Заттардың балқу және қайнау температуралары. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.
Бөлім: 6.2А Заттардың құрылысы мен қасиеттері | Мектеп: | |||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| ||||||||
Сабақ тақырыбы | Заттардың балқу және қайнау температуралары (1-сабақ) | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттайды | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - зат қатты агрегаттық күйден сұйық күйге балқу температурасына жеткен кезде ауысатынын түсіну - зат сұйық агрегаттық күйден газға қайнау температурасына жеткен кезде ауысатынын түсіну - судың қайнау және балқу температураларын білу | |||||||||
Бағалау критерийлері: | -заттардың балқу/қайнау температуралары арқылы заттың тазалығын анықтайды - заттың фазалық ауысу шарттарын сипаттайды (қатты =>сұйық, сұйық=> газ). | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Заттардың балқу/қайнау температураларын ауызша сипаттай алады. Пәндік лексика және терминология: атом, молекула, бөлшек, балқу температурасы, қайнау температурасы, агрегаттық күй, таза зат, қатты, сұйық, газтәрізді, бөлшектер арасындағы ара-қашықтық, ішкі энергия, қоршаған орта температурасы Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Егер заттың балқу/қайнау температурасы төмен/жоғары болса, 200 С-де ол газ(сұйық)/қатты зат болады Кез келген заттың қайнау/балқу температурасы көбінесе …. Заттың тазалығын оның … немесе …. температурасы арқылы анықтауға болады. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| «Мәңгілік ел» құндылықтары Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Заттың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылысы мен балқу және қайнау температуралары туралы ұғымдарды қарастыру барысында физика пәнімен байланыс орнатылады | |||||||||
Бастапқы білім
| 3.1.1.2 Агрегаттық күйіне сәйкес заттың сипаттамасын беру 4.3.1.2 Тәжірибенің құрастырылған жоспарына сәйкес жаңа затты алу 4.3.1.1 Қасиеттеріне сәйкес заттарды қолдану аймақтарын анықтау Бастапқы білімді жаңғырту (Зат құрылысы: табиғаттағы су айналымы, заттың агрегаттық күйлері) сұрақ-жауап және берілген суретті зерделеу барысында еске түсіру арқылы жүзеге асады. | |||||||||
ЖОСПАР | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер
| Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы
0-6 мин
|
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, жауапты жұпта талдап, сынып форматында жариялайды. 5 сыныпта алған білімдеріне сүйене отырып, берілген заттардың қасиеттерін сипаттайды - Берілген заттардың өздерің білетін қасиеттерін сипаттаңдар? Заттардың қасиеттері: түсі, агрегаттық күйі, тығыздығы, аққыштығы, тапталғыштығы, иілімділігі, жылу және электрөткізгіштігі, балқу және қайнау температуралары Жауапты толықтыру қажет болған жағдайда мұғалім толықтырады.
Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады. | Слайд №1-2
Әр түрлі қасиеттері бар заттарды алуға болады: спирт, алюминий, мыс, пенопласт және т.б.
| ||||||||
Сабақтың ортасы 7-12 13-18
19-24
25-38
| 3. Мәтін «Физикалық күйдің өзгеруі» Жеке жұмыс – сынып форматы - Оқушыларға мәтінді (қосымша 1) оқып, төмендегі кілт сөздер мен сөз тіркестерді қолдана отырып дәптерлеріне 4-5 сөйлемді жазуды ұсыныңыз: 4. Сөйлем құрастыр: Балқу температурасы, қайнау температурасы, қатты, сұйық, газ тәрізді, бөлшектер, бөлшектер арасындағы ара-қашықтық, ішкі энергия, қоршаған орта температурасы Әр оқушының сөйлемдеріне кері байланыс жасап, бір-бірлерінің жауаптарын толықтыруды сұраңыз.
5. «Балқу», «Қайнау» бейнекөріністерін көріп, - Дененің балқуы/қайнауы кезінде қандай өзгерістер байқалады? сұрағына жауап берулерін сұраңыз.
6. Зерттеу сұрағы: Таза су мен қоспасы бар судың қайнау температураларында өзгешелік бар ма? сұрағына жауап беру мақсатында тәжірибе жүргізеді. Оқушыларға краннан алынған судың қайнау температурасын анықтауға мүмкіндік беріңіз. Екі минут сайын және қайнағаннан кейін тағы екі рет судың температурасын белгілеуге тапсырма беріңіз. Алынған нәтижелер бойынша «судың температурасы-уақыт» графигін салуды сұраңыз. Содан кейін дистилденген суды беріп, экспериментті қайталауларын ұсыныңыз. Алынған нәтижелерін анықтамадан алынған мәліметпен (судың қайнау температурасы 1000С) салыстыруды және белгілі заттың қайнау температурасы туралы, заттың құрамында қоспа болса, оның қайнау температурасы қалай өзгеретіні туралы қорытынды жасатқызыңыз.
Мұғалім кері байланыс береді. | Слайд 3
Қосымша №1
Слайд 4-6
Слайд 7
| ||||||||
Сабақтың соңы:
39-40 | 7. Кері байланыс Мұғалім оқушылардан сабақта алған білім мен түсіну деңгейін бағалауды ұсынады: Сабақта мен.... білдім _________________________ түсіндім _________________________ үйрендім | Слайд 8 | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Қайталау кезеңінде оқушылардың қайнау және балқу туралы білімдері сұрақ-жауап, суретті зерттеу арқылы жинақталады. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (эксперимент), талдау (эксперименттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, график, бейнекөрініс, эксперимент). | Оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді пысықтау, жаңа білімді меңгеру барысында қалыптастырушы бағалау орын алады. | Сыныпта қозғалыс барысында лабораториялық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?