С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 5 сабақ


Комедия (гр.Грек тілі κωμωδία - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнағаСахна лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлықЮмор комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі ГреқиядаГреқия (мұндай бет жоқ) шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі - Аристофан (б.з.б. 445 - 385). Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады.  

ҚазақҚазақ әдебиетінде алғашқы комедиялық шығарма Б.Майлиннің қаламынан тулы ("Шаншар молда", "Некеқияр", "Талтаңбайдың тәртібі", т б.).М.Әуезов ("Айман-Шолпан"), Ж.Шанин ("Торсықбай", "Айдарбек"), Ә.Тәжібаев ("Той боларда"), ҚМұхамеджанов ("Бөлтірік бөрік астында"), Қ.Байсейітов пен Қ Шаңғытбаев ("Беу, қыздар-ай"), ҚАманжолов ("Досымның үйленуі"), С.Балғабаев "Тойлан қайтқан қазақтар", Т.Нұрмағанбетов ("Қырманбайдың тойы"), т.б. көптеген комедиялар жазды. Бүгінде қазақ комедиясы белгілі жанрлық жүйесі бар арналы салаға айналды.

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,

Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.

Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,

Арын сатқан жағымпазды ескерер.

Дәуірдің де даңқы солар төс керер,

Оны ойласаң жанарыңа жас келер.

Кеудесінде жалғандықтың мұзы бар,

Қажет кезде мұз үстінде қызынар,

Басшы алдында жас келіндей сызылар,

Кілең табан жалағыштар — ТЖ-лар.

Оларды ертең адалдықтың тұзы ұрар.

ТЖ-ларға егер бөгет қоймасақ,

Ұлтымыздың ауа райы бұзылар.

Ей, қарт ТЖ, қамқорсынып тасыма,

Қарасаңшы сақалыңа, шашына,

Ел сенімін ақтағаның осы ма?

Атанғанша жалғандықпен ашына,

Беделіңді намысыңнан асыра,

Күлкі болдың қасың түгіл досыңа.

М.Шаханов

Автордың айтайын деген ойы қандай?

ТЖ дегендер кімдер?

Екі шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырыңыз

2- тапсырма

Комедияның жанрлық ерекшелігін анықтаңыз

Тақырыптағы өзектілік

Идеяның берілу тәсілі 

Кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы

Өмірмен байланысы

Екі шығарманы салыстырыңыз

Бағалау дескрипторы:

Шығарманың жанрын анықтайды;

Туындының жанрлық ерекшелігін талдайды;

Тақырыбын, идеясын ажыратады;

Автор қолданысын түсінеді.

Ойтолғаныс

Жағымпазға

Көресің-ау өзіңді ақылдырақ,

Қамқорсисың, әрдайым, жақынсырап.

Сипамашы арқамнан, жек көремін,

Жүрген жоқпын мен сенен ақыл сұрап.

Қу күлкіңнің мән-жөнін сезіп тұрмын,

(Жақсыменен, құдайым, кезіктіргін).

Жолыққанда көшеде кеп тұрады

Алды-артыма қарамай безіп бергім.

Түзетпеші жағамды текке менің,

Сипамашы арқамнан жек көремін.

Тітіркеніп тұрамын, қолым қышып,

Тек өзімді ақылмен шектегенім. Сайын Назарбеков

Өлеңнің бүгінгі сабақпен байланысы ?

Өлеңнің идеясы не?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу