С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: 4-тоқсан

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11L1

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Бөлім: Табиғат және адам

С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы

Оқу бағдарламасына сілтеме

11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін талдау

Оқу мақсаты

Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін талдау

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Той, үкімет, мемлекет, мансап-қызмет, ел қамы, т.б.

Алдыңғы тақырып:

Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Қызығушылықты ояту:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасы

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Ой қозғау

«ББҮ» парақшасы. Тақырып төңірегінде не білетінін не білгісі келетінін жазады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Оқу мақсатымен танысады;

Бағалау критерийлерін болжайды;

Бағалау критерийлерімен танысады.

25 минут

5 минут

Тапсырма

Білу, түсіну

«3W». Берілген сұрақтарға дәлелді түрде жауап беріп, С.Балғабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кестені толтырыңдар.

Кім

Қашан?

Қандай?

қазақтың көрнекті жазушысы, драматург

Сұлтанәлі  Балғабаев 1946 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданы, Мұстафа Шоқай ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, 1964–1966 жж. туған ауылында шопан болған. 

1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Білім және еңбек» («Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») журналында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Он жылға жуық Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған. Қазір Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алтын бесік» журналының Бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының соңғы үш құрылтайында одақтың басқарма мүшесі болып сайланған. Сонымен бірге қазір Жазушылар одағының Драматургия кеңесінің төрағасы. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық қызметте.

1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. Одан бергі уақытта оның «Алтын сағым» (1979), «Құм мен қызғалдақ», «Шөл» (1984), «Дала мен дария» (1988), «Красная гармонь» (1992), «Қазақтың қызыл кітабы» (1988) атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары жарық көрген. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша қаламгердің «Сыр мен Сарысу», «Ғажайып көктем» атты екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрген. 

С.Балғабаев 80ші жылдардан бастап драматургия жанрында жемісті еңбек етіп келеді. «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес» (Қазақстан Мәдениет министрлігінің жабық бәйгесінде жүлде алған), «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр», «Сағыныш пен елес», «Өтірік айтпайтын адам», «Әйелдер әлемі» атты пьесалары республикалық театрларда сәтті қойылып жүр. Автордың драмалық шығармалары «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз» деген атпен екі рет кітап болып жарық көрген.

Халықарлық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалдарының иегері.Дескриптор:

1.Кім екенін анықтайды

2.Қандай қызмет орындарында жүргенін анықтайды

3. Драматургия саласындағы жетістіктерін анықтайды

4. Ойын фактімен дәлелдейді

«Тойдан қайтқан қазақтар». Драма туралы қысқаша түсінікті тыңдаңдар. « Тойдан қайтқан қазақтар» сөзінің мағынасын анықтаңдар

https://www.youtube.com/watch?v=6g29SWtuDcE&t=19s

Дескриптор:

1.Драманың тақырыбы мен идеясын анықтайды

2.Тіркестің мағынасын анықтайды

Қолдану, талдау. Бірінші, екінші бөлімді мұқият оқыңдар. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

«Сұрақтар топтамасы».

Сұлтанәлі Балғабаевтың 1998 жылы М. Әуезов атындағы академиялық театрында қойылған «Тойдан қайтқан қазақтар» атты екі бөлімді, тоғыз көріністі комедиясы - қазіргі заман талабына сай заманына қарай амалын табар пенделерді, ел өмірін, бүгінгі қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туынды. Бұл пьесадағы бір ерекшелік, оқиға желісі «Қазақстан» пойызында өрбиді. Автор бұл пьесасының арнасын адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізуге бұрған. «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясында барлық қатысушылар қазіргі кезендегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез-кұлық дағдылары жинақталған жиынтық образбен көрсете білген. Пьеса тойдан қайтқан қазақтардың перронға келуінен бастау алады. Автор бірінші көріністегі: «Жасасын жақсы ағалар! Асыл ағалар жасасын! Жасасын қамқор ағалар, Бастық ағалар жасасын!» [3,123 6] деген тұсынан немесе үшінші көріністегі Қошқарбайдың: «Жасасын Мэлнс Әлібаевнч! Мэлис Әлібаевнч жасасын! Жасасын асыл ағаларымыз! Ұлы ағаларымыз жасасын!» [3,129 6] деген сөзінен жағымпаздықтың, екіжүзділіктің көзге көлгірсу, бетке жылтырау, аяқ-қолын жерге тигізбей мактау, жазылып жастық, иіліп төсек болудың үлгісін көрсетсе, екінші көріністегі бнлетсіз жолаушының: «Қарағым-ау, окудағы балама барып... қазіргі кезде бала оқьпу деген... Бүрын тек окуғатүсерде ғана беретін едік... енді ай сайын... сессия сайын... Біресе ақша сүрайды... Біресе соғым сүрайды... Тіпті күріш, консерві сүрайтындары да бар» [3, 126 б] деген сөзінен қазіргі замандағы парақорлықтың белең алып баражатқанын да әсерлі етіп суреттеген. Драматург пьесадағы әрекеттерді заман талабына сай өрбітеді. Композидиялық қүрылысы жағынан драманың дамуы пойыздың бастығы мен жолсерік келіншектің Мэлис Әлібаевичке арақ беріп, мае қылатын кезіне сәйкес келеді. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы арқылы Сүлтанәлі Балғабаев қазіргі қоғамда, үкімет органдарында екіжүзді, жағымпаз адамдардың пайда бола бастағанын, қоғамдық халыққа қызмет көрсету орындарында парақорлықтың көбейіп келе жатқандығын, халық арасында әлі күнге дейін рушылдықтың қалдықтары бар екенін қозғаған.

Дескриптор:

1.Драма қалай суреттелген?

2. Драмадағы кейіпкерлерді сипаттап бер

3. Драманың өзектілігі неде?

4. Парақорлықты қалай суреттейді?

5. Драмадан қай кезеңнің иісі байқалады?

Драманы оқып, тыңдағаннан кейін, мәтінмен жұмыс жүргізіп, әдеби диалог-журнал арқылы оқушы пікірін тұжырымдап, жинақтап жазу.

Журналдың 1-беті:

Жазушымен сырласу

Журналдың 2-беті:

Кейіпкерлермен тілдесу

Журналдың 3-беті:

Ой-толғаныс, пікір жиынтығы

Жинақтау, бағалау. Шығарманың драма екенін дәлелдеңдер. Ойларыңды «Төрт сөйлем» әдісімен қорытындылаңдар.

Дескриптор.

1.Драмаға қысқаша анықтама береді;

2. Жанрлық ерекшеліктерін талдайды;

3. Әдеби-журнал кестесін жүргізеді;

4. Ойын 4 сөйлеммен дәлелдейді.

Кері байланыс әрі ойын түрінде

Әр топ оқушылары өздері айтқан ақпараттар негізінде қалған топтарға сұрақ қояды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Жеңімпаз топ анықталады.

Презентация

https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1385

https://www.youtube.com/watch?v=6g29SWtuDcE&t=19s

Үйге тапсырма:

Осы драманың әр бөліміне сәйкес мақал-мәтел табыңыз.

Сабақтың аяғы

5 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

«Бүгін мен...................... білдім»

«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды.»

« ......................... екенін түсіндім»

«Мен..................................... білім алдым.»

«.................. мені таң қалдырды.»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу