Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.


Бейнесюжетті мұқият тыңдап келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Қалай ойлайсыздар, неге жаңа Заңда істі сотқа жеткізбей қарауға басымдық берілді?

2. Неге жаңа Заңда соттасушы тараптардың мүддесін кез-келген адвокат қорғай алмайды деп жазылды?

3. Бейнесюжеттің мазмұнына қарап жаңа сабақтың тақырыбын атай аласыздар ма?

Сабақ тақырыбы: Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері

Сабақтың мақсаты

Оқушылар Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктерін біледі және түсінеді;

Оқушылар азаматтық ісін жүргізудің соттық талқылаудың қағидаттарын қарастыру негізінде сот ісін жүргізудің негіздері мен ерекшеліктеріне талдау жасай алады;

Құқықтық жағдайларды талдау негізінде оқушылар соттық талқылаудың жүзеге асыруын қарастырып, әрбір нақты азаматтық іс бойынша заңды шешімдер қабылдай алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот ісін жүргізудің рөлі мен маңызын көрсете алады

Бағалау критерийлері

Барлығы: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктерін біледі және түсінеді.

Көпшілігі: соттық талқылау процесінің қағидаттарын қарастыру негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот ісін жүргізудің негіздері мен ерекшеліктерін талдайды

Кейбіреулер: ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы жүйесіндегі азаматтық соттық талқылаудың рөлі мен орнын анықтайды және бағалайды, сот ісін жүргізу институтын іске асыру кезінде туындайтын түрлі құқықтық қайшылықтарды талдау дағдыларын иеленеді

Терминдер

Сотта іс қарау – судебное разбирательство, Сотта өкіл етуші – представитель в суде, Сот қаулысы – постановление суда, Сот құрамы – состав суда, Сот приставы

Сотта іс қарау - істі мәні бойынша қарауға және шешуге бағытталған бірінші сатыдағы сот пен басқа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен тұратын азаматтық процестің негізгі сатысы;

Сот төрелігі - адам мен азаматтық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы;

Сот ұйғарымы - істі мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі;

Сот шешімі - істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы

1 топ – Азаматтық іс жүргізу құқығындағы «сот ісін жүргізу» ұғымы және оның міндеттері. Соттық талқылаудағы заңдылық қағидаты

Дескриптор: оқушылар «сот ісін жүргізу» терминін және азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін зерттейді, сондай-ақ құқықтағы заңдылық қағидатының мазмұнын ашады

 

2 топ – Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы. Сот ісін жүргізудегі диспозитивтілік қағидаты

Дескриптор: студенттер сот ісін жүргізудегі диспозитивтілік қағидасының мәні мен мазмұнын зерттейді.

 

3 топ Соттық талқылаудағы тараптардың бәсекелестігімен тең құқықтылығы қағидаты

Дескриптор: студенттер сот ісін жүргізудегі тараптардың бәсекелестігі мен теңдігі принципінің мәні мен мазмұнын зерттейді.

 

4 топ – Сот талқылауының тікелейлігі қағидасы. Азаматтық сот ісін жүргізудің құқық жүйесіндегі рөлі мен орны

Дескриптор: студенттер сот ісін жүргізудегі тікелейлігі қағидасының мәні мен мазмұнын зерттейді, сонымен қатар азаматтық сот ісін жүргізудің заң жүйесіндегі рөлі мен орнын көрсетеді.

Топтық жұмыс

Топтық/ жұптық жұмыс

Сабақ барысында алынған білімге негізделе келе Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктеріне қатысты түрлі құқықтық жағдаяттарды талдап, бұған өз бағаларыңызды беріңіздер

1. Ханс Кельц Қарағанды облысының Михнево аулында құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Кельц ЖШС «Краснов и К» жүргізушісінің кінәсінен болған жол апатынан ауыр дене жарақатын алды, бұл сот үкімімен айқындалған. Кельц ЖШС-ға зардапты өтеу туралы талап арызын көрсеткен. Сот белгілеуімен өтініш қабылданбады, себебі арызданушы Германия мемлекетінің азаматы болып табылады, ал ҚР мен Германия арасында қылмыстық азаматтық істер бойынша көмек көрсету туралы келісім жоқ.

Судьяның әрекеті заңды ма?

2. Азамат, Ибраев Серік Сапарұлы әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімін құраңыздар.

3. Б. Трушина өз міндеттерін белгісіз себептермен орындамағаны үшін №58 мектеп әкімшілігімен жұмыстан шығарылды.

Жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған ол сотқа талап арызбен жүгінеді.

Қай тарап жұмыстан шығарылғандығының заңдылығын (заңсыздығын) дәлелдеуі керек?

Бұл тарап сотқа қандай дәлелдемелерді көрсетуі қажет (нақты құжаттарды көрсету)?

 

Дескриптор: топ оқушылары ҚР азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктеріне қатысты құқықтық жағдаяттарды талдап, бұған өз бағаларыңызды береді

Бүгіңгі сабақтан нені біліп түсіндім/ әлі түсінбедім?

Сабақты толық игеру үшін нені мен жасауым керек?

Қаншалықты бұл сабақ маған қызықты/ қызықты емес болды? Неліктен?

Сабақ маған қызықты әрі пайдалы болу үшін нені жасауым керек?

Кері байланыс

«Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың ерекшеліктері қандай?» атты тақырыбында мини-эссе жазу (80-100 сөз)

Үй тапсырмасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?