Көлеңкені өзгертуге бола ма? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Табиғат физикасы. Жарық | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||
Күні | ||||||||||||||
Тақырыбы | Көлеңкені өзгертуге бола ма? | |||||||||||||
Оқу мақсаты |
| |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: Суретке қарап дене көлеңкесін сәйкестендіре алады. Оқушылардың көбі: Дене көлеңкесі дене өлшеміне сай болмауы мүмкін екендігін біледі. Оқушылардың кейбірі: Дене көлеңкесі қандай шамаларға тәуелді екендігін анықтап қорытынды жасайды. | |||||||||||||
Бағалау критерийі | Дене көлеңкесін сәйкестендіреді; Дене көлеңкесі не үлкен не кіші бола алатындығын түсінеді; Дене көлеңкесін кішірейту және үлкейту жолдарын анықтап, қорытынды жасайды; | |||||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||||
Құндылықтар | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек | |||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 3-ші сыныпта оқыған көлеңке тақырыбы. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Бөлімге кіріспе. Слайдта берілген жарық көздерін топқа жіктейді Суретте: жетіқарақшы, поляр шұғыласы, ай, жанып жатқан ағаш, майшам, жарқырауық қоңыз, үстел шамы, қол шам, неон шамы, шам, жанып тұрған сіріңке шиі, күн сәулесі. (Табиғи жарық көздері дегеніміз – ол өздігінен сәуле шығаратын денелер; жасанды жарық көзі – адамның арнайы іс-әрекетінің нәтижесінде жарық шығаратын қолдан жасалатын денелер.) Кіріспе тапсырма. 1) Жарық сәулесі қалай таралады? 2) Көлеңке дегеніміз не? (Жарық денеге келіп түскен кезде дененің келесі жағында пайда болатын қараңғы дақ) 3) Көлеңкесін тап. 4) Неліктен бұлардың көлеңкесі өзінен өте үлкен, екіншісінікі керісінше кішкентай? Бұл суретшінің қателігі ме? Шынайы өмірде көлеңкенің өте үлкен болуымен кездестіңдер ме? Қай кезде көлеңке үлкен болады? Деген сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатына шығамын. Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Көлеңкені өзгертуге бола ма? Сабақ мақсаттары: Көлеңкенің өлшемі қандай шамаларға тәуелді екендігін білу; ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Зерттеу жұмысы «Көлеңкенің өлшемі қандай шамаларға тәуелді?» 1) Сыныпты 4 топқа бөлу 2) Екі топ екі түрлі зерттеу жұмысын жасайды, бірақ зерттеу сұрағы бір. 3) Алған нәтижелерін өз топтарында қорытындылап, келесі топқа жасаған жұмыстарын баяндайды. Зерттеу сұрағы: «Көлеңкенің өлшемін қалай өзгертуге болады?» «Егер дене мен жарық көзінің арасын алшақтатсам көлеңке үлкейе ме әлде кішірейеме?» 4) Берілген тортарға зерттеу жұмысының парағын таратып беру. (Зерттеу жұмысы жақсы шығуы үшін бөлме терезесін жауып қараңғылау) 1-ші топтар үшін нұсқаулық: 1. Экраннан 50 см, 100 см, 150 см қашықтықты метрмен өлшеп белеңдер. 2. Бір бала 150 см белгіленген жерде қолшам жағып тұруы қажет. 3. Екінші оқушы жіппен байланған кішкентай допты (теннис добы) экран алдына ұстауы қажет. 4. Қолшам ұстап тұрған бала допқа қарай жарықты бағыттауы қажет. 5. Басқа зерттеушілер экранға түскен көлеңкенің диаметрін (шамамен) сызғыштың көмегімен анықтаңдар. 6. Осы экспериментті 100 см, 50 см қашықтықта қайталап жасаңдар. 7. Нәтижелерді келесі кестеге толтырыңдар. 8. Қорытынды жасаңдар. 2-ші топтар үшін: 1. Допты немесе үрленген әуе шарын үстел үстіне қойып, сызғыш арқылы суреттегідей, шар немесе доптың диаметрін анықтаңдар. 2. Экраннан 50 см, 100 см қашықтықты метрмен өлшеп белгілеңдер. 3. Бірінші оқушы экран алдына 50 см белгісінде жібінен кішкентай допты ұстап тұруы қажет. 4. Екінші оқушы 100 см белгіленген жерде қолшамын жағып, допқа қарай жарық сәулесін бағыттауы керек.. 5. Экранға түскен доптан көлеңкенің диаметрін басқа оқушылар сызғышпен (шамамен) өлшеңдер. 6. Бірінші оқушы экран алдындағы сол орнында (50 см белгісінде) жібінен әуе шарын ұстап тұруы қажет. 7. Екінші оқушы 100 см белгіленген жерде (сол орнында) қолшамды жағып, әуе шарына қарай жарық сәулесін бағыттауы керек. 8. Экранға түскен әуе шарынаның көлеңкесінің диаметрін басқа оқушылар сызғышпен (шамамен) өлшеңдер. 9. Нәтижелерді келесі кестеге толтырыңдар. 10. Қорытынды жасаңдар.
Ойлан. Ненің көлеңкесі болмауы мүмкін? Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін. Келесі тәжірибені жасап көрсетемін. Ол үшін сіріңке шиін жағып 10–15 см қашықтықта қабырғаға тақау керек, шидің көлеңкесі көрінеді. Бірақ оттың көлеңкесі түспейді. «Қабырғадан сіріңке шиінен жағылған оттың көлеңкесі неліктен көрінбейді?» - деген сұрақ қою қажет. Олар әр түрлі қызықты жауаптар айтуы мүмкін. (жарық келесі бір жарық арасынан ешқандай кедергісіз өте алады) Міндетті түрде өрт қауіпсіздігін сақтау, сіріңке шиін жағып ойнамау керегін ескертемін! Сен білесің бе? Көлеңкені қалай қолдануға болады? (Көлеңке театры, күн көзінен қорғану, көлеңке сүйгіш өсімдік өсіру үшін). Ерте кезде уақытты анықтау үшін «Күн сағаттары» қолданылғанын, оның жұмыс істеуі көлеңкенің түсуімен байланысты. Сондай-ақ қазақ халқы ерте кезден аспан денелерін, оның ішінде Күн сәулесін уақытты анықтауда қолданғаны туралы мәліметпен бөлісу. Өзіндік жұмыс. 5, 6-жұмыс парағы. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | жіп байланған кішкентай доп (теннис добы немесе домалақ жұмсақ ойыншық), қолшам, метрлік таспа, сызғыш, парақ, маркер жіп байланған кішкентай доп (теннис добы немесе домалақ жұмсақ ойыншық), қолшам, сызғыш, жіп байланған үрленген (домалақ болғаны дұрыс) әуе шары, қалыңдау жіп немесе метрлік таспа (доп пен әуе шарының өлшемін алу үшін), парақ, маркер. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия сәті Есте сақта! Сабақ соңында менің көңіл күйім
тәрізді |
| ||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі. | Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. Мадақтау, қолдау көрсету. | Қауіпсіздік ережелерін сақтау Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?