С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ


САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні:

СЫНЫП: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Бөлім: Табиғат және адам

Сабақтың тақырыбы: С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы

Сабақтың оқу мақсаттары

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

 Сабақтың мақсаттары

С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасындағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан эссе, әңгіме, өлең, шығарма жазады.

 Бағалау критерийлері

  • көтерілген мәселені анықтайды;
  • өзіндік пікір, көзқарасын білдіреді;
  • эссе, әңгіме, өлең, шығарма жаза алады

Пәнаралық байланыс

адам және қоғам

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексикология мен терминология: табиғат, экология, апат, зиян

Диалог пен айтылымға арналған тіркестер:

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Алдыңғы білім

С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясы

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

5 минут

Топтарға бөліну жүргізіледі: Эссе тобы, Әңгіме тобы, Өлең тобы, Шығарма тобы

Тапсырма №1. «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы оқушылар шығармада көтерілген мәселеге көзқарас таныту үшін бірнеше сауалдар қойылады:

  • Шығармадағы пойыз жолаушыларының әрекетінен қандай өзекті мәселені

аңғара алдыңыз?

  • Мэлис Әлібаевич бейнесі арқылы жазушы қандай өзекті мәселені тілге тиек

етпекші болды?

Оқушылардан неге осы сауалдардың қойылуы туралы сұралып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Бағалау критерийлері белгіленеді.

20 минут

10 минут

5 минут

Тапсырма №2. Топтық тапсырма беріледі. Әр топқа шығармадағы көтерілген мәселеге көзқарас таныта отырып, түрлі жанрда тапсырмалар орындау тапсырмасы беріледі.

  • Эссе тобының тапсырмасы

Комедиялық туындыдағы қазіргі заман талабына сай заманына қарай амалын табар пенделерді, ел өмірін, бүгінгі қоғам мәселесіне өзіндік көзқарас таныта отырып, «Жағымпаздықтың қыры мен сыры» тақырыбында эссе жазыңыздар.

  • Шығарма тобының тапсырмасы

Комедиялық туындыда көтерілген жағымпаздықтың, екіжүзділіктің көзге көлгірсу, бетке жылтырау, аяқ-қолын жерге тигізбей мақтау мәселесіне өзіндік көзқарас таныта отырып, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» тақырыбында шығарма жазыңыздар.

  • Өлең тобының тапсырмасы

Автор бірінші көріністегі:

«Жасасын жақсы ағалар!

Асыл ағалар жасасын!

Жасасын қамқор ағалар,

Бастық ағалар жасасын!» деген тұсынан немесе үшінші көріністегі Қошқарбайдың: «Жасасын Мэлис Әлібаевич! Мэлис Әлібаевич жасасын! Жасасын асыл ағаларымыз! Ұлы ағаларымыз жасасын!» деген мәселеге көзқарас таныта отырып, «Жағымпаздық - бұл заманда басты өнер» тақырыбында өлең жазыңыздар.

  • Әңгіме тобының тапсырмасы

Комедиялық туындыдағы жазылып жастық, иіліп төсек болу сынды жағымпаздықтың түрлі үлгісіне өзіндік көзқарас таныта отырып, жағымпаздық пен парақорлықтан арылған мекеннің оқиғасын сюжеттік әңгімеге желісі арқылы жеткізіңіздер.

Дескрипторларға сай топтық бағалау жүргізіледі:

  • көтерілген мәселені анықтайды;
  • өзіндік пікір, көзқарасын білдіреді;
  • эссе, әңгіме, өлең, шығарма жаза алады;
  • құрылымдық және стильдік ерекшелікті ескереді.

Тапсырма №3. «Серпілген сауал» әдісі арқылы шығармада көтерілген мәселелерді талқылауға бағытталған өзара сауалдармен алмасады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі.

Сабақ бойынша кері байланыс алынады

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу