Күн мен түн неліктен алмасады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Күн мен түн неліктен алмасады?
Тақырыпты оқып үйрену арқылы Жердің өз осінен айналуының салдары түсіндіріледі.
«Адасқан әріптер» тапсырмасы арқылы өткен білімдерін еске түсіріледі, қайта жаңғыртылады, сабақтың тақырыбын анықталады. /Жарық көзі деген сөз тіркесі шығады/. Сұрақтар арқылы өткен тақырыптар пысықталады.
Оқулықпен жұмысты берілген суретпен орындауға болады. Сүт төгіліп қалған қағаздағы сөздерді оқып, осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау, кұтілетін нәтижені шығаруға болады.
«Ғаламшарымыздың «құпиясы» неде?» тапсырмасын орындау үшін глобус қолдану керек. Мақсаты: Жердің өз осінен айналуын талқылау.
Оқушылар, глобустың сыртқы пішінін, түсін, мартериктер мен мұхиттардың орналасуын, т.б.атайды. Мұғалім глобусты сәл қозғалысқа келтіруді ұсынады. Жер осін көрсетеді. Ось – ойша алынған Жер шары айнала қозғаталын сызық. Жер білігін глобустан көргенімізбен, шын мәнінде жоқ. Жер осінің орбитасына көлбеу орналасуы туралы әңгімелесу жұргізіледі. Алдымен оқушылардың болжамдары тыңдалады.
Бейнежазба көрсетудің алдында оқушыларға мақсат қою қажет. Мақсат бейнежазба мазмұнына байланысты болады. Мысалы, Жердің өз осінен Күнді айнала қозғалуындағы өзгерістерді анықтау.
Практикалық жұмыс. Мақсаты: Жердің Күнді айналуындағы өзгерісті тәжірибе жүзінде көрсету.
Керекті ресурстар: жарық көзі (шам, фонарь, май шам), глобус (доп), стикер немесе жалауша.
Тапсырманы алдымен ұжыммен орындап, содан соң топтық жұмыс ретінде орындалады.
Топтарға (мүмкіндік болса, жұптарға) бір-бір глобустан таратылып беріледі. Глобустан жердің осін табады. Глобус бетіне өздері тұрған жерді белгілейді. Мысалы, оқушылар глобустан Астананы көрестіп, сол тұсқа стикер жапсыру қажет. Сондай-ақ солтүстік және оңтүстік полюстерді анықтап, стикерге «С» және «О» әріптерімен белгілеп жапсырады. Енді глобусқа жарық түсіреді. Глобус бетінен қай жерде күндіз, қай жақта түн екенін анықтайды. Оқушылардың тапсырманы дұрыс немесе бұрыс орындағандығын мұғалім ұжыммен тексереді. Оқушы жауабы қате болған жағдайда, тапсырманы дұрыс оқушы түсіндіруіне мүмкіндік беріледі, кері байланыс жасалады.
Тақырыпты түсінуін тереңдету үшін, глобуспен жұмыс істеуді жалғастыруға болады. Бірнеше елдерді нақты атап, тәулік мезгілін анықтауға тапсырма беріледі.
Топтық жұмыс «Галлерея» әдісі бойынша тексеріледі.
Ескеру: «Қорғаушы топ» өз орындарында отырып, сұраққа жауап береді, дәлелдейді. «Тыңдарман топ» «қорғаушы топтың» айналасына жиналып, тыңдайды. Бұл әдіс оқушылардың зейін қойып тыңдауына (зейін шоғырлануына) мүмкіндік береді.
Бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы жүзеге асады/.
Өздік жұмыс. Мақсаты: Жердің Күнді айналуындағы өзгерістерді анықтау, нақтылау, бекіту. Оқушыларға мәтін және кесте таратылып беріледі.
Тапсырма: берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
1-топ: Жер шары қозғалысы барысында бірнеше заңдылық туады. Нәтижесінде түрлі қозғалыстар қалыптасады. Солардың ішінде ең маңыздылары – Жердің өз осінен айналуы мен Күнді айнала орбита бойымен қозғалысы. Бұл қозғалыс ішінде Жер бір жыл ішінде Күнге бірде жақындап, бірде алыстап отырады. Жердің Күнді айналуға кеткен уақыты жыл деп аталады, міне, содан Жердің Күнді айнала қозғалысы, Жердің жылдық қозғалысы деп аталады
2-ші топ: Жер Күнді 365 күн 6 сағатта бір айналып шығады, әр жылғы 6 сағат жинақталып, 4 жылда 24 сағат немесе 1 тәулікті құрайды. Жер Күнді 366 күнде айналса, ол жыл «кібісе жылы» деп аталады. «Кібісе жылы» ақпан айы 29 күнге толады, қалған 3 жылда ақпан айы 28 күнмен аяқталады.
3-топ: 23 қыркүйекте жерде күн мен түн теңеледі, бұл құбылыскүзгі күн теңелу деп аталады. Екі жарты шарға күннің жарығы бірдей түссе де, Солтүстік жарты шарда күз, ал Оңтүстік жарты шарда көктем басталады.
22 желтоқсанда қысқы күн тоқырауы байқалады. Күнге жердің оңтүстік жартысы қараған уақытта, Оңтүстік жарты шарда жаз, Солтүстік жарты шарда қыс басталады. Оңтүстік жарты шарға жарық көп, Солтүстік жарты шарға жарық аз түседі. 21 наурызда жерде күн мен түн теңеледі, бұл көктемгі күн теңелу деп аталады. Экваторда түсте күн төбеде тұрады. Солтүстік жарты шарда көктем, оңтүстік жарты шарда күз түседі
Топтық жұмыс «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағаланады.
Тұжырым жаса. Мақсаты: Күн мен түннің ауысуы жер осіне байланыстылығын анықтау. Оқушылар тапсырма соңында күн мен түннің ауысу себебі жердің өз өсінен айналуы арқылы жүзеге асатындығы туралы қорытынды жасайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс. Мақсаты: зейінін тұрақтандыруға, өзін— өзі, өзара бағалай білуге үйрену. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң жұппен ауыстырады да, өзара «Плюс-минус» әдісі арқылы тексереді
Рефлексия. Сен бүгін не үйрендің?
Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?
Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?
Үй жұмысы: оқулық 29- беттегі мәліметті оқу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?