өнімді бөлуге және содан келіп туындайтын ақша түріндегі қорланулардың табыстардың және қорлардың қалыптасуына, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірісті кеңейту мақсаттары және қоғаммен оның әлеуметтік, кәсіптік топтарының, сондай-ақ жекелеген мүшелерінің мүдделерін, қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалануға байланысты.
Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың тереңдей түсуі қаржы жөніндегі біздің ұғымымызға, қаржыны басқаруға, мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылымына әсер етпей қойған жоқ. Нарықтық қатынастың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жұзеге асырудың құралы. Осыған орай қаржының әлуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржыны неғұрлым толық пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы экономикалық категориясы қызметінің маңызды жағы қрғамның дамуындағы әлеуметтік-экономикалық процестерге категорияның механизмі арқылы әсер ету деңгейімен кері байланыс орнатуы болып табылады. Оның нәтижесін қаржы ресурстарының көлемі анықтайды.
Экономикалық өмірді демократияландыру экономиканы төменгі буындарының, аймақтардың жергілікті басқару организацияның құқылары мен жауапкершіліктерін кеңейту процесі қаржы қатынастары жүйесін құруға деген мүлдем жаңа көз-қарасты, шаруашылық жүргізудің әртүрлі деңгейлеріндегі қаржы ресурстарын пайдаланудың шығын принцптерінен бас тартуды, жеке қаржы базасын дамытуды, өзара қатынастарды нормативтік негіздерде талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Неке және отбасы заңы | Ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк-құқықтық қатынастар

Кiрiспе
Неке-отбасы қатынастары құқықтық реттеудi қажет ететiн аса маңызды әрi айрықша сипатқа ие қоғамдық қатынастардың ерекше бiр түрi болып табылады. Әрине, бұл қатынастардың мазмұндық сипатының айрықша болуы неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеумен толық қамту әрине мүмкiн емес. Бiрақ соған қарамастан бұл қатынастар Қазақстан Республикасында арнайы құқықтық нормалармен, яғни 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған "Неке және отбасы туралы" Заңмен және ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк сипаттағы қатынастар Азаматтық кодекстiң жалпы бөлiмiнiң нормаларымен реттелген. Бүгiнде барлық дамыған елдердегiдей Қазақстанда да неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу және осы құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері мемлекеттімiздiң әрдайым назарында деп айтқан болар едiк.
Мәселен, Ата Заңымыз Конституцияның 1 бабында көрсетiлгендей... мемлекетiмiздiң ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан отбасы және неке қатынастары оның негiзi - еркек пен әйелдiң құқықтарын жан-жақты қорғап, адамгершiлiкке толы парасатты толы қағидаларды заңдылыққа айналдырған.
Неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болма ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.
АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:
1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушыларға: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.
2. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арызданушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
3. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
4. Соттағы өкілдер.
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын АІЖ құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар....
Курстық жұмыстар
Толық