Дыбысты бәсеңдетуге бола ма? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Табиғат физикасы. | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Күні | |||||||||||||||
Тақырыбы | Дыбысты бәсеңдетуге бола ма? | ||||||||||||||
Оқу мақсаты |
| ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: Жарық пен дыбыстың қасиетін айта алады; Көрген видеоматериалын пайдалана отырып, дыбыс қасиеттерін сипаттай алады; Оқушылардың көбі: Дыбыстың жарық тәрізді жұтылатынын сипаттап айта алады; Аудиожазбада жазылған дыбыс пен өзіне естілетін өз дыбысының арасында айырмашылық болатынын біледі және неліктен деген сұраққа жауап бере алады; Оқушылардың кейбірі: Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады; Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады; | ||||||||||||||
Бағалау критерийі | Жарық пен дыбыстың қасиетін айта алуы; Көрген видеоматериалын пайдалана отырып, дыбыс қасиеттерін сипаттай алуы; Дыбыстың жарық тәрізді жұтылатынын сипаттап айта алуы; Аудиожазбада жазылған дыбыс пен өзіне естілетін өз дыбысының арасында айырмашылық болатынын біледі және неліктен деген сұраққа жауап бере алуы; Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алуы; Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы; | ||||||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||||||
Құндылықтар | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Төменгі сыныптарда оқылған «Дыбыс» тақырыптары. Алдыңғы сабақта өткен «Дыбыстың шағылуы деген не?» тақырыбы | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Бөлімге кіріспе. Жарық және дыбыстың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Тағы басқа да жауаптар беруі мүмкін. Сонымен жарықтың шағылу және жұтылу қасиеті бар екендігін білдік. Онда дыбыстың шағылу қасиеті болса, дыбыстың жұтылу қасиеті болуы мүмкін бе? Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Дыбысты бәсеңдетуге бола ма? Сабақ мақсаттары: Дыбыстың қасиеттерінің бірі жұтылуды білу; Оның пайдасы мен зиянын білу; Зерттеу жұмысын жүргізу арқылы дыбысты қалай бәсеңдетуге болатыныны анықтау; Салыстыр. Берілген видеоматериалды көрсету арқылы. Видеоматериалдан не көрдіңдер? Қай бөлмеде дыбыс жақсы шағылады? Қай бөлмедегі дыбыс құлаққа жағымды болады деп ойлайсыңдар? Неліктен? (берілген видеоның 1 көрсету керек) Дыбыс толқындарының тағы бір қасиеті – жұтылу. Жұмсақ жиһазы бар, кілем төселген немесе қабырғасы мен едені арнайы дыбыс жұтатын материалмен қапталған бөлмеде дыбыс толқындары жақсы жұтылады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Зерттеу жұмысы «Дыбыстың қаттылығын қалай бәсеңдетуге болады?». Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын. Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды. Зерттеу сұрағы: «Дыбысты қандай денелер бәсеңдетеді?» «Дыбысты неліктен бәсеңдейді?» 1. қолдарыңдағы барлық ресурстарды мұқият қарап, олардың дыбысты қалай шығаратынын анықтаңдар және жазыңдар. 2. сағатты партаның бір шетіне қойып, құлақтарыңды кезекпе кезек партаның келесі жағына тақап дыбысны естіңдер. 3. дыбыс қалай шығып тұрғанын жазыңдар. 4. енді осы сағат дыбысын бәсеңдету үшін не істер едіңдер болжам жасап жазыңдар. 5. болжамдарыңның дұрыс немесе қате екендігін дәлелдеу үшін зерттеуді жасаңдар. 6. жасаған зерттеу жұмыстарыңа қорытынды жазыңдар. Дыбыстың жұтылу қасиетін қалай қолданады? Кинотеатырға барып көрдің бе? Оның ішін есіңе түсіріп көрші. Қандай материалдардан тұрады? Неліктен едендері, отыратын орындықтары және қабырғалары жұмсақ материалдармен қапталған? Ойланып көрдің бе? Дыбыстың бұл қасиеті тек кинотеатрда ғана қолданыла ма? (Видеоматериал 2 көрсетуге болады) Ойлан. Ұялы телефонның диктафонына оқушылардың дауысын жазып дайындап қою қажет. Сабақ барысында алдын ала жазған дауыстарын сыныпқа қосамын. Кім сөйлеп жатқандығыне оқушылар анықтау керек. Дауыстары жазылған оқушыдан бұл сенің дауысың ба? – деп сұраймын. Ол жоқ немесе білмеймін немесе мен айтқан сияқтымын деп жауап беруі мүмкін. Аудиожазбада дауыс неге өзгереді? – деген сұрақ арқылы оқушыларға ой қозғау сұрағын беремін. Сен білесің бе? Адам құлағы барлық дыбысты ести ала ма? қалай ойлайсың? Жарғанат туралы не білесің? Жарғанат өз жемін қалай тауып жейді? Білесің бе? Жарғанаттар тұрған үңгірге кірген адам басына келіп, жарғанаттардың соғылып жататынын теледидардан көрген шығарсың? Неліктен олар айналып өтпей адам басына келіп соғылады деп ойлайсың? Өзіндік жұмыс. 9, 10 -жұмыс парағы. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Сағат, мата қиындысы, А4 қағаз, орамал, сызғыш, қол орамал, мойын орағыш, өшіргіш, дәптер, кітап т.б | |||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия сәті Есте сақта! Сабақ соңында менің көңіл күйім
тәрізді |
| |||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі. | Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. Мадақтау, қолдау көрсету. | Қауіпсіздік ережелерін сақтау Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?