Қорытынды және талқылау. Тұжырым және талқылау. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1А Ғылым әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.6. Қорытынды және талқылау

Тұжырым және талқылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдайды

 Сабақ мақсаттары

  • заттар арасында әр түрлі құбылыстар жүретінін түсіну;
  • құбылыстардың физикалық және химиялық түрлерін ажырату;
  • аталған құбылыстарды салыстыру;
  • физикалық және химиялық құбылыстарды тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
  • тәжірибеге тұжырым жасау,сараптау, талқылау, ғылыми қорытынды жасау;

 Жетістік критерийлері

Білу және түсіну:

  • заттар арасында әр түрлі құбылыстар нәтижесінде бір заттың екінші затқа айналатынын түсінеді;

Қолдану:

  • құбылыстардың физикалық және химиялық түрлерін ажырата алады;
  • аталған құбылыстарды салыстырады;

Сын тұрғысынан ойлау:

  • физикалық және химиялық құбылыстарды тәжірибе жүзінде дәлелдейді;
  • тәжірибеге тұжырым жасайды,талқылайды,ғылыми қорытынды жасайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың орындай алады:

өз зерттеуін жоспарлау кезеңдерін ауызша және жазбаша нысанда талқылай алады.

Өз идеяларын тәжірибе түрінде көрсете алады. Тәжірибені сараптап,ғылыми қорытынды жасай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Зерттеу жоспары

Болжам

Тәжірибе

Зерттеу мәселесі

Деректерді талдау

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің зерттеуімнің кезеңдері … болады деп ойлаймын.

Бұлай айтуға … негіз болды.

Бұл … түсіндіріледі.

Менің түсіндіруім ...

 Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, бір-бірінің пікірін тыңдау,оқушы мен мұғалім арасындағы оңтайлы қарым-қатынас,ынтымақтастық орта, өмір бойы білім алу;

 Пәнаралық байланыстар

Физика –заттардың агрегаттық күйінің ауысуы, химия- химиялық реакция белгілері (жану құбылысы,заттардың түсінің өзгеруі,газ бөлінуі)

 АКТ

Бейнефильм,презентация

Бастапқы білім

Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.

Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Кім», «Қайда», «Қашан»? телебағдарламасындағы әуен ойналады.

Мұғалім оқушылардың назарын қара жәшікке аударады. Қара жәшіктегі затты анықтау үшін оқушыларға жұмбақ жасыру.

Жұмбақ:

Қар дейін десем, қап-қатты,

Тас дейін десем, тәп-тәтті.

Қара жәшіктің ішінде қандай зат. Қара жәшікті ашып, затты көрсету. Сұрақтар:осы затты қалай сипаттар едіңіз.Оқушылар қанттың түсі, дәмі,агрегаттық күйі тсс.сипатын айтады.

Мұғалім стақандағы суға қантты салып, араластырады. Нәтижесін оқушылар айтады. Сіздер бұл заттың қасиеттерін айттыңыздар, енді осы затты қалай өзгертуге болады?

Оқушылар тұжырым жасайды.

Оқушылардың жауабы негізінде сабақтың тақырыбымен мақсаты ашылады;

Бұл тапсырма арқылы оқушылардың заттарда әр түрлі құбылыстар нәтижесінде бір заттың екінші затқа айналатынын түсіну дағдысы бағаланады.

https://www.pinterest.com/explore/matter-activities/

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс:

Қосымша№1 (Слайд №7)

Оқушылардың алдына физикалық және химиялық құбылыстардың суреттері беріледі.

Қосымша №2

Тапсырма:

А –деңгей

Берілген суреттен химиялық және физикалық құбылыстарды ажыратыңыз және бұл құбылыстар қайда жүретінін анықтаңыз;

Вдеңгей

Әр құбылысты атаңыз және берілген құбылыстарға қандай заттар қатысатынын анықтаңыз;

С деңгей

Құбылыс барысында әр зат қалай өзгереді? Нәтижені кестеге толтырыңыз:

Құбылыстың атауы

Құбылысқа қатысатын заттар

Заттың өзгеруі

№1

...

№6

Сұрақ:

  • Қандай құбылыста жаңа заттар түзіледі?
  • Берілген құбылыстарды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?
  • №2 тапсырма арқылы оқушылардың химиялық және физикалық құбылыстарды ажырату, құбылыстардың қайда жүретінін анықтау,салыстыру дағдылары бағаланады;

Тәжірибе №1:

Қажетті материалдар:

Стақан, сынауық,спирт шамы,жабын әйнек,ұстағыш.

Су және мұз.

Тапсырма №1

Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып,судың бір күйден екінші күйге айналатынын көрсететін тәжірибе жүргізіңіз.

Жұмысқа нұсқаулық:

1.Зерттеу жоспарын құрыңыз.

2.Болжам жасаңыз.

3.Зерттеу тұжырымын жасаңыз

4.Деректерді талдаңыз.

5.Қорытынды жасаңыз.

Тәжірибе2:

Тапсырма №2

Ауа көлемінің өзгеруі физикалық құбылыс екенін тәжірибе арқылы дәлелдеңіз.

Жұмысқа нұсқаулық: (Ескерту: бұл жұмысқа берілген суретті пайдалануға болады)

1.Зерттеу жоспарын құрыңыз.

2.Болжам жасаңыз.

3.Тұжырым жасаңыз.

4.Деректерді талдаңыз.

5.Қорытынды жасаңыз.

Оқушылар заттың бір күйден екінші күйге ауысуы-физикалық құбылыс деген қорытынды жасайды.

Тұжырым жасау үшін мына тірек сөздерді қолданыңыз:

Сынауық, түтік,тығын,ауа көлемі ұлғаяды,ауа көпіршіктері бөлінеді, суытқанда, жылытқанда.

Бұл тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеу сұрағына жоспар құру, тұжырым,болжам жасау,деректерді талдап қорытынды жасау дағдылары бағаланады.

Бейнематериал көрсету. «Темір мен күкірттің қоспасын алу»

Ескерту: бейнематериал көрсетудің алдында оқушыларға сұрақтарды алдын-ала беріп қою қажет.Оқушылар сұрақтармен танысуға 3минут уақыт беріледі.

Тапсырма №2: Көрген құбылысты талқылау.

Талқылау сұрақтары:

  • Мыс пен күкірттің қоспасын алу үшін қандай іс-әрекет жасалды?
  • Екі заттың мөлшері есепке алынды ма?
  • Темірдің қандай қасиетін байқадыңыз?
  • Қоспадан темірді қалай бөліп алды?
  • Бұл темірдің қандай қасиетіне негізделген?
  • Қоспадан күкіртті қалай бөліп алды?
  • Бұл күкірттің қандай қасиетіне негізделген
  • Темір мен күкірттің қоспасы жаңа зат па?

Тапсырма 3

Бейнематериал көрсету. «Темір мен күкірттің қосылысын алу»

Тапсырма: «Көрініс бойынша сипаттау» (plot story)

1.мазмұндау

(exposition)

2. өзгеріске әкелетін іс-әрекет (rising action)

3. нәтижесі (climax)

4.құрамдас бөліктер бойынша реттеу (resolution)

Қортынды жасау үшін 2 бейне көріністі салыстыру:

Салыстыру сипаты

Қоспа

Жаңа зат

заттардың алғашқы қасиетін сақтауы

Бөліп алу әдістері

Сандық құрамы

Бұл тапсырма арқылы оқушылардың ақпаратты өңдеу, салыстыру дағдылары бағаланады.

Жұптық жұмыс

Оқушылар жұпта «Химиялық реакцияның белгілерін» зерттейді.

Ол үшін оқушыларға күнделікті тұрмыста кездесетін заттар беріледі:

Тәжірибе

Қажетті құрал-жабдықтар:

Қант,крахмал,сынауықтар, спирт шамы,ұстағыш,50-100мл стақандар;

Реактивтер:сода,сірке қышқылы және йод ерітінділері;

1.Қантты сынуыққа салып, спирт шамында жағу.

2.Крахмалға су құйып,араластыру.Йод ерітіндісін тамызу.

3.Сода ерітіндісіне 1-2тамшы сірке қышқылын тамызу.

Не алдық?

Не істедік?

Не байқадық?

Қорытынды

Яғни,қантты қалай өзгертуге болады, бұл қандай құбылыс, себебі?

Оқушылар сабақтың басында қойылған зерттеу сұрағына жауап береді.

Сабақтың соңы

Рефлексия: «Аргумент»

Бугінгі сабақта менің көңіл –күйім болды ..................................,себебі....................................

Сабақта мен ............................................. жұмыс жасадым, себебі................................................

Сабақтағы мен үшін ........................................, себебі.......................................................................

Үйге тапсырма

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:зерттеу сұрағын тұжырымдайды;

Көпшілік оқушылар: зерттеу сұрағы бойынша заттарды бір бірімен салыстырады,тұжырым жасайды,;

Кейбір оқушылар: зерттеу сұрағы бойынша заттардың қасеиттері бойынша құбылыстарды ажыратады,тәжірибе жүзінде дәлелдейді,талқылайды.

№1Бұл тапсырма арқылы оқушылардың заттарда әр түрлі құбылыстар нәтижесінде бір заттың екінші затқа айналатынын түсіну дағдысы бағаланады .

№2 тапсырма арқылы оқушылардың химиялық және физикалық құбылыстарды ажырату, құбылыстардың қайда жүретінін анықтау,салыстыру дағдылары бағаланады

Тәжірибе жасау тапсырмалары арқылы оқушылардың зерттеу сұрағына жоспар құру, тұжырым,болжам жасау,деректерді талдап қорытынды жасау дағдылары бағаланады.

Бейнематериалды көріп, кесте толтыту арқылы оқушылардың ақпаратты өңдеу, салыстыру дағдылары бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

Спирт шамымен,сірке қышқылымен жұмыс жасағанда халат,көзілідірік және қолғап кию.

Мыс пен күкірттің қосылысын алу қауіпті болғандықтан (оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болмағандықтан) материалды бейне материалдан көру;

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу