Судың тіршілік үшін маңызы. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

  • Пән: Жаратылыстану
  • Сынып: 3-сынып
  • Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.
  • Мектеп:
  • Модератор: Данабаева М.А.
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспаған оқушылар:
  • Күні:

  • Тақырыбы:

Судың тіршілік үшін маңызы.

Оқу мақсаты:

3.3.3.3 ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру;

3.3.3.6 судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Судың тіршілік үшін маңыздылығын түсінеді.

Бағалау критерийі

Судың тіршілік үшін маңызын түсінеді;

Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін біледі;

Ақпарат көзінің түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Судың тіршілік үшін маңызын айта алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Ауызсу, үнемдеу, тиімді пайдалану.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың құрамын, судың агрегаттық күйін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қызығушылығын сабаққа аудару үшін «Ыстық алақан» ойыны арқылы бір-біріне 3 сын есім айту ұсынылады.

Мысалы, ақылды, тәртіпті, сүйкімді т.б.

Суды пайдалану.

Тапсырма жұппен орындалады.

Мақсаты: Берілген ақпараттың ұқсастықтарын анықтап, судың тіршілікке қажет екендігін түсіну.

Кластер құру арқылы судың не үшін қажет екендігін анықтайды. Әр жұп өз кластерін құрады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд

№1

Оқулықпен жұмыс

Кластер құруға арналған құралдар

Слайд №2

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

6 минут

5 минут

2 минут

4 минут

6 минут

Судың жарамдылығы.

Мақсаты: Ақпарат көздерін салыстыру. Екі түрлі стақан суды салыстырып, өз ойларымен бөліседі. Олардың бірінде тұщы, бірінде ащы су болғаны абзал. Жетекші сұрақтар арқылы ішуге жарамды суды анықтау.

Сұрақтар:

  • Қандай суды ішуге болады?
  • Жаңбырдың судың ішуге болады ма?
  • Шалшық суды ше?
  • Құбырдың суы ішуге жарамды ма?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Топтарға біріктіру. Оқушылардың халық ауыз әдебиеті үлгілері, яғни су туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа біріктіру. Сұрақтар:

  • Су туралы тағы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
  • «Судың да сұрау бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

Зерттеу жұмысы.

Зерттеудің мақсаты: Суды үнемдеу тәсілдерін ұсыну, дереккөз түрлерін анықтау.

Ресурстарды тарату. Ватман, фломастерлер, иллюстрациялық материалдар (суды үнемдеу және ұқыпсыз пайдалану туралы суреттер т.б.)

Зерттеу жұмысын жоспарлау:

  • Суды үнемдеудің маңызын айқындау;
  • Суды үнемді қолданудың инфографикасын жасау;
  • Постер құру. Қорытынды жасау.

Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға алынған мәліметтерден тағы не туралы жазуға болатынын сұрау. Өз ойларын шығармашылықпен орындауға нұсқау беру.

Зерттеу жұмысын қорытындылау.

«Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

  • Зерттеу жұмысы барысында қандай ақпарат көздерін пайдаландыңдар?
  • Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

ҚБ. «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы топтың жауаптарын бағалау.

Ойлан. Оқушылар жұптасып судың маңызын анықтайды. Ойларымен бөлісіп, бір-бірін тыңдайды. Жетекші сұрақтар арқылы судың тіршілік үшін маңызын түсінеді.

Сұрақтар:

-Су кімге қажет?

- Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады?

- Түйе туралы не білесіңдер?

- Судың болмауы құм мен тастарға қалай әсер етеді?

ҚБ. «Бас бармақ» стратегиясы арқылы жауаптарын бағалау.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Оқушылармен суды қандай мақсатта көп қолдануға болатынын талқылау. Талқылау барысында оқушылар мәдени өсімдіктерді суару үшін көп су пайдаланатыны туралы қорытынды жасай алады. 1 килограмм картоп өсіру үшін 300 литр су жұмсалатынын айтып, оқушылармен ой бөлісу.

Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

53-жұмыс парағы. «Судың маңызы», 55-б.

Су не үшін қажет? Суды әртүрлі салада қолдануға қатысты сызбаны толтыру.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Адамға не үшін су керектігін біледі;
  • Жануарға неліктен су керектігін түсінеді;
  • Өсімдіктер үшін судың маңызын біледі.

54-жұмыс парағы. «Судың қажеттілігі», 56-б.

Филворд. Суды үнемдеуге әсер ететін әрекеттер жасырылған сөздерді тауып, жасыл түспен қоршау. Судың ластануына әсер ететін әрекеттерді қызыл түспен қоршау. Сөздерді қатыстыра отырып, бір сөйлем құрау.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Суды үнемдеуге әсер ететін факторларды біледі;
  • Судың ластануына әсер ететін факторларды анықтай алады.

Екі стақанға құйылған су (бірінде тұщы су, бірінде егер болса ащы су)

Слайд №3

Слайд №4

Ватман, фломастерлер, иллюстрациялық материалдар

Слайд №5

Оқулықпен жұмыс

Слайд №6

https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX

Дәптермен жұмыс

Слайд №7

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

SWOT талдау стратегиясы арқылы сабаққа кері байланыс беру.

Слайд №8

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу