Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауы негіздері. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал
1-топ.Тапсырма №1. Салыстырмалы кестені толтырыңыз.
Заңды күшіне енбеген сот шешімін қайта қарауға қатысты апелляциялық сатысы | Заңды күшіне енген сот шешімін қайта қарау бойынша қадағалау сатысы | Жаңадан ашылған мән-жайларға байаланысты қылмыстық істі қайта бастау сатысы |
|
|
|
Салыстыруды мына сұрақтар бойынша жүргізіңіз:
1. Іс бойынша іс жүргізуді қайда бастаудың негіздері қандай?
2. Қайта қарауға жататын қылмыстық істер бойынша қандай сот шешімдері қайта қаралуы мүмкін?
3. Іс жүргізуді қайда бастау туралы шағымдарды, наразылықтарды қандай соттар қарайды?
4. Іс жүргізуді қайта бастаудың мерзімдері қандай?
2-топ.Тапсырма №2. Сызба құрастырыңыз. «Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту туралы мәселені шешуі»
3-топ.Тапсырма №3. ҚР ҚК мен ҚІЖК қолдана отырып есеп шығарыңыз.
Бейсенов А.Б. кешкі мезгілде Қостанай қаласының Алтынсарин көшесінде келе жатып, бір топ қыз жанынан өте бергенде, Ниязова Р.Г. деген қыздың құлақшынын басынан жұлып алып қашып кетті. Қылмыскер ұсталды. Құлақшынның құны 15 мың теңге бағаланды.
Сұрақ: аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚІЖК-сіне сәйкес қандай қылмыстық іс жүргізу сатыларын қолданасыз, іс әрекеттерді жүзеге асырыңыз.
4-топ.Тапсырма №4. Сұрақтарға жауап беру.
1. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша қандай сот шешімдері қайта қаралуға жатады?
2. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғау құқығы кімге тиесілі?
3. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қайта бастау туралы прокурордың қорытындысын қарап сот қандай қаулыларының бірін шығарады?
4. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғауға қандай себептер болады?
5. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қозғау кезінде азаматтық талап негізі қандай?
5-топ.Тапсырма №5. Жағдаят құрастырыңыз, арыз бен қаулы үлгісін толтырыңыз.
ҚР ҚК сәйкес «Жеке адамға қарсы қылмыстар», «Меншікке қарсы қылмыстар», «Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар» бойынша іс жүргізуді қарастыруда жаңадан мән-жайлар анықталды. Осының негізінде ҚР ҚІЖК бойынша мемлекеттік орган қызметкерлері атқаратын іс әрекеттерін көрсетіңіз. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық істі қайта қозғау туралы арыз және қаулы үлгісін толтырыңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
Нұрмашев Ү.Ө. «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» бойынша 294-298 бет. ҚР ҚІЖК 51тарау (471-479 баптары).
Сабақ бойынша қорытынды.
- тақырып бойынша қорытынды жасау;
- сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (10.03.2017 ж. толықтырулар мен өзгертулер).
2. Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспары.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. ҚР 03.07.2014 № 226-V Кодексімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілді).
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі. ҚР 04.07.2014 № 231-V Кодексімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілді).
6. Нұрмашев Ү.Ө. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы.- Алматы: Жеті Жарғы, 2008.- 368 бет.
7. «Что такое уголовно- процессуальное право и уголовный процесс Республики Казахстан». Учебное пособие. НИИ уголовно- процессуальных исследований и противодействия коррупции Казахского гуманитарно-юридического университета. Алматы, Жеті Жарғы- 2013 г. 44 стр.
8. Закон Республики Казахстан от 16 января 2006 г. № 121-III. О присяжных заседателях. Введен в действие с 1 января 2007 г.
9. Сборник Пстановлений Пленума Верховного Суда Казахской ССР, Пленума Верховного Суда Республики Казахстан, Нормативных Постановлений верховного Суда Респпублики Казахстан (1968-2006 гг.) алматы, 2007 г.
10. Нормативное Постановление Верховного Суда РК от 13 декаббря 2001 г.№ 19. О возвращении судами уголовных дел для дополнительного расследования.
11. Ү. Нұрмашев, Н. Апахаев. «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы», Алматы.-Жеті Жарғы. 2013 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?