Күн мен түн неліктен алмасады? Жаратылыстану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
Жаратылыстану
3-сынып
Күн мен түн неліктен алмасады?
1.Практикалық жұмысқа нұсқаулық
Мақсаты: Жердің Күнді айналуындағы өзгерісті тәжірибе жүзінде көрсету.
- Глобустан жердің осін көрсет.
- Глобус бетіне өзің тұрған жерді белгіле.
/Оқушылар глобустан Қазақстанды тауып, стикерді жапсыру қажет/.
- Глобустан солтүстік және оңтүстік полюстерді анықтап, стикерге «С» және «О» әріптерімен белгілеп жапсыр.
- Глобусқа жарық түсір. Сұраққа жауап бер
- Қай мемлекетте күндіз? Қай жақта түн?
1-топ: Жер шары қозғалысы барысында бірнеше заңдылық туады. Нәтижесінде түрлі қозғалыстар қалыптасады. Солардың ішінде ең маңыздылары – Жердің өз осінен айналуы мен Күнді айнала орбита бойымен қозғалысы. Бұл қозғалыс ішінде Жер бір жыл ішінде Күнге бірде жақындап, бірде алыстап отырады. Жердің Күнді айналуға кеткен уақыты жыл деп аталады, міне, содан Жердің Күнді айнала қозғалысы, Жердің жылдық қозғалысы деп аталады |
2-ші топ: Жер Күнді 365 күн 6 сағатта бір айналып шығады, әр жылғы 6 сағат жинақталып, 4 жылда 24 сағат немесе 1 тәулікті құрайды. Жер Күнді 366 күнде айналса, ол жыл «кібісе жылы» деп аталады. «Кібісе жылы» ақпан айы 29 күнге толады, қалған 3 жылда ақпан айы 28 күнмен аяқталады. |
3-топ: 23 қыркүйекте жерде күн мен түн теңеледі, бұл құбылыс күзгі күн теңелу деп аталады. Екі жарты шарға күннің жарығы бірдей түссе де, Солтүстік жарты шарда күз, ал Оңтүстік жарты шарда көктем басталады. 22 желтоқсанда қысқы күн тоқырауы байқалады. Күнге жердің оңтүстік жартысы қараған уақытта, Оңтүстік жарты шарда жаз, Солтүстік жарты шарда қыс басталады. Оңтүстік жарты шарға жарық көп, Солтүстік жарты шарға жарық аз түседі. 21 наурызда жерде күн мен түн теңеледі, бұл көктемгі күн теңелу деп аталады. Экваторда түсте күн төбеде тұрады. Солтүстік жарты шарда көктем, оңтүстік жарты шарда күз түседі. |
Кесте 1
р/с | Сұрақтар | Жауаптары |
1 | Жер Күнді қанша уақытта 1 рет айналып шығады? | |
2 | «Кібісе жыл» дегеніміз не? Оның басқа жылдардан ерекшелігі неде? | |
3 | Жыл дегеніміз не? | |
4 | Жердің жылдық қозғалысы дегеніміз не? |
Кесте 2
р/с | Сұрақтар | Жауаптары |
1 | Жыл мезгілдерінің өзгеру себебі неде? | |
2 | Солтүстік жарты шарда қыс болса, Оңтүстік жарты арда қандай мезгіл болады? Неліктен? | |
3 | Оңтүстік жарты шарда күн мен түннің айырмашылығы неде? |
Кесте 3
р/с | Сұрақтар | Жауаптары |
1 | Күзгі күн теңелуі қай күнге сәйкес келеді? | |
2 | Қысқы күн тоқырауы қай күнге сәйкес келеді? | |
3 | Көктемгі күн теңелуі қай күнге сәйкес келеді? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?