С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 11 сынып

Бөлім: Табиғат және адам

Сабақтың тақырыбы

С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясы

Оқу мақсаттары

11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау;

 Сабақтың мақсаты

Шығарманың ерекшелігін ажыратып,

өзге жанрлармен салыстырады.

 Бағалау критерийлері

Жанрлық ерекшелікті анықтайды;

Шығарманы өзге жанрлармен салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін…

 Пәнаралық байланыс

Жануартану

 Алдыңғы білім

Қ.Мырзалиев шығармашылығы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау)

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

4 минут

ІІ.Қызығушылықты ояту

Комедия (гр. κωμωδία - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Греқияда шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі - Аристофан (б.з.б. 445 - 385). Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады.  Қазақ әдебиетінде алғашқы комедиялық шығарма Б.Майлиннің қаламынан тулы ("Шаншар молда", "Некеқияр", "Талтаңбайдың тәртібі", т б.).М.Әуезов ("Айман-Шолпан"), Ж.Шанин ("Торсықбай", "Айдарбек"), Ә.Тәжібаев ("Той боларда"), ҚМұхамеджанов ("Бөлтірік бөрік астында"), Қ.Байсейітов пен Қ Шаңғытбаев ("Беу, қыздар-ай"), ҚАманжолов ("Досымның үйленуі"), С.Балғабаев "Тойлан қайтқан қазақтар", Т.Нұрмағанбетов ("Қырманбайдың тойы"), т.б. көптеген комедиялар жазды. Бүгінде қазақ комедиясы белгілі жанрлық жүйесі бар арналы салаға айналды.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%8F

Мақсат қою

3 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.

Жаңа материалды игеру

3 минут

10 минут

15 минут

5 минут

ІІІ. Мағынаны тану

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,Арын сатқан жағымпазды ескерер.Дәуірдің де даңқы солар төс керер,Оны ойласаң жанарыңа жас келер.Кеудесінде жалғандықтың мұзы бар,Қажет кезде мұз үстінде қызынар,Басшы алдында жас келіндей сызылар,Кілең табан жалағыштар — ТЖ-лар.Оларды ертең адалдықтың тұзы ұрар.ТЖ-ларға егер бөгет қоймасақ,Ұлтымыздың ауа райы бұзылар.Ей, қарт ТЖ, қамқорсынып тасыма,Қарасаңшы сақалыңа, шашына,Ел сенімін ақтағаның осы ма?Атанғанша жалғандықпен ашына,Беделіңді намысыңнан асыра,Күлкі болдың қасың түгіл досыңа. М.Шаханов

  • Автордың айтайын деген ойы қандай?
  • ТЖ дегендер кімдер?

Оқушылар пікірі сұралады.

1-тапсырма Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

Оқушыларға салыстыру мақсатында өткен сабақта үйй тапсырмасына А.Чеховтың «Хамелеон» әңгімесі берілген.

Екі шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырады.

Проза

Драма

жанры

жанры

Тақырыбы

Тақырыбы

Идеясы

Идеясы

Формасы

Формасы

Автор қолданысы

Автор қолданысы

2- тапсырма

Комедияның жанрлық ерекшелігін ажыратады.

Тақырыптағы өзектілік

Идеяның берілу тәсілі 

Кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы

Өмірмен байланысы

Екі шығарманы салыстырады.

Бағалау дескрипторы:

Шығарманың жанрын анықтайды;

Туындының жанрлық ерекшелігін талдайды;

Тақырыбын, идеясын ажыратады;

Автор қолданысын түсінеді.

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Ойтолғаныс

Жағымпазға

Сайын Назарбеков

Көресің-ау өзіңді ақылдырақ,Қамқорсисың, әрдайым, жақынсырап.Сипамашы арқамнан, жек көремін,Жүрген жоқпын мен сенен ақыл сұрап.Қу күлкіңнің мән-жөнін сезіп тұрмын,(Жақсыменен, құдайым, кезіктіргін).Жолыққанда көшеде кеп тұрадыАлды-артыма қарамай безіп бергім.Түзетпеші жағамды текке менің,Сипамашы арқамнан жек көремін.Тітіркеніп тұрамын, қолым қышып,Тек өзімді ақылмен шектегенім.

  • Өлеңнің бүгінгі сабақпен байланысы ?
  • Өлеңнің идеясы не?

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

Кейіпкерге хат жазу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу