Заттардың қасиеті қалай өзгереді? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Заттардың қасиеті қалай өзгереді?

Оқу мақсаты

4.3.1.2 құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеттері өзгеретінін түсінеді.

Бағалау критерийі

Заттардың басқа затқа айналуы қалай жүретінін біледі;

Түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеттері қалай өзгеретінін түсіндіреді;

Заттар қасиетіне байланысты қалай қолданылатынын анықтайды.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Таттану, шіру, жану

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Заттардың әртүрлі үдеріс кезінде қасиеті өзгеретінін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

Кіріспе тапсырма. Заттар өзгеріске түсе ме?

Темір құбырдың суретін көррсету

  • Темір құбырға не болды? Неліктен?
  • Таттанған темір қасиетін сақтай ма?

(Таттанып кеткен темірден жасалған заттарды көрсету).

Таттанған темір шегені көрсету.

  • Темір шеге қандай өзгеріске түскен?
  • Бұл шегені енді балғамен тақтайға қақса не болады? Оны енді пайдалануға бола ма?
  • Темір шеге бұрын қандай еді?
  • Темір қандай қасиетке ие?
  • Темірдің осы қасиеті сақталды ма?
  • Темірдің тағы қандай қасиеті бар еді?

Таттанған шегенің магнитке тартылу қасиетін тексеріп көру.

Шегеге магнитті жақындату.

  • Барлық заттар өзгере ме? Қасиеттерін жоғалта ма? Қалай ойлайсыңдар?

Екінші суретті, судың мұзға айналуын көрсету.

  • Су өзгеріске түсті ме? Неліктен?
  • Темір шеге сияқты су да өз қасиетін жоғалта ма? Оны пайдалануға бола ма?
  • Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

заттардың балқуын, қайнауын және еруін көрсететін бейнежазба немесе сурет;

темірден жасалған құбыр бөлігі, тот басқан шеге, қасық, кілт, есік тұтқасы,

темір балға,

магнит.

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.

Бастапқы қалпына келе ме?

Суреттен майшам мен сіріңке шырпысының өзгеріске түсу үдерісін көрсету немесе мұғалімнің көрсетуі.

  • Майшамда қандай өзгеріс болды?
  • Сіріңке шиінде ше?
  • Екеуін салыстырғанда не байқадыңдар?
  • Майшам жанғанда қандай заттар түзілді?
  • Сіріңке шиінде ше?
  • Бұларды заттың өзгеруіне жатқызуға бола ма?
  • Бұл заттар өз қасиеттерін өзгертті ме?
  • Осы заттарды бастапқы қалпына келтіруге бола ма?
  • Өздерін қандай мысал келтіресіңдер?
  • Қандай заттарды бастапқы қалпына келтіруге болады, қандай заттарды келтіре алмаймыз?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Жұптық жұмыс. Қалай жасалады?

Ағаш кесіндісі мен қағаз тарату.

  • Ағаштан қағаз алынатынын бәрі біледі, ал сонда қағаз қалай жасалады.

Ағаш пен қағазды салыстыру.

  • Ағаш қатты, оның қағазға айналуы үшін не істеу керек?

Қағаздың дайындалу үдерісін бейнелейтін шағын видеожазба көрсету немесе энциклопедия ұсыну.

Өзін өзі бағалау. Жұптар өз жауаптарын ақпарат көзінен алынған деректермен салыстырады.

Зерттеу жұмысы.

  • Сыныпты бірнеше топқа біріктіру.
  • Ресурстарды тарату.
  • Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Ағаш жаңқасын жағуды мұғалім басшылығымен өткізетінін ескерту. Зерттеу нәтижесін тіркеу үшін үлгідегідей дайын кесте ұсыну.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру.

  • Ағаш жаңқасын майыстырып көру. Бақылауларын тіркеу.
  • Стақандағы суға ағаш жаңқасын салу, бақылау, болған өзгерістерді тіркеу.
  • Ағаш жаңқасының бөлігін қысқышпен қысып, спиртшамның жалынында ұстау (мұғалімнің басшылығымен). Бақылаған өзгерістерін тіркеу.
  • Зерттеу нәтижесін дайын кестеге тіркеу немесе өздері таңдаған тәсілмен ұсыну.
  • Қорытынды жасау.

Ағаш жаңқасын майыстырғанда қасиеті өзгермейді, суға салғанда да суды сіңіреді, бірақ өзгермейді, кептіргенде қайтадан бастапқы қалпына келеді. Ал ағаш жаңқасын жаққан кезде өзгеріп, күлге айналады, түтін бөлініп, иіс шығарады. Заттардың басқа затқа айналғанда қасиеттерінің өзгереді.

  • Ағашты жаққан кездегі алынған заттарды қайда қолдануға болады?

  Ағашты жағу арқылы үйді жылытуға болады, шоғын тамақ пісіруге, түтінін ыстауға пайдаланады. Ағаш көмірінен сурет салатын қарындаш жасайды.

Өзіндік жұмыс

44-жұмыс парағы. «Заттар қалай басқа затқа айналады?», 46-б.

Үдерістер. Қандай үдерістің нәтижесінде жаңа зат түзіліп, қасиеті өзгеретінін, қандай үдерістен жаңа зат түзілмейтінін, қасиеті сақталатынын анықтап, сәйкес түстерге бояу. Бос ұяшықтарға жаңа зат түзілуіне өз мысалын жазу.

Жауабы:

Басқа зат түзілмейді: темірдің балқуы, мұздың еруі, судың қатуы.

Басқа затқа айналып, өзгеріске түседі: сүттің ұюы, бензиннің жануы, темірдің таттануы, өсімдіктің шіруі.

45-жұмыс парағы. Үдерістер.

Өңдеу. Жауабы:

1 – Ә, 2 – В, 3 – А, 4 – Г, 5 – Д, 6 – Б, 7 – Ғ.

Сәйкестендір. Жауабы:

Қағаз – жанады – күлге айналады.

Жұмыртқа – суда қайнайды – піскен жұмыртқаға айналады.

Күміс қасық – балқиды – балқыған металдан басқа бұйым жасауға болады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы

Мұғалім көрсетуі үшін майшам мен сіріңке шиі

 

 

 

 

Видеожазба

Үлестірме парақшалар,

ағаш жаңқасы, стақан, су, сіріңке, спиртшам, қысқыш

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

  • Мен түсіндім
  • Мен түсіндіре аламын
  • Маған көмек керек

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақ қою барысында саралау:

Бастапқы қалпына келе ме?

Заттар өзгеріске түсе ме?

Тапсырмалар бойынша саралау:

Қалай жасалады?

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

- мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- жұптық жұмыста өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары орындалады

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу