Деректерді талдау. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1 A Ғылым әлемі | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | 1.5. Деректерді талдау | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтайды | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Сызғыш- ruler Өлшеуіш таспа- tape-line Секундомер – stopwatch Арифметикалық орташа мән- Аrithmetic mean Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларды ауызбіршілікке тәрбиелеу. Жасалған жұмыстарды талдау барысында сыныптастарының пікіріне құрметпен қарау қасиеттерін бойына сіңіру Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа үйрету | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Санның арифметикалық орташа мәнін анықтау барысында математика пәнімен кіріктіріледі. Ол мұғалімнің түсіндіруі арқылы жүзеге асады. Дифференциациялық тапсырмалар беру барысында медиана, мода және өзгеріс ауқымын анықтау барысында математика пәнімен байланыс жасалады | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | http://www.bilimland.kz/ Сандардың арифметикалық ортасы тақырыбында бейнематериал қарайды http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11174-sandardyng_arifmetikalyq_ortasy_ozgeris_auqymy_modasy сайты арқылы оқушылар тапсырмалар орындайды | |||||||||
Бастапқы білім | Өлшеуіш таспа, секундомер және сызғыш сияқты өлшеу аспаптарымен өлшеулер жүргізе алады. Өзінде бар білімдерді пайдаланып, жаңа сабақта эксперименттік тапсырмалар орындай алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | ||||||||||
3 минут |
| Секундомер, өлшеуіш таспа, сызғыш, термометр | ||||||||
Сабақтың ортасы | ||||||||||
1 минут 13 минут 4 минут 5 минут 3 минут 3 минут 10 минут | Эксперименттік тапсырмалар орындау Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру Топтық жұмыс 1 топ – Топтың барлық қатысушыларының бойын өлшеу 2 топ – Топтың барлық қатысушылары үшін минутына жүрек соғысының жиілігін өлшеу 3 топ – Топтың барлық қатысушылары үшін минутына дем алу санын өлшеу. 4 топ – Сынып бөлмесінің ұзындығын қадаммен өлшеу. Оқушылардың нәтижерелін тыңдау. «Ой қозғау» «Өлшем нәтижелері неге әр түрлі болады?» Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды нәтижені орташаландыру қажеттілігіне әкелу Арифметикалық орта туралы мәлімет беру «Сергіту сәті» Жұптық жұмыс Оқушылар 10 рет секіру уақытын өлшеп, кезек-кезекпен бір аяқпен секіреді. Секіру уақытының орташа арифметикалық мәнін есептейді. Жеке жұмыс | Қосымша №1 Сандардың арифметикалық ортасы Қосымша №2 1-жаттығу | ||||||||
Сабақтың соңы | ||||||||||
3 минут | Рефлексия: - мен сабақта жақсы жұмыс жасадым, барлығы түсінікті болды - мен тапсырманы басқа оқушының көмегімен орындай аламын - сабақ мен үшін қиын болды. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларға дербес қолдау көрсету сабақтың барысында әрбір әрекет сайын жүзеге асады. Дифференциациялық тапсырмалар арқылы қабілеті әртүрлі оқушылар қосымшадағы тасырманы орындайды. | Топтық жұмыстан кейін әр топ бірін-бірі бағалау арқылы өзара бағалау жүзеге асады. Әрбір әрекеттен кейін мұғалімнің кері байланысы арқылы жүзеге асады. Эксперименттік тапсырмалар орындау барысында кері байланыс беріліп, жетелеуші сұрақтар арқылы оқыту мақсатына жетелейді | Өлшеу аспаптарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?