Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 

 

 

 

 

Сыныпты топқа бөлу үшін жаратылыстану пәнінен білетін құралдардың суретін қолданып, 4 топқа (Мысалы, микроскоп, термометр, мензурка, телескоп) бөлу ұсынылады.

Сабақты өткен материалдарды қайталау мақсатында топтар арасындағы «Кім көп біледі?» сайысында «Әлемді өзгерткен жаңалықтар және оның қолданылу аймағы» тақырыбы бойынша білімдерін сынаудан бастаңыз. Әр топ кезекпен жауап береді, жауап бере алмай қалған топ сайыстан шығады, ең соңында қалған топ жеңімпаз болады.

Осыдан барып, «осы айтылған жаңалықтар әлемді өзгертті деп есептеуге бола ма?», -деген сұрақты қойып, оқушылардың ойын тыңдаңыз. Бағыттаушы сұрақтар арқылы, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарыңыз.

Оқушыларға Нобель сыйлығы туралы 2-слайдты қолдана отырып, қысқаша ақпарат беріңіз. Оқушыларға қазақстандық ғалымдар туралы материалды таратып, жеке оқып танысуды ұсыныңыз.

1.Химия: Бектұров А.Б., Бөкетов Е.А.

2.Физика: Қадыржанов К.К., Омаров Т.Б.

3.Биология: Жандеркин А.Ы, Айтхожин М.А.

4. Нобель сыйлығының иегерлері.

«Ескертулер жасап оқу» стратегиясын қолданып, топтың атауына сәйкес әр топқа өз тақырыпшасы бойынша постер дайындауларын ұсыныңыз. Әр топтың өз бөлімі бойынша кестені толтыруларына көңіл бөліңіз. Белгіленген уақыттан кейін, әр топ сынып форматында өз тақырыптарын қорғайды. Басқа топ мүшелері өз кестелерін толықтырады. Постерлерді қорғаудың нәтижесі бойынша оқушыларға кестені толтыруды ұсыныңыз. Ғалымның аты-жөні және ашқан жаңалығы арасында сәйкестендіру жұмысын жүргізуді ұсыныңыз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

Тиімді сілтеме:

 https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B9%D1%82%D1%85%D0%BE%D0%B6%D0%B8%D0%BD,_%D0%9C%D1%83%D1%80%D0%B0%D1%82_%D0%90%D0%B1%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87

 https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%BE%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D1%8C_%D1%81%D1%8B%D0%B9%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B

 https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/1923/

http://biografia.kz/famous/2375

Тулеушов А.Ж.

http://biografia.kz/famous/2992

Омаров Т.Б.

http://biografia.kz/famous/2479

Досмухамбетов Х.

http://biografia.kz/famous/1067

Жандеркин А.Ы., Айтхожин М.А., Бектуров А.Б., Букетов Е.А.

http://kk.wikipedia.org/wiki/

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу