Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал. 1 - сабақ.


 Қосымша №1 мәтін «Қазақстандық ғалымдар»

 

Бектұров Әбікен Бектұрұлы – техника ғылымдарының докторы (1945),  профессор (1946),  Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945).

Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты  шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған. 1991 жылдан бастап Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады

Ебіней Арыстанұлы Бөкетов - химия саласындағы жаңа бағыттың – халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясының негізін салған. Бөкетов мыс-электролиттік шламдардан селен, теллур элементтерін бөліп алудың пиро- және гидрохимиялық әдістерін жасап, Д.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтер аналогтарының жіктеліміне түзетулер енгізді. Металлургиялық тотықсыздандырғыштар арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеді. 50 өнертабыстың, 10 патенттің иесі.

Қадыржанов Қайрат Камалұлы- ол қатты денелі радиациялық физика, материалдардың беткі қабаттарының элементтік және фазалық-құрылымдық талдауы, қабатты қатты құрылымдардың термодинамикасы саласындағы танымал сарапшы.

Омаров Төкен Бегалыұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының академигі. Омаров Т.Б. – ірі ғалым -астроном, түрлі масштабтағы ғарыштық құрылымдардың (екілік жұлдыздар, жұлдыздық кластерлер, галактикалар, кластерлер мен галактикалардың кластерлері, үстіңгі кластерлер) динамикалық эволюциясы туралы зерттеуі жақын және алыс шет елдердің мамандары арасында кеңінен танымал болды.

Жандеркин Абдулғазиз Ибрайұлы - ғалым, биология ғылымының кандидаты. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1950). «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақ архармериносы қалай қалыптасты «Колхоздық өнім» (1951), Разведение шерстеных коз (1950), Жануарлардың анатомиясы және физиологиясы (бірігіп шығарған, 1954) атты еңбектері кеңінен тараған.

   Айтхожин Мұрат Әбенұлы (1939–1987) - молекулалық биология, биохимия және биотехнология саласындағы маман, биология ғылымдарының докторы (1977), профессор (1980), ҚазКСР ҒА академигі (1983). Мурат Айтхожин Қазақстандағы молекулярлы биология және биотехнология негіздерін қалаушы. Айтхожин академик А.С. Спирин тобының құрамында өсімдіктегі жасушалардағы ақпараттардың физико-химиялық қасиеттерін іздестіру және зерделеу үшін жоғары организмдердің ақуызды синтездеу аппаратын салыстырмалы зерттеуді жүргізу үшін дүниежүзілік ғылымда алғашқылардың бірі болып табылды.Топтар өсімдіктердің инкрема классын - еркін цитоплазмалық, полисомнозды және ядролық, соның ішінде РНҚ-байланыстыратын белоктар.

Қосымша №2.

Физика, химия, биология бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары туралы материалдар:

1901 жылы алғаш рет Нобель сыйлығы берілгеннен бастап, 2011 жылға дейін Нобель сыйлығы лауреаты атанған адамдар мен ұйымдар саны 853-ке жетті. Олардың 23-і ұйым болып есептеледі. Лауреат атанған адамдардың кейбірі мұндай құрметке екі рет лайық болған. Физика саласында тұңғыш лауреат атанған адам - сәулеленуді ойлап тапқан Вильгельм Конрад Рентген болды. Рентген сәулеленуі қазіргі күнге дейін бүкіл әлемде медицина саласында қолданылып келеді. 1905 жылы тарихта алғаш рет Нобель сыйлығы лауреаты австриялық жазушы Берта фон Зутнер атты әйел адам болды. Әдебиет саласы бойынша, Нобель сыйлығы лауреат атанғандарының ішінде Эрнест Хемингуэй (1945), Тони Моррисон (1993), Дарио Фо (1997), Гарольд Пинтер (2005) бар. Ал осы номинация бойынша ең қарт лауреат Дорис Лессинг еді. Ол 2007 жылы 87 жасында марапатталған болатын.

1.Екі өлшемді материал графенді зерттеу бойынша жаңашыл эксперименттер үшін

2.Жарқын және энерготиімді ақ жарық көздері пайда болуына әкелген тиімді көк жарықдиодтар өнертабысы үшін

3.Ақуыздардың, әсіресе инсулиннің құрылымын анықтағаны үшін

4.Атмосфералық химия бойынша жұмыстары үшін, әсіресе озон қабатының түзілуі мен бұзылу үдерістері саласында

5. Helicobacter pylori бактерияларының гастрит және асқазан мен он екі елі ішектің жараларының пайда болуына әсерлерін зерттеу бойынша жұмыстары үшін.

6.Ауруларды емдеу кезінде мүшелер мен жасушаларды трансплантациялау туралы жаңалықтар үшін

Қосымша №3. Кестені толтыр.

Ғалымның аты-жөні

Жұмыс істеген саласы (биология, химия, физика)

Ашқан жаңалығы

Жаңалықтың маңызы

Қосымша №4. Төменде берілген ғалымның аты-жөні мен оның ашқан жаңалығын сәйкестендір.

Ғалымның аты-жөні

Әріп

Ашқан жаңалығы

1

2

3

4

Айтхожин М.Ә.

Жандеркин А.И.

Бектұров Ә.Б.

Омаров Т.Б.

А

Б

В

С

минералдық тыңайтқыштар 

өндіру мен минерал тұздарды өңдеуді зерттеді

рентген сәулеленуі бүкіл әлемде медицина саласында қолданылады

қазақтың арқар-меринос қойын шығарған

организмдердің ақуызды синтездеу аппаратын салыстырмалы зерттеді

5

Вильгельм Конрад Рентген

Д

ірі ғалым -астроном, ғарыштық құрылымдардың динамикалық эволюциясын зерттеді

Жауабы:

1. ________ 2. ________ 3. ________ 4. ________ 5. ________

Дұрыс жауабы:

1. С 2. В 3. А 4. Д 5. Б



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу