Заттардың балқу және қайнау температуралары. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Заттардың балқу және қайнау температураларын анықтауға арналған сабақ 2 сағаттан құрылған. Осы мақсаттың бірінші сағатында 5 сыныпта алған білімдеріне сүйене отырып, берілген заттардың қасиеттерін сипаттайды. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, жауапты жұпта талдап, сынып форматында жариялайды. Жауапты толықтыру қажет болған жағдайда мұғалім толықтырыңыз. Оқушыларды заттардың балқу және қайнау температуралары деген ұғымдармен таныстырыңыз. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады.

 Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылған (мәтін, бейнекөрініс, эксперимент, кесте). Оқушыларға мәтінді (қосымша 1) оқып, берілген кілт сөздер мен сөз тіркестерді қолдана отырып дәптерлеріне 4-5 сөйлемді жазуды ұсыныңыз. Әр жұптың сөйлемдеріне кері байланыс жасап, бір-бірлерінің жауаптарын толықтыруды сұраңыз.

 Таза су мен қоспасы бар судың қайнау температураларында өзгешелік бар ма? ,- сұрағына жауап беру мақсатында тәжірибе жүргізіңіз. Эксперимент барысында қауіпсіздік техникасына назар аударыңыз. Барлық қауіпті жағдайларды ескергеніңізге көз жеткізу керек. Оқушылар экспериментті реттілігін толық түсінгеннен кейін ғана орындауы тиіс. Шыны ыдыспен қалай жұмыс істеу керек, заттарды қолмен ұстауға дәмін татуға болмайтынын ескерту жөн.

 Оқушыларға краннан алынған судың қайнау температурасын анықтауға мүмкіндік беріңіз. Екі минут сайын және қайнағаннан кейін тағы екі рет судың температурасын белгілеуге тапсырма беріңіз. Алынған нәтижелер бойынша «судың температурасы-уақыт» графигін салуды сұраңыз. Содан кейін дистилденген суды беріп, экспериментті қайталауларын ұсыныңыз. Алынған нәтижелерін анықтамадан алынған мәліметпен (судың қайнау температурасы 1000С) салыстыруды және белгілі заттың қайнау температурасы туралы, заттың құрамында қоспа болса, оның қайнау температурасы қалай өзгеретіні туралы қорытынды жасатқызыңыз.

 Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Әр тапсырманы орындау кезінде оқушыларды дескриптормен таныстыруды ұмытпаған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі. Оқушыларға кері байланыс беріп отыруды ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алыңыз.

 

 Тиімді сілтеме:

 http://infotables.ru/khimiya/54-temperatura-kipeniya-i-plavleniya/10-tablitsa-temperatura-plavleniya-tverdykh-tel

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу