Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері

Оқу мақсаттары

6.2.3.1 Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Жер қабықтарын (литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера) бір-бірінен ажыратады;
  • Жер қабықтарының өзара байланысын тірек-сызабада графикалық түрде көрсетеді;
  • Жер қабықтарының өзара байланысын сипаттай алады.

Бағалау критерийлері

  • Жер қабықтарының құрамы мен құрылысына сипаттама береді;
  • Жер қабықтарының байланысын тірек-сызбада көрсетеді;
  • Жер қабықтарының өзара байланысын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Жер қабықтарын ажыратып, атай алады.

Жер қабықтарының құрамы мне құрылысын, өзара байланыстарын ауызша сипаттай алады.

Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады.

Пәндік лексика және терминология:

Литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера, жер қабықтары

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Жер қабықтарының құрамы ........

Өзара байланыста ...........құбылыстар...... мысалы.........

Құндылықтарды дарыту

Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, информатика - Жер қабықтарының өзара байланыстарын схема түрінде көрсеткенде.

Алдыңғы білім

5 сыныптың 2.3. Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктерітарауының 5.2.3.1 Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау оқу мақсаты

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

7-10

1. Ұйымдастыру кезеңі. Білімді актуализациялау. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Жағымды көңіл-күй орнату. Мұғалім сұрақ қояды: «5 сныпта өтілген материалдар бойынша Жер қандай қабықтардан тұрады? Олардың құрылысын еске түсірейк»

Оқушыларды топтарға біріктіру: атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера

(мүмкін оқушылардың туған күн мезгілдері бойынша көктем, жаз, күз, қыс топтарына бөлу т.б.

Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлайды)

2. Ой қозғау:

Бүгін топтардың атаулары өзгеше. Қандай пікір бар?

- бүгін сабақ не туралы болады?

- қандай тақырыпты өтеміз?

3. Мақсатты тұжырымдау

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.

(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)

Тақта, маркерлер, карточкалар

Презентация,

2-3 слайдтар

Сабақтың ортасы

10-12

12-17

17-22

22-25

25-30

30-35

35-37

4. Мұалімнің түсіндірмесі.

Географиялық қабық дегеніміз - Жердің сыртқы қоршаған қабығы, оның құрамына - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі.Географиялық қабық гидросфераны толығымен, атмосфераның төменгі қабыттарын, литосфераның жоғарғы қабаттырнын , және сондағы тіршілік иелерін зерттейді.

5. Білімді бекіту

Топтық жұмыс. Сурет немесе графикалық сызба бойынша тақырып туралы мини хабарлама жазу

  • Жер қабықтарын атау
  • Анықтамасын жазу

Дескрипторлар:

Жер қабықтарын атай алады;

Жер қабықтарының анықтамасын біледі

Мұғалім кері байланыс береді.

Жұптық жұмыс. «Жер қабықтарының өзара байланысы туралы сызбаны толықтырып аяқтаңыз»

(терминдер, мысалдар жазу, сурет салу.)

Жеке жұмыс. Оқушылар жауаптар негізінде (қолдау көрсету үшін мүмкін деңгейі төмен оқушыға /топқа жауаптары немесе жартылай жауаптары бар парақшалар беру керек), сызба арқылы тақырыпты ашады. Жұмыс дәптерлеріне жазады немесе толықтыра сызады.

  • Дене шынықтыру минуты.

Мұғалім Жер қабықтарын дауыстап айтады, ал оқушылар: «Атмосфера – секіру, Литосфера - отыру, Гидросфера – 2 рет қол шапалақтау, Биосфера-3 рет қол шапалақтау және оңға-солға иілу»

Топтық жұмыс .

Жұмысты орындау критерийлерін анықтап алу – 2 минут 1. Мәтіні бойынша оқи отырып зерттеп, нәтижесін сұрақтар түрінде ұсыну /3 жабық сұрақтар мен 3 ашық сұрақтар құрастыру/Сұрақтарға жауапты А4 парағына жазу.

  • Сұрақтармен басқа топтармен алмасып, жауаптар жазу

Қорытындылау:бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады.

Бағалау:

Дескрипторлар:

  • Жер қабықтарының құрамы мен құрылысына сипаттама береді;
  • Жер қабықтарының байланысын тірек-сызбада көрсетеді;
  • Жер қабықтарының өзара байланысын түсіндіреді;

Жер қабықтарының өзара байланысына 2 мысалдан келтіреді;

Қорытынды жасайды

Дескрипторлардың негізінде топ көшбасшылары толтырған бағалау парақшалары бойынша мұғалім қорытынды жасайды. Кері байланыс береді.

Қосымша 1

Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі

Мәтін

Қосымша 2

Презентация

5-слайд

Қосымша 2

Қосымша 3,

Постер, маркерлер,

А4

Презентация,

6-слайд

Презентация,

8-слайд

Презентация,

4-слайд

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40

8. Кері байланыс

Рефлексиялық сұрақтар арқылы жүзеге асырылады:

Бүгін сабақта мен білдім…….

Маған ұнағаны……….

Мені қызықтырды……..

Бұл сабақ мені…….үйретті

Сабақ уақытында алған білімнің маңызы және құндылығы қандай?

Үй тапсырмасы: “Менің планетам/ғаламшарым” тақырыбына эссе жазу (80 сөзге дейін) 10 минут

Рефлексияны стикерлер арқылы жазбаша, немесе тақтадан шығарып ауызша алуға болады.

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Төмен қабілетті

Орташа қабілетті оқушылар

Жоғары қабілетті оқушылар.

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қолдау көрсету:

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар

Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады.

Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:

  • Жауабы дәлелді болса.
  • Сызба сала алса.

Ауызша жауаптары толық болса.

  • Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім Жер қабықтарын дауыстап айтады, ал оқушылар: «Атмосфера – секіру, Литосфера - отыру, Гидросфера – 2 рет қол шапалақтау, Биосфера - 3 рет қол шапалақтау және оңға-солға иілу»

Қосымша 1

Қосымша 4

 Географиялық қабық ландшафттық қабық, эпигеосфера —атмосфералитосферагидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін жердің беткі (жоғарғы) қабығы.

 Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі — мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қаттысұйық және газ) болады. Екінші ерекшелігі — географиялық қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органикалық өмір пайда болуы. Бүкіл органикалық өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 — 5 км тереңдікке дейін және ауа ағындары арқылы стратосфераның төменгі қабатына дейін таралады. Құрлықтағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы жер бетінен 30 — 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 — 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүзілік мұхиттардағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы 5—8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергетикалық құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі — оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі — зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі механикалық қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі химиялық трансформация (биологиялық айналым).

 Айналымдар нәтижесінде жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрономиялық және геологиялық факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде географиялық қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан географиялық белдемдер пайда болады. Кеңістікте географиялық құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу