Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі казакша Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ.........................................................................................................

1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері..........................................................
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер...................................................
1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі.......

2. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы.........................................................
2.2 Азаматтық – құқықтық шарттардың түрлері......................................
2.3 Шарттарды жасасу тәртібі....................................................................

3. ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ.....................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі – сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.
Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының «көлеңкелі бизнеске» қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Азаматтық қатынастардың дамуы барысында мәміле институтының элементтерінің маңызы зор. Осыған байланысты туындайтын қатынастардың ерекшеліктерін талдап, олардың маңызын айқындаудың мәні зор.
Жұмыстың объектісі. Мәмілеге негізделген азаматтық құқықтық қатынастар.
Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).
Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.
Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап қорытынды жасалады.

1.ТАРАУ.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ

1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері

Мәміле – азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.
Мәміленің ең көп тараған түрі – шарт, яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады. Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды. Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз – заңды факті. Заңды фактілердің оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы белгілі. Мәміле соның ішінде әрекет болып саналады. Әрекет болғанда да ол азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекеті. Міне осы жерден мәмілеленің белгілері мен өзіндік ерекшелігі көрінеді. Мәміленің басты ерекшелігі оны жасағанда азаматтық салдар туындап – белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленіп, өзгеріп, тоқтатылып жататынында.
Мәміленің өзіне тән бірқатар белгілері бар. Мәміле – азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі.
Мәмлемелерде азаматтық құқық қатнастары қатысушыларының еркі көрінеді . Оны біз адамдардың еркіне бағынбайтын және еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білгуіміз керек. Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда, мәселен, өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың тұрмыстық, өндірістік, азық –түлік тауарларын сатып алуы және т.б. әрекеттері.
Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және оның сыртқа байқалғандығын ажырата білу керек. Егер ішкі ерік сыртқа көрінсе, бірақ басқа тұлғаларға байқалмаса, онда ол заңдық салдарды туындата алмайды. Осы сияқты, егер сыртқа байқалған ерік мәміле қатысушы ішкі еркімен сәйкес келмесе мәміле жасалмаған болып саналады. Мысалы, кіріптарлық мәміле. Ол Азаматтық кодекстің 159 бабының 9тармағында көрсетілген.
Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәілелер:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Заң мәміленің қандай жағдайларында жазбаша түріде жасалатын айқындайды.Бірақ мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмінкіндіктері үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі.
АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы –ешқандай жазбасыз , қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.
Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше, оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді.
52 бапқа сәйкес мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
• егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
• мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астан сомаға;
• заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар.
Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәніне не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады.
Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты қарастыруды ғана талап етпестен, сондай- ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәләндіру және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куәләндіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға құқылы. Қолхат, квитанция, жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады.
Заң құжаттарына немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер олрды нотариат куәләндырғаннан кейін жасалады деп саналады.
Мәмілелерді нотариалдық куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды заң мәммілелердің нақты түрлеріне ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының 5 тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі құрылтай шартын нотариалдық куәләндыруды талап етеді. Заң талап етілетін нысанды оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолдануменшектелуге болмайды. Керісінше, мәмілеге қатысушылардың өзара келісіп отырып, белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуіне әбден күрделі және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де, тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап етпесе де, тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.
Мәмілелердің түрлері.Мәмілелердің тараптардың санына, жасалды деп саналған уақытына, өтелмелілігіне т.б. жайттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәмілелер – бір жақты мәмілелер деп саналады. Мысалы, меншік құқығынан бас тарту(Азаматтық Кодекстің 250бабы), сенімхат беру (Азаматтық Кодекстің 167бабы) сияқты мәмілелер жатады. Бірақ, біржақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдардың жасауы да жоққа шығарылмайды.
Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі жақты мәмілелер деп танылады. Шарттар деп аталатын мейлінше көп тараған мұндай мәмлелерге сатып алу-сату, мүлікті жалдау т.б. шарттар жатады.
Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп тараптар жеке ерік білдіретін мәмілелер – көп жақты мәмілелер болып табылады. Мысалға Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын бірлескен қызмет туралы шартты атап өтсек болады.
Осылармен қатар, белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді. Бұл белгі бойынша мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.
Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау ушін негіз болған нәрсеге байлансыты болады. Жасалғандығының ешқандай негізі жо, әншейін көз алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші болмаймайды.
Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар абстрактілі мәмілелерге жатады.

1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер

Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.
Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқықтану дипломдық жұмыстар, Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі, дипломдык Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жум, Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін