Судың еріткіштік қасиеті. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су. | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||
Күні | ||||||||||||||||||||
Тақырыбы | Судың еріткіштік қасиеті | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 4.3.3.5 түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу; 4.1.1.1 зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Судың еріткіштік қасиетімен танысады. Заттардың суда ерігіштігін сипаттайды. Ерітінділерді қолдану жолдарын анықтайды. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Судың еріткіштік қасиетін сипаттайды. Суда еритін заттарды атайды. Суда ерімейтін заттарды атайды. Адам тіршілігінің түрлі салаларында ерітінділерді қолдануға мысал келтіреді. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер Еру, ерітінді, минералды су. | |||||||||||||||||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, қазақ тілі | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Судың қасиеттерін атайды. Су айналымын түсіндіреді, жауын-шашынның түзілуін, түрлерін біледі. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Кіріспе тапсырма. Әңгімелесу. Бір стақан жылы суға кесек қантты салу. Бақылау.
Енді кесек тұзды суға салу. (Тұз да суда еріп кетеді.)
Осы тәжірибенің негізінде оқушылар судың еріткіштік қасиеті бар деген қорытындыға келуі тиіс. | Стақандар, су, қант, тұз. | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Заттар суда ери ме? Суретпен жұмыс. Оқулықтағы тапсырманы жұптарымен бірге талқылауды ұсыну. Олар өзара талқылап болған соң пікірлерін тыңдаңыз. Құрғақ ізбесті көрсету. Мөлдір ыдысқа салу, су құю. Бақылау.
Күнделікті өмірден мысалдар келтіру (Мысалы, кір жуатын ұнтақтармен кір жуатыны, ас содасын немесе тұзды суға ерітіп, тамақ шаятыны сияқты мысалдар келтіру. Адам судың еріткіштік қасиетін күнделікті пайдаланады.)
Суға сүт қосуға болатынын: дәмі мен түсі өзгеретінін, суға сия тамызса, түсі өзгеретінін көрнекі түрде көрсетуге немесе ауызша сұрақ-жауап арқылы түсіндіріп өту. Оқушылар қатты және сұйық заттардың суда еритіні және барлық заттар бірдей ери алмайтыны туралы қорытынды жасауы тиіс. Ерітінділер. Күнделікті өмірде адам ерітінділерді көп пайдаланады. Олардың пайдасы өте зор. Ас тұзы мен сірке қышқылы ерітінділерін көкөністерді тұздап, консервілеу және тағамның дәмін келтіру үшін қолданады. Ізбес ерітіндісін ғимараттарды, үйді ағарту және ағаштарды әктеу үшін қолданады. Сутегінің асқын тотығы ерітіндісін бөлме өсімдіктерінің жақсы өсуі үшін пайдаланады. Әртүрлі жарақатты залалсыздандыруда йод және бриллиант көгі ерітінділері қолданылады. Су – еріткіш. Алдыңғы тапсырмадағы заттардың суда ерігіштігін естеріне түсіру. (Көптеген заттар суда ериді, суда ерімейтін заттар да болады).
Оқушылар заттардың еру температураға да байланысты екенін түсінеді. Ойлан. Суда еріп кеткен тұз қайтадан қалпына келуі мүмкін бе? Талдау. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Заттардың суда ерігіштігін анықтау. Тұз, крахмал, құм және сазды суда ерітеді және олардың суда ерігіштігі әртүрлі екеніне көз жеткізеді. Шағын топтарға біріктіру. Ресурстар тарату. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру.
Зерттеу нәтижесінде тұз суда жақсы ериді. Температураны жоғары көтергенде заттардың суда ерігіштігі артады. Крахмал суда нашар ериді, ыстық суда клейстерге айналады. Құм мен саз суда нашар ериді. Тек судың түсі өзгереді.
Оқушылар эксперименттің де, бақылаудың да болғанын айтады. Оқушылар зерттеу нәтижесін кестеге тіркейді. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу. Сұрақ жауап арқылы мазмұнын ашу. Сен білесің бе?
Күмістің емдік қасиетін ата-бабаларымыз ертеден-ақ біліп пайдаланған. Олар күміс ыдыспен тамақтанып, сусындарды күміс ыдыста сақтап және ішкен. Күміс суда өте аздаған мөлшерде ериді де, суды тазартады. Тазартылған су тістің қызыл иегін зақымданудан сақтап, бактерияларды жояды, улы заттарды шығарады және асқазан-ішек жолдарын тазартады. Күнделікті тұрмыста күміс ыдыстарды пайдалану өте тиімді деген қорытынды жасайды. Өзіндік жұмыс 58-жұмыс парағы. Су еріткіш пе? Сөйлемдерді толықтыр. Сөйлемдердегі бос орындарды тиісті сөздермен толықтыру. Жауабы 1 – еріткіш; 2 – ерітінді; 3 – жақсы еритіндер, аз еритіндер, ерімейтіндер; 4 – температураны. Су – еріткіш. Оқушылар кестеге сүйене отырып, тұзбен және сумен жасалған тәжірибеде Эвриканың нені зерттегенін анықтай алады. А) судың әртүрлі көлемінде қанша тұз еритінін. 59-жұмыс парағы. Ерітінділердің маңызы. Маңызын анықта. Ерітінділердің қайда және не үшін пайдаланылатынын біліп, күнделікті өмірде қажетті жағдайда қолдана алатынын көрсетеді.
ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Суреттер
Шыны ыдыстағы тұз, крахмал, құм, саз, су және ерітінді жасап араластыратын төрт стақан мен шыны таяқшалар Оқулық Жұмыс дәптері | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. Кері байланыс Көңілді, қызықты болды. Көңілсіз, қызықсыз болды. Сабақта берілген тапсырмаларды орындадым. Көп ақпарат алдым. Сұрақтарым бар. Тақырыпты түсіндім. ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы Слайд №9 | ||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Сұрақ қою барысында саралау Тапсырмалар бойынша саралау: | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; | - әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?