» » » Реферат: Экология | Арал теңізі географиялық анықтама

Реферат: Экология | Арал теңізі географиялық анықтама

Реферат: Экология | Арал теңізі географиялық анықтама казакша Реферат: Экология | Арал теңізі географиялық анықтама на казахском языке
Географиялық анықтама.

Арал теңізі – құмды,құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан теңіз.Ол – ертедегі Сармат теңізінің бір бөлігі,дүниедегі ең үлкен тұйық теңіздердің бірі.Көлемі жағынан Каспий теңізі,Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл,Африкадағы Виктория – Ньян көлінен соңғы төртінші орында тұрады.Көлемі 66458 шаршы км, су көлемі 1022,6 текше км.Орташа тереңдігі 16 метр ,ең терең жері 68 метр .Суының тұздылығы-10-11 процент.Жаздағы температурасы +24...+26 ,қыста -7...-13,5 градус.Теңізде 300 ден астам атау бар...
Теңіздің 96 процентін су,4 процентін құрғақ жер құрайды.Арал жер шарының 60 градустық ендігінде орналасқан.Теңіз суы сағат секілді оңнан солға қарай оралып ағады.
Кайнозой дәуірінің орта шенінде,яғни бұдан 21 миллион 1200 жыл бұрын,Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан.Бұл байланыс 1573 жылға дейін созылған.
Бұрын Амудария (Оксус) Үзбой арнасы арқылы Каспий теңізіне, ал Торғай өзені Аралға құйған .
Арал теңізі Гринвич бойынша солтүстік ендіктің 43 30 пен 46 51 және оңтүстік бойлықтың 58 13 пен 61 56 – ті аралығында жатыр.Солтүстік ендіктің 45-с Николай аралының (Возрождение аралы) оңтүстік шетін басып өтіп ,теңіздің дәл ортасымен түйіседі.
1874 жылы Тиллонның дәл деңгейлік өлшеуі бойынша Арал теңізі Каспийден 74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен,демек Арал теңізінің айдын беті мұхит деңгейінен 48 метр биік.Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20м төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.
Тарихи деректер.
Арал теңізі жөніндегі алғашқы мәліметтер 10 – ғасырда өмір сүрген Араб жазушылары Истахридің және 12- ғасырда өмір сүрген Эризидің шығармаларынан көрінеді.Олар Арал теңізін Ховарезм (яғни Хиуа) көлі деп атаған.
Арал теңізі Тұран ойпатында бұдан 35000 жыл бұрын пайда болған.Оны Арал теңізі деп тұңғыш атаған араб жазушысы Ибн-Рустен (920)еді.
Анағұрлым нақты деректер 14- ғасырда өмір сүрген авторлар Абдульфеды мен Казвини еңбектерінде келтірілген.Абдульфеды былай деп жазады:« Ховарезм көлінің дәл ортасы 90 градус бойлықта және 42 градус ендікте жатыр.Мұнда Жайхуи( Амудария) құяды ».Бұл мәліметті Казвини Ховарезм көлінің аумағы 100 Фарсахқа(800 шақырым ) жуық деп толықтырады.Келесі деректер 16-ғасырда жазылған «Үлкен Сызу Кітабында » келтірілген.Онда:« Хвалинмен (Каспий ) Көк теңізге ( Арал) дейін жазғы күннің шығысы тура 250 шақырым.Ал Көк теңізден Сырдың сағасына дейін 280 шақырым .Көгілдір теңізінің көлденеңі 60 шақырым . Көк теңіздің суы тұзды ». Тарихшы Шахрух Хафиз – и Абрудың 1417жылы жазған жылнамасында:«Хорезм (Арал) көлі жоқ ,Жейхун (Әмудария )суы жаңа арна тауып,Хазар (Каспий)теңізіне құя бастады » делінген.Жылнамада сондай-ақ Сырдария «Хорезм даласында Жейхунмен (Әмудариямен) қосылып,Хазар теңізіне құятындығы » айтылған.
Бұл деректер 18- ғасырға дейін бірден-бір дерек ретінде болды.1741 жылы геодезист Муравин Арал теңізінің тұңғыш картасын жасады.Жүз жылдан астам уақыттан кейін ( 1848-1849) Бутаков пен Поспелов Арал теңізін аса дәлдікпен картаға түсірді.Олар теңіз ортасынан бір топ аралдарды ашты,оларды Патша аралдары деп атады,олардың ішіндегі ең үлкенін Николай аралы( Возрождение) деп атады .Сонымен қатар Бутаков теңіз тереңдігін де өлшеді,ол теңіздің ең терең жері 32 сажын ,яғни 37 теңіз сажынына тең екенін анықтады.
Бутаков бастаған экспедиция 1 ай бойы Райм қорғанында екі кеме жасаған.Алғашқы кеменің капитаны Қаратеңіз морягіМертового болды.Ал, екіншісінің құрамындағы 27 кісінің бірі- Тарас Шевченко .Осы зерттеу барысында 1848 жылы Бутаков экспедициясы Возрождение аралын тауып ,тұңғыш географиялық картаға түсіреді. Дәл осы жылы Сырдарияның аяқ құйылысына Қосарал порты генерал- губернатор Обручевтің ұсынысымен салынды.
Жер бедері.
Паскевич,Перовский және Үлкен Сарышығанақ жағалауларының құмды жайпақ бөлігі қолтықты жағалаулар түріне жатады.Мұнда ағыстардан және теңіз деңгейі көтерілген кезде толқын мүжуінен пайда болған ,доғалана тұйықталып біткен немесе сопақша бассейіндер пайда болады,олар теңізбен тар бұғаздар арқылы,мысалы,Петровский шығанағының батыс жағалауындағы Шөмішкөл,Кіші Сарышығанақ ,Паскевич шығанағындағы Терістүбек шығанағы тағы да басқа шығанақтармен байланысып жатады.Теңіз деңгейі төмен түскен кезде мұндай шығанақтар теңізден бөлінеді де ащы көлдерге айналады.Ақжұлпас станциясынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде( Үлкен Сарышығанақтың шығыс жағалауы) көлдер немесе дәлірек айтқанда,Шөмішкөл деп аталатын теңіз шығанақтары жатыр,олар ұзындығы Ақжұлпас станциясынан есептегенде 16 шақырым,ені 20-30 сажын өте тар арнамен теңізге қосылған ,1895 жылдың өзінде бұл арна құрғап ,аталған көлдер ащы көлдерге айналған,ол айналасындағы барлық балық аулайтын кәсіпшіліктерді тұзбен қамтамасыз етіп тұрды,ал қазір арна қайта пайда болды,тұз алу да тоқталды.
Тегінде,теңіз жағалауынан 25 шақырым қашық жатқан Қамыстыбас көлі де кезінде дәл осындай қолтық болса керек.Оның ені 7 шақырым ,ұзындығы 21 шақырым және қазіргі кезде Сырдария жүйесіне кіреді,одан бірнеше арналар тарап ,шөлге құйып жатыр.Бірақ,Қамыстыбастың суы сәл тұзды.
Жарлауытты батыс жағалауы бірнеше шақырымға созылып жатыр,мұнда бірде бір арал да немесе шығанақ та жоқ.Тілім-тілім болып бұзылған шығыс жағалау бұған мүлдем қарама-қарсы,ол үлкен бір тасқынның тоқтаған шегі секілді
Теңіздің солтүстік бөлігінде жағалау бірде жазық,бірде жарлауытты болып келеді,бұл жерде теңіз толқыны мен ағынынан жағалаудың мүжіліп құлауы әлдеқайда аз болады.Изенді мүйісі жанындағы жағалаудан жарты шақырым жерде тұрған Тоқпақ ата жотасы осылай пайда болған.Оның биіктігі 6 сажын ,ал ұзындығы 20 сажынға жуық ,ол нуммулитті әкті жыныстан құралған.
Теңіздің солтүстік – батыс жағалауында ( Байкөбек мүйісі ) 3-4 метрлік құмнан пайда болған жағалау жолдарын белгілейді,олар теңіздің бұрын анағұрлым жоғары деңгейде болғанын көрсетеді.Бір кездегі Теңіз деңгейін көрсететін қатар жатқан қайыр қатарлары Көкаралды оңтүстік және 1 Николай (Возрождение)аралының солтүстік жағалауында байқалады.
Арал маңын зерттеушілер бұл маңнан елеулі биік жақпарларды кездестіргенін көрсетпейді.Тек берілген мәліметтерге сүйенсек , ең биік бір ғана жері- Үшшоқы тауы( Көктырнақ түбегінде ) бар екенін айтады.Оның мұхит деңгейінен биіктігі 180 метр.
Енді жағалаудан кездесетін жер бедерінің кейбір формаларына тоқталайық. Ең алдымен көлдер жөнінде сөз етпекпіз .Мұнда жер бедерінің мынадай түрлері кездеседі.
1)Толқын шарпуынан пайда болған қолтықтар (лагундар).Олар барлық жазық жағалауларда кездеседі.Сырт бедері қисық біткен мұндай қолтықтар көбінесе күзде пайда болады, бар күшімен жағалауға ұмтылған еспе толқындар,кей кезде үлкен ойпаттарды суға толтырып кетеді.Кейбір жағалаулар, мысалы, Көкарал аралының шығыс және оңтүстік шығыс бөлігі , ұзыннан ұзақ созылып жатқан жіңішке жағалаулармен қолтықтармен көмкерілген.Мұнда, жағалау бойында, ені 3-4 сажын шығанақтар,онша терең емес бөлініп қалған қамыс өскен өзектер (арналар,каналдар) созылып жатыр.Бұларда өте ұсақ жәндіктер өседі,Qammarus aralensis (Pontoqammarus aralensis)және Qasteterosteus platyqaster (punqitius platyqaster aralensis)көп.Басқа типі теңіз құрғаған кезінде көлге айналатын Кіші Сарышығанақ ,Шөмішкөл (Перовский бұғазындағы) және басқалар сияқты дөңгелек қолтықтар болып табылады.
2)Эолды көлдер.Дәл осы текті аса ерекше көлдер Тәуір мекенінде (Сырдарияның оң жақ жағасында )кездеседі.Бұл жердің топырағы құмдаутсазды, тым борпылдақ келеді және жел үрлеп,оны тез-ақ шұңқырлап тастайды.Еспе су бұл жерде өте жақын,жер бетінен не бәрі 1-2 метр тереңдікте ғана жатыр.Жел топырақ қабаттарын суырып әкетіп,еспе суға жеткен кезде,ол шұңқырды толтырып көл пайда болады.Еспе суға жетпеген осындай шұңқырларды,осылайша желдің өзі-ақ жартылай аршып берген,қазақтар қазған құдықтарды жиі көруге болады.
Сонымен шым құмдардың арасында жел үрлеп қазып тастаған Эолдық шұңқырларға жауын суы жиналып ,уақытша көлдер пайда болады.
3)Сыр мен Аму дариялар атырауларындағы әр түрлі көлдер өзен суларының бірдей бөлінбеуінің нәтижелері,атыраудың жылжып кеңейуі нәтижесінде бөлініп қалған теңіздің бір бөлігі,т.с.с соңғылардың ішінен Қарашалаң бұғазы жағалауынан бір шақырым жерде жатқан(Сырдария сағасы )Шаланды көлін айтуға болады.Бутаковтың 1847жылғы жасаған картасында Шаланды көлінің туған жері теңіз бұғазы ретінде көрсетілген,қазір бұл бұғаз Сырдарияның аллювольд шөгінділерімен бөгеліп ,көлге айналған.
Арал жағалауынан нендей бір елеулі биік жақпарларды кездеспейді .Ең бір биік деген жері-Үшшоқы тауы(Көктырнақ түбегінде),оның мұхит деңгейінен биіктігі 180м.
Биік жақпарлардың төмендегідей түрлері кездеседі:
1)Тектоникалық жақпарлар,бұлар шын мәнінде Құланды түбегі жағалауын алып жатқан жоталар,мұнда нуммулитті әктің жылжыған қабаттары ашылып жатыр.Бұл Арал жағалауындағы жер қыртысы қабаттары бұзылған бірден-бір жер осы.
2)Эрозиандық жақпарларға,мысалы,Перовский бұғазының солтүстік жағалауындағы бірегей текшеленіп біткен Қарасандық тауы жатады.Ол көлбеу қабатты темір түстес қиыршық құмнан және осы жыныстан тұратын саз қабаттарынан,сондай-ақ жағалауды қоршап жатқан жатаған құм жоталары да осындай жыныстан тұрады,ол қар еріген кезде жоталардың екі жағындағы терең құлама – сайлар арқылы аққан судың әсерінен жік-жік болып бөлініп кеткен .Жалпы тау текшелерінің жасалуына белгілі дәрежеде күшті соққан желдің де әсері болған.Қарасандықтың биіктігі Арал теңізі деңгейінен 129метрге (мұхит деңгейінен 204м )тең.
3)Ақырында сырт бедерінің қалыптасуна жел елеулі әсер еткен биік шыңдар бар,мысалы,бетін өте майда тозаң тәрізді саз жапқан,үш күнбезден тұратын Үшшоқы тауы.Күшті жел кезінде аталған тозаң көтеріліп,тауларды жауып кететіні сондай оларды жақыннан көрудің өзі қиын.
Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы. Егер су бассейінінің үстіңгі бетінен нендей бір себептермен өзінің қалпынан шықса,толқындар тік бағытта күшейіп көтерілсе,басқаша айтқанда ,тыныш күйде жатқан теңіз беті бір сәт бірде биік ,бірде аласа өркеш-өркеш толқындарға айналса,мұндай өзгерістерді денивеляция деп атайды.
Ал егер көлдің беті тынық қалпында болып,бірақ барлық жерде бір уақытта көтерілсе немесе төмендесе,мұндай өзгеріс көл деңгейінің ауытқуы деп аталады.
Денивеляция мынандай жағдайлардан пайда болуы мүмкін:1)Судың үлес салмағындағы айырмашылықтардан;2)Су массасымен көл жағалауын құрайтын массаның тарту дәрежесіндегі айырмашылықтардан;3)желдің әсерінен;4)Сейштен және атмосфералық қысымның өзгеруінен;5)тасу мен қайтудан.Енді осы себептердің әсерін Арал теңізі тұрғысынан қарайық.
1)Теңіздің орталық бөлігінің тұздылығы оның Сырдария мен Амударияның тұщы суы келетін оңтүстік және солтүстік шығыс бөліктеріне қарағанда жоғары;сондықтан теңіздің аталған өңірлеріндегі судың деңгейі физиканың бізге белгілі заңы бойынша орталық бөлігіне қарағанда жоғары болу тиіс.Сонымен қатар тұздылық үлес салмағындағы айырмашылық температурадағы айырмашылықтардан да болады,бірақ осының нәтижесінде пайда болған денивеляцияны ағындар мен конвекцианды токтар бәсеңсітеді. ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 45 | 30.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Арал теңізі географиялық анықтама туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Арал теңізі географиялық анықтама на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Арал теңізі географиялық анықтама, реферат Арал теңізі географиялық анықтама туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Арал теңізі географиялық анықтама на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экология жоспарымен казакша реферат жоспар А, Реферат: Экология | Арал теңізі географиялық анықтама реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы