Заттардың балқу және қайнау температуралары. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал. 1 - сабақ.


Қосымша 1 Физикалық күйдің өзгеруі

 Зат өзінің физикалық күйін өзгерткен кезде, оның құрамындағы бөлшектер өзгеріссіз қалады, бірақ олардың ішкі энергиясы өзгереді.

 Таза химиялық зат балқу температурасы деп аталатын температурада балқиды. Әр заттың өз балқу температурасы бар. Таза заттың балқу температурасы тұрақты және тек осы зат үшін ғана тән.

 Кестеде кейбір заттардың балқу температуралары көрсетілген. Егер белгісіз заттың балқу темперасын тапса, осы мәнді кестелік мәліметтермен салыстыра отырып, ол затты анықтауға болады. Осылайша, балқу температурасы химиялық заттарды анықтау үшін қолданылуы мүмкін.

 Заттың сұйықтан қатты күйге ауысуы кристалдану деп аталады. Кристалдану процесі өтуі үшін температура жеткілікті төмен болу керек. Заттың кристалдануы жүретін температура қату температурасы деп аталады.

 Қайнау. Егер сұйықтықты қыздырса, оның температурасы көтеріле бастайды және бір сәтте ол қайнап , буға айнала бастайды. Қайнау температурасына жеткен кезде бөлшектердің ішкі энергиясы артып, арасындағы татылыс үзіледі.

 Булану. Сұйықтық газға қайнаусыз-ақ та айнала алады. Неге сұйықтық қайнау температурасынан төмен температурада буланады? Бұл процесс кез-келген температурада жүреді.

 Конденсация. Егер газды салқындатса, ол сұйыққа айналады. Бұл процес конденсация деп аталады.

 Қалыпты атмосфералық қысымдағы заттардың қайнау температурасын 1-кестеден көруге болады.

Кесте-1 Кейбір заттардың қайнау температурасы, 0С

Сутек

-253

Сүт

100

Спирт

78

Сынап

357

Мыс

2567

Оттек

-183

Эфир

35

Су

100

Қорғасын

1740

Темір

2750

 Барлығына судың қайнау температурасы 100 0С екені белгілі, алайда бұл тек қалыпты қысым (101 кПа) болған жағдайда ғана дұрыс. Мысалы, тау аймақтарында су 90 °С –та қайнайды.

Қыздыру қисығы және салқындату қисығы

 Енді зат балқу температурасында қаттыдан сұйыққа айналатыны, ал сол сұйықтықты тағы қыздырса ол газға айналатынын біз сіздермен білеміз. Бұл температура қайнау температурасы деп аталады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу