Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.
Сабақты өткен материалдарды қайталау мақсатында үйге берілген «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» тақырыбындағы эссені тыңдаудан бастаңыз. Өз еркімен эссені оқығысы келген 4-5 оқушының жұмысын сынып форматында тыңдатып, қалған оқушылардың жұмысын жинап алып, дескрипторға сай жазбаша кері байланыс беріңіз. Осыдан барып, «осы айтылған жаңалықтар (өз уақытында ашылған оқиғалар) әлемді өзгертті деп есептеуге бола ма?», -деген сұрақты қойып, оқушылардың ойын тыңдаңыз. Осыдан барып, бағыттаушы сұрақтар арқылы, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарыңыз.
Презентацияны қолдана отырып, оқушыларға Нобель сыйлығы туралы( 2-слайд) қысқаша ақпарат беріңіз. Сынып оқушыларын өз қалауыңызбен 4 топқа бөліңіз, оқушыларға қажет ақпараттарды беріңіз және ақпараттарды зерттеп, жұмыс нәтижесі ретінде кесте құрастыруды ұсыныңыз.
1-топ: Нобель сыйлығына ие болған жаңалықтар
2-топ: Қазақстандық химик ғалымдар - Бектуров А.Б., Букетов Е.А.
3-топ: Қазақстандық физик ғалымдар - Кадыржанов К.К., Тулеушов А.Ж., Омаров Т.Б.
4-топ: Қазақстандық биолог ғалымдар - Жандеркин А.Ы, Айтхожин М.А.
Кесте құру барысында ғалымның жұмыс істеген саласын (биология, химия, физика)Ашқан жаңалығыЖаңалықтың маңызыбейнебаяндарды қолдана отырып, мұғалім әлемді өзгерткен бірнеше жаңалықтарға тоқтап, түсіндіріңіз. Сыныпқа алғашқы ғарыш серігін ұшыру туралы бейнебаянды және ашқан жаңалығы мен оның маңызын анықтауды ұсыныңыз. Әр топтың өз бөлімі бойынша кестені толтыруларына көңіл бөліңіз. Белгіленген уақыттан кейін, әр топ сынып форматында өз тақырыптарын қорғайды. Жұмысты қорғау барысында 3-6 слайдтарды қолдануға болады. Басқа топ мүшелері өз кестелерін толықтырғандарын бақылаңыз.
Үйге тапсырма ретінде сабақ бойына меңгерген материалдарын қорытындылап, ойларын жинақтау мақсатында құрылған сәйкестендіруді ұсыныңыз.
Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.
Тиімді сілтеме:
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/1923/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?