Қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.
Бөлім: 6.2В : Заттардың жіктелуі | Мектеп: | |||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қышқылдар мен сілтілер Индикаторлар (2-сабақ) | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | - 6.3.2.2 тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажыратады және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтайды | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | - заттарды қышқылдық/сілтілік/бейтарап ортасы бойынша жіктеу- әмбебап индикаторының түс өзгерісін қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтау | |||||||||||
Бағалау критерийлері: | - ерітіндідегі заттарды ортасы бойынша жіктейді - әмбебап индикатордың қышқылдық, сілтілі және бейтарап ортадағы түсін атайды | |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - ерітіндінің ортасы қалай анықталатынын сипаттай алады; Пәндік лексика және терминология: - қышқылдық орта - сілтілілік орта - бейтарап орта Айтылымға қажетті сөз тіркестері: •Әмбебап индикатор …….үшін қажет. • Егер ерітіндідегі әмбебап индикатордың түсі ….. өзгерсе, онда орта … | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| «Мәңгілік ел» құндылықтары Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Табиғи объектілердің ортасын анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады | |||||||||||
Бастапқы білім
| 2.1.1.8 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде беру 3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу 3.2.1.3 Фотосинтез үдерісін білу және түсіну 3.3.3.1 Тірі ағзада және өлі табиғатта судың бар болатыны туралы білу | |||||||||||
ЖОСПАР | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер
| Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-12 | 1. «Жіктеу» Топ-сынып форматы Өткен сабақта өткен материалдарды естеріне түсіру үшін үлестірмелі карточкаларды топтарға таратыңыз. Оқушылардан ақылдаса отырып, заттарды ерітінді ортасы бойынша жіктеуін (қышқылдық немесе сілтілік) сұраңыз. Сынып форматында талдайды. Әр түрлі ортада әмбебап индикаторының түсі қалай өзгереді? Әмбебап индикатор + қышқылдық орта→ Әмбебап индикатор + сілтілік орта → Әмбебап индикатор + бейтарап орта→
2.Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады: - заттарды қышқылдық/сілтілік/бейтарап ортасы бойынша жіктеу- әмбебап индикаторының түс өзгерісін қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтау | Слайд №1-5
Қосымша №1
| ||||||||||
Сабақтың ортасы 13-30
31-37
| 3. Зертханалық жұмыс «тірі және өлі табиғат ерітінділерінің ортасын анықтау»
Тамшуыр көмегімен әмбебап индикатор қағазға зерттелетін ерітіндінің бірнеше тамшысын тамызып, индикатор түсі өзгерісін кестеге толтыруларын және сол өзгеріс бойынша ерітінді ортасы туралы қорытынды жасауларын сұраңыз. Бағалау: дескрипторды қолдана отырып, жұпаралық кері байланыс беріледі
4. Тақырыпты бекіту үшін үдерістерді ортамен салыстыруға тапсырмалар беруге болады, мысалы, ашыған сүттің ортасы қышқыл болады | Слайд 6 Қосымша №2 Слайд 7
| ||||||||||
Сабақтың соңы: 38-40 | 5.
| Слайд 8 | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды | Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді. | Партада дұрыс, ыңғайлы отыруы; Лабораториялық жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?