С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 3 сабақ


Тапсырма №1

Блум бойынша сұрақтар арқылы шығарманы талдау.

Білу Шығарма бойынша 3 кейіпкерді сипаттаңыз.

Түсіну Бұл шығарманы жазудағы автордың мақсаты қандай болды?

Қолдану Бұл шығармадан сіз қандай сабақ алдыңыз?

Талдау Осы шығарманы өзіңіз оқыған бір шығармамен салыстырыңыз.

Жинақтау Шығарманы оқуда сізді не қызықтырды?

Бағалау Шығармаға арқау болған бір мәселені анықтай отырып, оны шешудің қолайлы жолын ұсыныңыз.

Дескриптор

• Деректерді анықтайды;

• Өз пікірін білдіреді;

• Шығарманы өмірмен байланыстырады;

• Шығарманы талдайды;

• Шығармаға баға береді.

Тапсырма №2

Шығармада көтерілген мәселенің бірін таңдап, шығармашылық жазылым жұмысын орындаңыз:

1 топ «Жасасын біздің қазақтар!» тақырыбында сатиралық өлең шумақтарын құрастыру (2-3 шумақ)

2 топ Шығарманың құндылығына баға беріп, сыни мақала жазу

3 топ Бүгінгі өмірде кездесетін жағдаятты негізге алып, әңгіме құрастыру

4 топ Кейіпкердің біріне арнап жағымпаздық өлең шумақтарын құрастыру

Сөз көлемі -70 сөз

Дескриптор

Креативті жазылым жұмысын жазады;

• Драмадағы мәселенің бірін негізге алады;

• Өзіндік көзқарасын білдіреді.

Ой толғаныс

«ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: ...»

Рефлексия

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу